Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет44/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122

адам  көркі  шүберек»  деген  нақыл  сөзде,  адам  меп  ағашты  бірдей  тіршілік 
ететін табиғат деп қараудан туған. 
Көшпелі  елдің  өмірі  бөлек-салақ,  күнделікті  тұрмысқа  қажеті  жоқ 
артық заттардан аулақ болуды талап етеді. Керегі жоқ болса, ағашты кеспеу, 
шөпті  шаппау,  бүлдірмеу,  жемейтін  болсаң  жемісті  үзбеу  сияқты  толып 
жатқан «обалға» барып тірелетін өсиет кеңінен таралғанын да білеміз.Орман-
тоғай  арасынан  қазақ  шаруалары  қажеті  үшін  жеміс  беретін  ағашты  әсте 
кеспеген. Жерімізде бар табиғат байлықтарының кейбірінің осы күндері аса 
мол болуы, біздерден бұрын осы жерді мекендсген адамдар еңбегінің жемісі. 
Әрбір  ұрпақ  өзінен  бұрын  өмір  сүрген  ұрпаққа  сын  көзімен  қарайтыны, 
басым  болады.  Ол  да  зандылық.  Ондағы  мақсат  –  өткен  қателікті 
қайталамау.Қазақ  халқының  суды  қадірлемеу,  қорламау  жөнінде  де  неше 
түрлі  аталы  сөздер  естиміз.  Талшыбықты  ат  қып  мініп  ойнап  жүрген 
балаларға  ата-анасы,  үлкендер  «суды  сабама»,  «бұлақты  лайлама»,  «көң-
қоқырды су басынан аулақ төк», «суды сапырма» деп жасынан үйретеді. Осы 
сөздерден  тегінде  су  тазалығын  сақтауға  қаншама  мән  берілгендігін 
көреміз.Суды  ылайламау,  суды  сабаламау,  былғамау,  әрбір  дала  тұрғының 
тікелей  борышына айналған.  Мұның  өзі  тек  судың  ғана  қамы  емсс,  ондағы 
балықтардың,  су  бойын  мекендеген  құстардың  қамы.  Соларға  тыныштық, 
өрісті  өмір  жайлы  тіршілік  тілегінен  туған  дәстүрлі  сөздер. 
Казақ  ауылдары  құдық,  бұлақ  суларының  тазалығына  қатты  көңіл  бөлген. 
Қыстау,  көктеу  не  жайлау  мен  күзеуде  құдық  болса  ел  көшкенде  шегендеп 
кетіп, көшіп келгенде аршып отырған. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын 
таза  ұстап,  оның  көзін  жыл  сайын  балдыр-батпақтан  тазалап,  су  көзінің 
бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған. 
Қазақ  елі  қанша  жасампаз  болса,  ол  соншама  өзгертуші  де.  Ғасырлар 
қатарында  жатқан  жер-өлкелер  тарихына  қарап,  ежелгі  географияларға  зер 
салсақ, бір кездс жайқалып жатқан талай-талай арналы өзен, өлкелі сулардың 
жоқ  болып  ксткенін  көреміз.  Ал  ежелден  малшы  жүрт  көшіп,-қонып, 
қоныстап  жүрген  жерлердегі  кішкентай  бұлақтар  мен  су  көздерінің  сол 
ғасырлар бойы сақталып келе жатқанынына да куә боламыз. Мұнын себебі, 
қамқорлық жасамаса тозбайтын дүние жоқ. Тек адам ойы өзгерместен өмір 
кеше  береді.Жолаушы  қазақ  ат  шалдырған  жерінде  кездестірген  кішкентай 
тұнбаның  көзін  көрсе  жарықтықай»  деп,  алақаны  мен,  не  тастың 
жарқашымен  болса  да  аршып,  көзін  кеңейтіп  кетеді.  Аға  алмай  жатқан 
туманның көзін ашып кеңейтіп қайда жүрсе өзіне борыш санайды. Мысалы, 
мал  баққан  елдің  ежелгі  және  қазіргі  мекендерін  аралап  жүрсеңіз  осындай 
оқиғаларға байланысты қойылған жер-су аттарын жиі кездестіреміз. Арқада 
Құланбұлақ, Айнабұлақ, Құлан өтпес, «Май-құдық т.б. су аттары, Жидебай, 
Көкен  т.б.  Жер  аттары  санай  берсек  толып  жатыр.  Осының  бәрінің  де 
қызықты өз тарихытәлім-тәрбиелік мәні  бар.Қазақ  халқы  суды  қадірлеумен 
қатар  оны  жалпы  халыққа,  тіршілікке,  орман-тоғай  өсімдіктер  дүниесіне 
ортақ  тіршілік  беруші  деп  қараған.  Су  бермеу,  судан  тарықтыру  ең  үлкен 
қылмыс  саналған.  Сол  үшін  атам  заманнан  бері  қазақ  үйіндегі  су,  қымыз, 
айран-шалап, кеже, сүт сияқты сусында 
96 
 


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНДЕ ЕРТЕГІЛЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ 
МАҢЫЗЫ 
 
Касенова Самал Абилжанатовна 
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Инновациялық 
технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту 
әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор 
 
Тәуелсіз  қазақ  елі  бүгінгі  таңда  саяси-экономикалық,  әлеуметтік 
жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда. Заман өзгерістеріне сәйкес 
халыққа білім беру жүйесі де жаңдануда. Білім беруді қоғам талабына сәйкес 
қайта  құру,  оқыту  мен  тәрбиелеу  мазмұнын  жаңартуда  көптеген  жұмыстар 
жүргізіліп,  жас  ұрпаққа  жаңа  оқу  құралдары,  әдістемелік  құралдары 
жасалып,  мектеп  қабырғаларында  енгізілді.  Мұндағы  алға  қойылған  басты 
мақсат  –  болашақта  жан-жақты  дамыған,  білімді,  сауатты,  өнегелі  тұлға 
қалыптастыру. 
Бұл 
мәселелер 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясында  [1],  «Тіл  туралы»  заңында  [2],  Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы»  Заңдарында [3] нақты көрсетілген. 
Қазіргі  таңда  жас  ұрпақты  өз  ана  тілінде  оқытып,  тәрбиелеп,  білім 
беруде ұлттық әдеби мұраларымызды танып білуге, сол арқылы сусындауға 
мол  мүмкіндік  туғызуда.  Сондықтан  да  оқушылардың  елін,  жерін  сүйетін, 
отаншыл, адамгершілік қасиеті мол, білімді, ана тілін, ата-баба салт-дәстүрін 
бойыңа  сіңірген,  оны  қастерлей  білетін  тұлға  етіп  қалыптастыруда  халық 
ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. 
Оқушыларды  адамгершілікке  тәрбиелеуде  қазақ  халық  ауызекі 
шығармашылығы,  соның  ішінде  ертегілер  ерекше  орын  алады.  Ертегі  деп 
баяғы  замандағы  елдің  дүниеге  көзқарасын  білдіретін,  халықтың  салтын 
көрсететін,  арнаулы  үлгі  айтатын,  жамандықтан  жирендіріп,  жақсылықты 
асырып айтқан, ойдан  шығарылған көтерме әңгімені айтады. Ертегінің бала 
тілін,  ой-өрісін,  қиялын  дамытудағы  рөлі  зор.  Ертегі  құрылымын,  оның 
тілінің  ерекшелігін  сезіне  отырып  ондағы  әрқилы  оқиғаларды, 
кейіпкерлердің  мінез-құлықтарын,  іс-әрекеттерін  өз  қиялдарында  өрбітеді. 
Бала  ертегі  оқиғасын  қиялында  көркемдеу  үшін  кейіпкерлердің  іс-әрекеті, 
мінез-құлқына, қарым-қатынасына еліктейді, жағымды кейіпкерлердің жақсы 
қылықтарын қайталайды, үйренеді. Оларда халықтың тыныс-тірішілігі, әдет-
ғұрыптары  мен  дәстүрлері,  бақыт  жолындағы  күресі,  адамдардың  өзара 
қарым-қатынастары  мен  мінез-құлықтары,  қазақ  халқының  ең  жақсы 
адамгершілік қасиеттері – еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанына, туып-өскен 
табиғатқа және т.б. деген сүйіспеншілігі бейнеленген.  
Қазақ    ертегілерін    зерттеуге     әдебиеттанушылар,    фольклористтер 
(М.Әуезов,  М.Ғабдуллин,  Ә.Қоңыратбаев,  С.Садырбаев,  С.Қасқабасов,т.б.) 
елеулі  үлес  қосты.  Мәселен,  Мұхтар  Әуезов  ертегілер  мен  аңыздарға  терең 
зерттеу  жүргізе  отырып,  «...ертегі  деп  баяғы  замандағы  елдің  дүниеге 
көзқарасын  білдіретін,  я  сол  көзқарастың  белгілі  ізін  көрсететін,  онан  соң 
97 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау