Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет37/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122

жақсы  баға  алу  үшін  не  істеу  керек  деген  талдау  жүргізілмегендіктен, 
оқушылар  үнсіз  кете  беретін.  Ал,  жаңаша  оқыту  әдісінде  оқушыларды 
бағалауға  көбірек  көңіл  бөлуге  тырыстым.  Оқушының  өзін-өзі  бағалауын 
ұйымдастырдым.  Себебі,  бала  алдымен  өзіне-өзі  баға  беріп  үйренуі  керек. 
Алдымен  «Өзін-өзі  бағалау»  тестін  жүргіздім.  Сыныптағы  14  оқушының 
біреуі ғана өзін-өзі жоғары бағалайтыны, өзіне сенімді екені анықталды. 
Оларды  психологиялық  тұрғыдан  дайындадым.  Сыныпқа  көп 
уақытымды  арнадым.  Ал  сабақтарда  оқушылар  өзін-өзі  бағалауда 
қиналғандары байқалды. Менің қуанғаным, олар өздері туралы көп ойланды, 
өздерінің  іс-әрекеттеріне  есеп  бере  алды,  яғни  бұл  жерде  өзін-өзі  реттеу 
әрекеті де  көрініп жатты.  Өзін-өзі  реттеу  әдісі  оқушылардың өздері  топтық 
ереже құрып, оны бұзбауға әрекет еткендерінен, белсенділіктерінен, сабақтан 
жиі  қалатын  оқушының  да  мектепке  тартылғанынан,  «үнсіз»  оқушының 
сөйлегенінен , топтағы өздерінің рөлдерін жауапкершілікпен орындағанынан 
көрініп жатты. 
Әр  сабақтарымда  сандық  технологияны  және  оқушылардың 
қызығушылықтарын  арттырудағы  басты  құрал  болып  табылатын  АКТ  –ны 
қолдануды  әр  сабағымда  ескердім.  Алғашқы  сабағымды  Блум 
таксономиясына  негіздей  отырып,  презентация  түрінде  өткіздім.  Кейінгі 
сабақтарымда  да  семантикалық  карта  толтыру,  9  ромб,  балық  қаңқасы, 
крестіктер мен нөлдіктер, қораптағы сұрақ, ақпараттағы ақаулық, конверттегі 
сұрақтар,  блум  түймедағы,  сюжеттік  таблица,бесжолды  өлең,  т.б.  әдістерін 
қолдандым.  
Мәселен, 5 жолды өлең, реферат жазу, эссе жазу, өлең құрастыру, т.б. 
Шығармашылық  тапсырмаларды  сыныпқа  жаппай  бере  отырып,  әр  топтан 
тек  қабілетті  оқушылар  орындап  отырды.  Бұл  дарынды  оқушыны  анықтап 
алу  үшін  оңтайлы  болды.  Тапсырманы  жеке  орындаған  оқушы  да  өз 
жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылғандары. Бұл 
жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады. Оқушылар топқа 
әр  түрлі  тренингтер  арқылы  бөлінген  кезде  ешқандай  қарсылық  білдірмей, 
бірден  іске  кірісіп  кетіп  жатады.  Бір-біріне  деген  жанашырлықтары,  өзара 
татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды. 
Жаңартылған  бағдарламаның  әдіс  тәсілдерін  қолдана отырып,  өзімнің 
де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта 
түсті. Әріптестерім де менің жаңалығыма қызығушылық танытты.  
  
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ 
 
Қожахмет Сауле Ахметқалиқызы 
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,Д. Қонаев атындағы орта мектеп 
Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы 
E-mail:  s_s_1967@inbox.ru 
 
  
«Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-
өніп  түрлене  беретін,  мәңгі  құламайтын  бәйтерегі»,  -  деп  Жүсіпбек 
82 
 


Аймауытов  айтқандай,  елін,  жерін  сүйген  әрбір  азаматтың  көкірегінде  ана 
тіліне  деген  сүйіспеншілігінің  мақтаныш  сезімі  болуы  керек.  Себебі,  қазақ 
тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 
      
Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы –оның ана тілі. Тіл-халықпен 
бірге  өмір  сүріп  дамиды,  әр  ұлттың  тілі  –  оның  бақыты  мен  тірегі.  Әр 
нәрсенің  түп-тамыры  болатыны  сияқты,  ана  тіліміздің  де  түп-тамыры  бар. 
Заңғар  жазушы  Шыңғыс  Айтматов:  «Өскелең  ұрпақ  тілімізбен  бірге  өсіп-
өнеді, тілімізбен бірге өркендейді» деген. 
      
Қай елдің болсын өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ана 
тіліне  тікелей  әсер  етеді.  Қазіргі  таңда  қай  сала  болмасын,  реформаның  ең 
басты мақсаты – ой-өрісі жаңаша, мемлекеттік тілді жақсы деңгейде меңгере 
алатын маман болу.  
    
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  халықтың  болашағы  туралы  тереңнен  толғай 
отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар 
ана  тіліміздің  болашағы  »  деген  болатын.  Демек  тіл  саясаты-  мемлекеттік 
саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық, саяси ахуалдың 
қалыптылы-ғын қамтамасыз ететін ықпалды күш. 
    
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың 
барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-
қағаздары  мен  құжаттар  мемлекеттік  тілде  болуы  тиіс.Өйткені,  өркениетке 
құлаш  ұратын  елдің  өрісі  қашанда  білікті  де  саналы  ұрпақпен  кеңеймек. 
Әлемдегі  мүйізі  қарағайдай  елдердің  санатына  енуді  көздеген  халықтың 
басты мақсаты -  сауатты ұрпақ тәрбиелеу.Ол дегеніміз, өз ана тілінде еркін 
сөйлей  алатын,  оны  терең  меңгерген  ұрпақ.  Ал  өз  ана  тілін  жақсы 
білмейінше,  сауатты  сөйлейтін,  сауатты  жазатын,  тіл  байлығын  мол 
қолданбайынша,  шын  мәніндегі  мәдениетті  адам  бола  алмайсың.    Осы 
дәрежеге  жету  үшін  жас  ұрпаққа  халқымыздың  тереңде  жатқан  тегі  мен 
болмысындағы  мәйегі  мен  негізі  не  екенін  түсіндіруіміз  керек.  Сонда  ғана 
саналы  жанға,  сонау  көне  дәуірдегі  «Күлтегіннің  тасында»  жазылған  «... 
Биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда... Түркі халқының ел-жұрты 
қалыптасқан» дейтін өсиет сөздің жайдан-жай айтыла салмағанын түсінеміз. 
Өткен  тарихтың  тылсымына  үңіле  түсіп,  көнеден  келе  жатқан  ұлттық 
құндылықтарымызды    ұғындырамыз.  Сондай  құндылықтарымыздың  бірі  – 
ана тілі. 
      
Халқымыз  «Өнер  алды-қызыл  тіл»  деп  ұрпағына  өсиет  қалдырғанда, 
бар  өнердің  қайнары  тілде  екенін  айтқан  ғой.  Шындығына  келсек,  бүгінге 
дейін ана тілін тек қатынас құралы ретінде біржақты  бағалап келдік. Бұл  – 
қате пікір. 
     
Негізінде,  тіл    жай  ғана  қатынас  құралы      емес,  ата-баба  зердесімен 
байланыстыратын  қатынас  құралы.  Екіншіден,  халықтың  менталитеті,  ділі 
тек  ана тілі арқылы беріледі. Тілі бұзылған халықтың менталитеті де, рухы 
да  жойылады.  Үшіншіден,  ана  тілін  білмеген  адамнан    кемеңгер  Абай 
түсіндірген    «мүттағала»  қашады  екен.  Бесіншіден,ана  тілін  білмеген  адам 
халықтың  рухани  байлығын  жасай  алмайды.  Алтыншыдан,  имандылық,  ар, 
ұят  та  тілден  пайда  болады.  Жетіншіден,  адам  бойындағы  таным  мен 
83 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау