Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет38/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   122

талғамды  да  тіл  қалыптастырады.  Сегізіншіден,  мейірім,  рақым  дейтін 
қасиеттерді де ана тілі сіңіреді. 
     
Қандай  адам  болмасын,  ой-өрісінің,  білімінің,  мәдениеті  мен  рухани 
дүниесінің  қаншалықты  екені  оның  жазған  жазуынан,  сөйлеген  сөзінен 
байқалып тұрады. «Кісіге қарап сөз алма, Сөзіне қарап кісіні ал», - деп ұлы 
Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, 
күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді 
қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін 
қатар  ұстап,  екеуін  бірге  әлпештеп,  қамқор  болса,  ана  тіліне  деген 
сүйіспеншілігі де арта түсері даусыз. 
      
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудегі құндылықтың бірі – сапалы білім 
беру. Әрбір тарихи дәуірге көз салсақ, білім беру айрықша орын алған. Әрбір 
мемлекетте  болып  жатқан  елеулі  өзгерістер  өзінің  ішкі  заңдылықтары  мен 
әлеуметтік  қажеттіліктің  өзгеруіне  сәйкес  білім  беру  жүйесі  де  өзгеріске 
ұшырап  отырған.  Ұлттық  тәрбиеде  білім  адамның  өзінің  ішкі  әлемін 
түсінуге,  оның  рухани  әлемін  дамытуға,  қоғамда    өзіндік  орнын  табуға 
әрекеттенудің көзі ретінде қарастырылған. Мәселен, «Білімдіге дүние жарық, 
білімсіздің  күні  кәріп»,  «Жеті  жұрттың  тілін  біл,  жеті  түрлі  ілім  біл»  т.б. 
мақал-мәтелдерден  білімнің    адамды  толық  тұлға  дәрежесіне  жеткізетінін 
аңғаруға болады.  
      
Білімнің  өзіндік  беделінің  көтерілуі,  адамдардың  білімді  бағалай 
бастауы,  қоғамдық санада   білімді  адамдардың   бедел  деңгейінің  көтеріліп, 
қайта  жаңғыруы  бүгінгі  қоғамның  өмір  шындығына  айналып  отыр.  Бұған 
дәлел –жаңартылған білім беру бағдарламаларының енгізілуі. 
      
Осы  орайда  Елбасының  Жолдауындағы  «Бұл  бағдарламаның  түпкі 
мақсаты  –  еліміздің  тәуелсіздігін  баянды  ету,  қазақтың  ұлт  болып 
өркендеуіне  жол  ашу,  оның  тілі  мен  мәдениетінің  кең  құлаш  жаюына 
мүмкіндік  туғызу»  дегені  қазіргі  жастарды  ұлттық  негізде  тәрбиелеуге  тіл 
мен мәдениеттің  ерекше орны бар екендігін меңзейді. Әрбір жас ұрпақ өзінің 
ұлттық тілі арқылы  өзінің туған халқының түлегі екендігін терең сезінумен 
қатар,  өз  Отанының  азаматы  екенін  саналы  түсінумен  бірге,  әлемдік 
өркениеттің  субьектісі  болатынын  да  саналы  бағалайды.  Сонымен  бірге, 
Елбасы  елімізде  барлық  дамыған  елдердегідей  сапалы  бірегей  білім  беру 
жүйесін  қалыптастыруды  ұсынып  отыр.  «Ұлттық  білім  берудің  барлық 
буынының  сапасын  жақсарту.  Орта  білім  жүйесіндегі  білім  беретін 
мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу 
керек.  Мектеп  түлектері  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  жетік  білуі  тиіс. 
Тілдерді оқыту нәтижесі бойынша оқушылар сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс 
пен ақпаратты терең талдау машығын игерулері қажет»,-  деп атап көрсеткен.  
     
Жаңа  білім  мазмұнында  ұлттық  дәстүр  мен  жалпы  адамзаттық 
құндылықтардың  бір-бірімен  түйісіп,  өзара  сабақтасып  берілуі  де  маңызды 
талаптардың  бірінен  саналады.  Олай  болса,  тілді  оқытуды  баланың  қарым-
қатынас  жүйесіндегі  сөз  әдебімен,  жазба  тіл  мәдениетімен,  шешендікпен, 
пікірталас  мәдениетімен  орайластырудың  негізінде  жас  ұрпақтың  бойына 
халықтық  салт-сана  мен  жаңа  деңгейдегі  мәдени  талаптарды  қатар  сіңіру, 
84 
 


олардың  тілдік  талғамын  қалыптастыруды  уақыттың  бүгінгі  талаптарымен 
үндестіру,  ізгілендіру  тамырластығын  түсіндіру  арқылы  да  қазақ  тілінің 
қоғамдық-әлеуметтік  маңызына  көз  жеткізіледі.  Соның  нәтижесінде 
оқушының өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі. Міне, осы 
қағидаларды топтастыра отырып, 10,11-сыныптардағы қазақ тілін оқытудың 
мақсаты – ана тілінің тарихы мен бүгіні шешендік өнердің  алуан сипаттары  
туралы  мағлұмат  негізінде  оқушылардың  сөз  мәдениетін  жетілдіру,  тілді 
әлеуметтік қызметіне сай жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілетін 
арттыру  болып  айқындалады.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру    барысында  
интерактивті  әдістер  арқылы  қол  жеткізуге  болады.  Ондай  әдістерге:  миға 
шабуыл,    дебат,  пікірталас,  дилог,  т.б.  жатады.  Диалогтік  сөйлеуде  
оқушылар  өз  ойын  тез  жинақтап,  екінші  бір  адамдармен  пікір  алмасып,  ой 
қорыту  жылдамдығын  арттыруға  үйренеді.  Бір-біріне  сұрақ  қоюға  төселеді. 
Сол арқылы адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан ғана  емес, қай нәрсеге 
сұрақты қалай қоя білуіне де байланысты пайымдайды. Адамның белгілі бір 
нәрсеге,  мәселе  жөнінде  сұрақ  қоя  алуы  –  ойлаудың  алғашқы  баспалдағы, 
сұрақ қоя білу – сол мәселені шешудің кілті. Сұрақ – қиялдаудың  ең жоғарғы 
қасиеті. 
     
Диалогтік сөйлеудің тағы бір артықшылығы – оған бүкіл топ оқушылар 
куә болғандықтан, бала өзінің әр сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады. 
Қандай  мәселе  төңірегінде  болмасын  бұл  жарыс  оның  есінде  сақталады. 
Оқушылардың    бірі  басым  түсуі,  екіншісі  жеңілуі  де  мүмкін.  Жеңілген 
оқушы қатесін түсініп, оны толықтыруға үйренеді, әрі өзін-өзі сынай білуге, 
сынды қабылдауға үйренеді. Қазақ тілінің негізгі өзекті мәселелерінің бірі – 
оқушының  өзіндік  көзқарасына  негізделген  болғандықтан  сөйлеу  тілін 
дамыту болғандықтан, олардың тіл мәдениетін арттырудың  бір тиісті жолы – 
белгілі  бір  тақырып  төңірегіндегі  өзара  сынға  арналған  пікір  алысуды 
ұйымдастыру. 
    
Заманауи  мектептердің  мақсаты  –  жоғары  білімді,  шығармашыл 
адамның  үйлесімді  тұлғаланып,    дамуы  үшін  қолайлы  білім  беру  кеңістігін 
жасау.  Өз  білімінің  нәтижесінде  оқушы  бойында  сын  тұрғысынан  ойлау, 
білімін  шығармашылықпен  пайдалана  білу,  зерттеушілік  дағдылары,  АКТ 
дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған 
міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдыларын  қалыптастырады. 
Мектеп  бағдарламасындағы  кіріктірілген  пәндерді  енгізуоқушының  жалпы 
дамуына  және  тақырыпты  сабақта  тереңірек  зерттеп,  әлем  туралы  тұтас 
ұғымының  қалыптасуына  септігін  тигізеді.  Дамыған  елдердің  білім  беру 
жүйесінде  кездесіп  отырған    мынадай  тенденцияларды  байқауға  болады: 
білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын 
құру  әдістерінің  өзгеруі,  білім  беру  жүйесінде  жетілдірілген  модельдердің 
жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы, жаңа 
білім  технологияларының  енгізілуі,  оқушылардың  танымдық  белсенділігі 
мен  өзіндік  ойлауын  қамтамасыз  ететін  дамытушы,  сындарлы  білім  беру 
моделіне  көшу,  терең  және  белсенді  кәсіби  бағдар  берудің  ерте  жастан 
басталуы,  ұрпаққа  азаматтық-  патриоттық,  рухани-адамгершілік,  денсаулық 
85 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау