Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»


ЖАҢА  БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА  БАСТАР  ТУРА  ЖОЛ



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет31/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   122

ЖАҢА  БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА  БАСТАР  ТУРА  ЖОЛ 
 
Асанова Гүлнар Сүйіндікқызы 
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №38 мектеп-гимназиясы  
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
     
Еліміздегі  білім  беру  саласы  жаңа  жүйеге  көшу  барысында 
ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой 
өрісі  дамыған,  өз  ойын  еркін  жеткізе  алатын,  туындаған  мәселелерді  шеше 
білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор 
ретінде  қарастырып  отыр.  Білім  беруді  модернизациялау  мектептегі  білім 
берудің  мақсатына  сәйкес  білім  беру  нәтижесін  жоспарлауды,  оны  қайта 
қарап,жаңаша  қалыптастыруды  талап  етеді.  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев  ұлттық  білім  саласына  өте  жоғары  талап  қойып  отыр.  Қазақстан 
мектептеріндегі  білім  беру  сапасы  өте  жоғары,  бәсекеге  қабілетті  болу 
керек. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп 
танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі 
парыз. 
     
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы 
оның  ұлттық  білім жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты. 
«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас 
ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің 
басты талабы. 
   
Елбасы  Н.Назарбаев  2011  жылғы  Қазақстан  халқына  «Болашақтың 
іргесін  бірге  қалаймыз!»  Жолдауында  «Өмір  бойы  білім  алу»  әрбір 
қазақстандықтың  жеке  кредосына  айналуы  тиіс»,  деп  бекер  айтпаған  да 
болар. 
    
Елбасының  мұндай  терең  айтылған  ойларын  20  күндік  курста  алған 
білімдерімізбен  дәлелдеуге  болады.  Негізінен  жаңартылған  білім  жүйесі 
құзыреттілікке  және  сапаға  бағытталған  бағдарлама.  Жаңартылған  білім 
берудің  маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының  үйлесімді  қолайлы  білім  беру 
ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, 
тәжірибе жасау, АҚТ – ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, 
жеке,  жұппен,  топта  жұмыс  жасай  білу,  функционалды  сауаттылықты, 
шығармашылықты  қолдана  білуді  және  оны  тиімді  жүзеге  асыру  үшін 
қажетті  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу,  модельдеу,  бағалау 
жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық.                                                    
      
Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  ерекшелігі  спиральді 
қағидатпен  берілуі.  Оған  оқу  мақсаттары  зерделей  отыра  тапсырмаларды 
ықшамсабақтарды 
құрастыру 
барысында 
көз 
жеткіздік. 
   
Бағалау  жүйесі  де  түбегейлі  өзгеріске  ұшырап,  критериялық  бағалау 
жүйесіне  өтті.  Критериалды  бағалау  кезінде  оқушылардың  үлгерімі  алдын 
ала  белгіленген  критерийлердің  нақты  жиынтығымен  өлшенеді. 
Оқушылардың  пән  бойынша  үлгерімі  екі  тәсілмен  бағаланады: 
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.  Ең жоғары балл 60 ұпай, 
69 
 


орташа  балл  48  ұпай  деп  белгіленеді.  Баланың  жан-жақты  ізденуіне 
ынталандырады.  Критериялық  бағалау  жүйесі  Филиппин,  Сингапур, 
Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл 
бағалау  жүйесінің  артықшылығы,  баланың  ойлау  қабілетін  дамытып, 
ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес 
балдық  бағалау  жүйесі  жойылады.  Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті 
оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы 
жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, 
оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және 
балл  не  баға  қоймастан  оқу  үдерісін  түзетіп  отыруға  мүмкіндік  береді.                             
Жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасының  бөлімдерін  (ортақ  тақырыптарын 
және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған 
оқушының  үлгерімі  туралы  ақпарат  алу  мақсатында  балл  және  баға  қою 
арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық 
пәндер бойынша қолданылады. 
       
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасында  қазақ  тілі  пәнінің  берілу 
жайы  да  өзгеше.  Бағдарлама  оқушының  төрт  тілдік  дағдысын:  тыңдалым, 
айтылым,  оқылым,  жазылым  жетілдіруге  бағытталған.  Бұл  төрт  дағды  оқу 
жоспарында  «Шиыршық  әдісімен»  орналастырылған  және  бір  –бірімен 
тығыз  байланысты.  Яғни,  жыл  бойына  бірнеше  рет  қайталанып  отырады 
және  сынып  өскен  сайын  тілдік  мақсат  та  күрделене  түседі. 
    
Бүгінгі  күні  барлық  елдер  жоғары  сапалы  білім  жүйесімен  жұмыс 
істеуде.  Өйткені  қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның 
азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі 
болашақтың  талабына  сәйкес  дамуы  тиіс.  Оқушыларды  заманауи  әдіс  –
тәсілдермен  оқытып,  ой  –өрісі  кең,  саналы,  еркін  азамат  етіп  тәрбиелеу 
қажеттілігі  де  осы  себептен  туындап  отыр.  Оның  үстіне  білім  берудің 
жүйесін  қарқынды  дамытқан  бұл  үрдістің  жалпы  білім  беретін  мектептерге 
де  енгізіле  бастауы  көңілді  қуантады.  Курстың  маңыздылығы  да  міне, 
осында. 
     
Қорыта  айтқанда,  аталмыш  бағдарламаның  мәні,  баланың 
функционалды  сауаттылығын  қалыптастыру.  Оқушы  өзінің  мектеп 
қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де 
бұл  бағдарламаның  негізі  «Өмірмен  байланыс»  ұғымына  құрылған. 
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.  
     
Қазақстан  Республикасында  білім  мазмұнын  жаңарту  бағдарламасына 
сәйкес   Алматы  облысы,  Іле  ауданы,  Өтеген  батыр  кентінде    орыс 
мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері шілде-тамыз айында 
«Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс 
сыныптарында  қазақ  тілін  оқыту»  бағдарламасы  бойынша  30  мұғалім 
біліктіліктерін арттырды.  
      
Курстың  негізгі  мақсаты:  қазақ  тілі  пәні  бойынша  білім  беру 
бағдарламасын  жаңарту  және  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу 
тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.  
70 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау