Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет29/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122

беске  бөледі.  [4]  Осындағы  талқылау  диалогі  ақпараттарды  тарату  және 
мәселелерді  шешу  мақсатындағы  ой  бөлісу.  Топқа  үш  ақынның  махаббат 
тақырыбындағы  (  кез-келген  табиғат,  патриоттық,  еңбек  т.б)  өлеңдерін 
ұсынып,  махаббатта  кім  мырза  деп  топқа  сұрақ  қойсаңыз  топ  ішінде  түрлі 
пікірлер  туады.  Енді  сол  пікірді  дәлелдеу  қалады.  Пікіріңді  дәлелдеу  үшін 
келтіретін  фактілер  өте  сенімді  болуы    керек.  Осы  кезде  оқушылардың 
бойында  басқаның  пікірін  құрметпен  тыңдау,  өз  дәлелдерін  аса 
тиянақтылықпен  келтіру,  пікірлер    қарама-қайшылығы  туындаса, 
мәдениеттілік,  сабырлылық  таныту  сияқты  қасиеттер  қалыптаса  бастайды. 
Бұл  кез-келген  мәселені  айқай-шусыз  шешуге  болатынын  үйретеді.  
Проблемалық  сұрақтар  арқылы  өмірді  сыныпқа  әкелуде  әдебиет  сабағында 
көбіне шығарма кейіпкерінің іс әрекетін талдау, бағалау кезінде болады.   
Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартында    қазіргі  кездегі  білім  беру  сапасы  оқушылардың  түрлі 
қызметтер  саласындағы  проблемаларды  өз  бетінше  шешу  мүмкіндігін 
қамтамасыз  ететін,  қалыптасқан  негізгі  құзыреттілік  түріндегі  білім  беру 
нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіреді. Мектеп оқушысы әрбір білім беру 
деңгейін 
аяқтағаннан 
кейін 
енгізген 
негізгі 
құзыреттіліктерді: 
коммуникативтік  құзыреттілік,  ақпараттық  құзыреттілік,  проблемалардың 
шешімін  табу  құзыреттілігін  игеруі  тиіс.  Соның  ішінде,  проблеманы  шеше 
білу құзыреттілігі - әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты 
шешім  қабылдауға,  өз  шешімінің  нәтижесін  бағалауға,  өз  қызметіне  мақсат 
қоюға,  оны  іске  асыру  үшін  қажетті  жағдайды  анықтауға,  ондағы 
жетістіктерге  жету  процестерін  жоспарлауға  және  ұйымдастыруға,  өзіндік 
бағалау мен қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады деп түсіндірілген.    
Елбасы  Н.Назарбаевтың  2017  жылға  31  қаңтардағы  «Қазақстанның 
үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  тақырыбындағы 
Жолдауындағы  төртінші  басымдық  –  адами  капитал  сапасын  жақсарту. 
Жолдауда  ең  алдымен,  білім  беру  жүйесінің  рөлі  өзгеруге  тиіс.  Біздің 
міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық 
буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз 
бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет деп көрсеткен.   
Қорыта келе, тұлғаның проблеманы шешу дағдыларын дамыту кезінде 
мұғалімнің  де  сыни  ойлай  алатын,  проблема  туғызатын  тапсырмаларды 
дайындай алатын болғаны жөн. Сабақ жоспарлаған уақытында оқу мақсатын 
ең  маңызды  нәрсе  оқушының  сыни  ойлау,  проблема  шешу  дағдысын 
қалыптастыруға  және  нәтижелі  болуға  бағыттау  керек.  Берілетін 
тапсырманың  өмірлік  маңызы  бар  пайдалы  болғаны  жөн.    Нәтижеге  жету 
әдісін таңдауда берілетін тапсырмаңыздың тиімді екеніне көз жеткізіңіз.   
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізім: 
1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын 
басқарған  экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Е.  Арын  - 
Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. 
ISBN 9965-808-85-6
 
65 
 


2. 
А.Фазылова. Проблемалық оқыту технологиясы                        
http://agartu.com/index.php?newsid=997

2016ж. 
3.  Бітібаева  Қ.Оқушыларды  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  баулу  .  Семей, 
2007.  
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым, «НЗМ» ДББҰ, 2012. 
 
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ОТАНСҮЙГІШТІКТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ   
 
Рахымжанова Алмагуль Какеровна 
Алматы облысы, Іле ауданы, №38 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен 
әдебиеті пәні мұғалімі 
 
        
Қазақ халқында «Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе», –  деген 
ұлағатты сөз бар. Асылында, біздің қазақ – ежелден-ақ өзін өзгеге сыйлатып 
келе  жатқан,  ұлттық  тәрбие  жүйесін  қалыптастырған  халық.  Қазақ  ұлттық 
тәрбиесіне  назар  аударар  болсақ,  оның  ислам  шариғатымен  байланысып 
жатқанын  байқаймыз.  Демек,  әр  қазақ  баласы  ұлттық  тәрбиемен  сусындап 
өсер болса, ол елін сүйіп, жеріне қызмет етеді және өз халқының жанашыр 
азаматы болады. 
Тіпті  кез  келген  сыртқы  күшке,  әсіресе,  дәстүрге  қарсы  рухани 
күштерге тосқауыл болып, жағаға жармасқан қазіргі жат ағымдардан бойын 
аулақ ұстайды. 
Қазіргі  таңда  етек  алып  бара  жатқан  ата-баба  дәстүріне  қарсылықтың 
ең  басты  себебі   ұлттық  құндылықтарымыздың  қадірін  жете  түсінбеуден 
туындауда.  Ұлттық  тәрбие  көріп,  ұлттық  мүддемен  сусындамаған  ұрпақ, 
амал  жоқ,  жат  мәдениетке  бой   алдыруда.  Сайып  келгенде,  қоғамда  орын 
алып  жатқан  сау  ақылға  сыймайтын  келеңсіз  әрекеттер  ұлттық 
руханиятымыздан алыстауға апарып соғуда.   
Ұлттық рухы асқақ, намысы бекем һәм қуатты ел боламыз десек, бұл 
ретте  өскелең  ұрпақ  тәрбиесіне  ерекше  мән  беруіміз  керек.  «Ел  боламын 
десең,  бесігіңді  түзе»  демекші,  бесік  –  бала  тәрбиесін  қолға  алу  –  басты 
міндетіміз. «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, 
екіншісі  –  ұстазынан,  үшіншісі  –  құрбысынан».  Өйткені  «ұяда  не  көрсең, 
ұшқанда  соны  ілерсің»,  «Алдыңғы  арба  дөңгелегі  қалай  қозғалса,  арбаның 
соңғы  дөңгелегі  солай  қозғалады»,  «Ағайынға  қарап  бала  өсер,  Қарағайға 
қарап  тал  өсер».  Олай  болса,  бала  тәрбиесінде  алдыңғы  толқынның  кейінгі 
толқынның алдында жауапкершілігі зор.  
         
«Біз  қазақ  –  мал  баққан  елміз,  ешкімге  соқтықпай  жай  жатқан  елміз», 
дегендей, қазақ халқы басынан сөз асырмаған, ешкімге намысын таптатпай, 
елдігін  сақтаған  халық.  Осы  қасиет  сонау  ықылым  заманнан  бесік 
тәрбиесінің  негізіне  айналып,  жас  ұрпақ  санасына  сіңіріліп  отырған.  Қазақ 
тарихында  топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің, атқа мініп қол 
бастаған батырлардың барлығы дерлік – қазақ дәстүріндегі ұлттық тәрбиенің 
жемісі.  Бұрындары  қазақ  халқы  балаға  үлгі-өнеге  көрсету,  тәрбие  беру  ісін 
66 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау