Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет7/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   363

15 

 

Нұсқау. Тәрбиеші балалар-балапандардың сигнал бойынша әрекет етуін, қадағалайды, 

бөтен ұяға қонуға болмайтынын, үйден алысырақ ұшу керектігін – онда құстар үшін тамақ көп 

екенін ескертеді. 



Тышқандар  мен  мысық.  Балалар-тышқандар  індерінде  отыр(бөлменің  қабырғасын 

жағалай немесе алаңның жан-жағына қойылған орындықтар арқылы орындықтарға). Алаңның 

бір бұрышында мысық отыр. Мысықтың ролін тәрбиеші атқарады. Мысық ұйықтап кеткенде, 

тышқандар бөлмеде жүгіреді. Бірақ міне, мысық оянады, керіліп-созылады, мияулайды және 

тышқандарды  ұстай  бастайды.  Тышқандар  тез  қашып  кетеді  және  індеріне  тығылып 

(орындықтардағы  өз  орындарына  отырады)  қалады.  Барлық  тышқандар  індеріне  қайтып 

келгеннен кейін, мысық бөлменің ішін тағы бір аралап шығады, сонан соң өз орнына қайтып 

келеді және ұйықтайды. Ойын 4-5 рет қайталанады. 



Нұсқау.  Мысық  көзін  жұмып,  ұйықтаған  соң  ғана,  тышқандардың  іннен  жүгіріп 

шығуларына болады, ал індеріне – мысық оянып, мияулай бастағанда ғана оралады. Тәрбиеші 

барлық  тышқанның  індерінен  жүгіріп  шығуын  бақылайды.  Ойынға  ойыншық-мысықты  да 

қолдануға  болады.  Балалар  өрмелеп  шыға  алатын  кубиктерді  де  індер  ретінде  пайдалануға 

болады. 

Өз түсінді тап. Тәрбиеші балаларға 3-4 түсті кішкене жалаушыларды таратып береді: 

қызыл, көк, сары, жасыл. Түсі бірдей жалаушасы бар балалар тәрбиешінің жалаушаның белгілі 

бір  түсімен  алдын  ала  белгілен  бөлменің  әр  бұрышына  жиналады.  Тәрбиешінің  «Ойнап 

келіңдер»  деген  сигналы  бойынша  балалар  алаңның  (бөлменің)  әр  жағына  тарап  кетеді. 

Тәрбиеші: «Өз түсінді тап!» деген кезде балалар тиісті түстегі жалаушаның алдына жиналады. 

Тәрбиеші  қай  топтың  бұрын  жиналғанын  белгілейді.  Сонан  соң  ойын  қайталана  (5-6  рет) 

береді. 

Нұсқау. Бірнеше рет қайталатып, балалар ойынды жақсы игерген соң, тәрбиеші серуен 

кезінде  тоқталып,  көздерін  жұмғызып,  өзі  бұл  уақытта  бөлменің  бұрыштарында  тұрған 

жалаушалардың орнын ауыстырып қояды. 

Секеңдеп және секіріп ойналатын ойындар. 

Тегіс  жолмен.  Балалар  еркін  топтасады  немесе  колоннаға  тұрады  және  серуенге 

шығады. Тәрбиеші төмендегі тексті белгілі ырғақпен, ұйқастырып айтады. 

   

 

 



 

Теп-тегіс жолменен, 

   

 

 



 

Теп-тегіс жолменен, 

   

 

 



 

Аршындап мен келем. 

   

 

 



 

Бір, екі, бір, екі, 

   

 

 



 

Жолға төсеп тастаған,  

   

 

 



 

Секіргенде тастардан... 

   

 

 



 

Бір шұңқырға  гүмп! 

«Теп-тегіс жолменен» деген сөздерді айтқанда, балалар жай адымдап жүреді. Тәрбиеші: 

«Секіргенде тастардан»  деген кезде олар екі  аяқтарымен  алға қарай жылжып секіреді.  «Бір 

шұңқырға  –  гүмп!»  деген  кезде  жүрелерінен  отыра  кетеді.  «Шұңқырдан  шықтық»,  -  дейді 

тәрбиеші және балалар орындарынан тұрады. Тәрбиеші өлеңді тағы да қайталайды. Бірнеше 

қайталағаннан кейін тәрбиеші басқа тексті айтады: 

   


 

 

 



Теп-тегіс жолменен, 

   


 

 

 



Теп-тегіс жолменен 

   


 

 

 



Жүре-жүре талды аяқ. 

   


 

 

 



Жүре алмас боп қалды аяқ. 

   


 

 

 



Келе жатқан жете алмай,  

   


 

 

 



Міне, біздің мекен-жай. 

Текст  айтылған  соң,  балалар  үйге  қарай  жүгіреді  (үйдің  қайда  болатынын  алдын  ала 

келісіп алады – сызылған сызықтың артындағы орындықта және т. б. жерде). 

Нұсқау.  Қимылды  түрлендіруге  болады,  бірақ  олар  өлеңнің  сай  болуы  тиіс  (мысалы, 

кішкене тастың үстінен бір аяқтан екінші аяққа немесе бір аяқпен секіріп түседі және т. б.). 




16 

 

Тәрбиеші өлеңнің әр жолын бірнеше рет немесе шамалы қайталап, қимылды тапсырманы өз 



еркінше ұзарта, не қысқарта алады. 

Шымшықтар  мен  мысық.  Балалар  алаңның  бір  жағына  еденге  қойылған 

скамейкалардың  немесе  үлкен  кубиктердің  үстіне  шығып  тұрады.  Бұл  –  үйдің  төбесінде 

отырған  шымшықтар.  Шеткеріректе  мысық  отыр  (тәрбиеші  немесе  балалардың  біреуі). 

Мысық ұйықтап жатыр. «Балапандар ұшты», - дейді тәрбиеші. Шымшықтар төбеден секіріп 

түседі, қанаттарын қомдап, жан-жаққа ұшып  кетеді.  Мне, енді  мысық  та оянды. Ол  «мияу-

мияу»  дейді  және  төбеде  тығылып  жүрген  шымшықтарды  ұстағысы  келіп  жүгіреді.  Ұстап 

алған шымшықтарды мысық өз үйіне қарай әкетеді. Ойын 5-6 рет қайталанады. 

Нұсқау. Балалардың жерге жайлап түсуін, аяқтарының ұшымен секіруін және тізелерін 

бүгуін қадағалау керек. 



Еңбектеп және өрмелеп ойнайтын ойындар. 

Мекиен мен балапан. Ойынға қатысушы балалар – балапандарды, тәрбиеші – мекиенді 

бейнелейді. Балапандар ұябасармен үйлерінде (тіреулердің немесе орындықтардың арасына 

35-40 см биіктікке жіп тартып, қоршалған орын). Бір шетте үлкен құс тұрады. Ұябасар жіптің 

астымен  еңбектеп,  жем  іздеуге  аттанады.  Ол:  «Ко-ко-ко-ко»  деп  балапандарын  шақырады. 

Оның шақыруы бойынша балапандар жіптің астымен еңбектей өтіп, ұябасарға қарай жүгіреді, 

онымен бірге серуендейді, еңкейеді, жүрелейді, жем іздейді. Тәрбиешінің «Үлкен құс ұшып 

келеді!» деуі бойынша барлық балапан тез қашып кетіп, үйге тығылып қалады. Ойын 3-4 рет 

қайталанады. 



Нұсқау.  Балапандар  үлкен  құстан  қашып  барып,  үйге  келгенде,  тәрбиеші  жіпті  сәл 

жоғары көтереді, өйткені балалар жіпке тиіп кетпеуі керек. Одан арғы уақыттарда ұябасардың 

ролін балалардың өздері де орындай алады. 

Қояндар.  Алаңның  бір  жағына  бормен  кішкене  шеңберлер  сызылған  (5-6)  –  бұлар 

қояндардың  үйшіктері.  Олардың  алдына  орындықтар  қойылады.  Қарама-қарсы  жағында 

күзетшінің үйі бар (тәрбиеші отырған орындық). Үй мен қоян күркелерінің арасында қояндар 

серуендейтін  кішкене  шалғын  бар.  Тәрбиеші  ойынға  қатусышылардың  бәрін  3-4  баладан 

шағын  топтарға  бөледі.  Әрбір  топ  еденге  сызылған  шеңберлердің  біріне  барып  тұрады. 

Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша жүрелерінен отырады (қояндар күркелерде отырады). 

Тәрбиеші  күркелерге  кезекпе-кезек  барып,  қояндарды  шалғынға  да,  шалғында  жүгіріп, 

секіреді.  Біраздан  соң  тәрбиеші:  «Күркеге  қарай  жүгіріңдер!»,  -  дейді.  Қояндар  үйге  қарай 

асыға  жүгіреді.  Әрқайсысы  тағы  да  орындықтың  астынан  еңбектей  отырып,  өз  торына 

қайтады. Күзетші оларды қайтадан серуенге шығарғанға дейін, қояндар торда отыра береді. 

Ойын 4-5 рет қайталанады. 

Нұсқау.  Еңбектеу  үшін  орындықтың  орнына  планканың  тіреуіне  қойылған  доғаны 

немесе керулі жіпті пайдалануға болады. 



Лақтырып және қағып алып ойналатын ойындар. 

Кішкене  қапшықты  кім  алысқа  лақтыра  алады?  Балалар  залдың  (алаңның)  бір 

жағында  сызылған  сызықтың немесе  жатқан  жіптің  бойымен  орналасады.  Ойнаушылардың 

әрқайсысы  кішкене  қапқа  ие  болады.  Тәрбиешінің  сигналы  бойынша  балалардың  барлығы 

қаптарын алысқа лақтырады. Әрқайсысы қаптарының қайда түсетінін мұқият байқап тұрады. 

Келесі  сигнал  бойынша  балалар  қаптарына  қарай  жүгіреді  де,  оны  көтеріп  алып,  қаптың 

жатқан жерінде тұрады. Олар қапты екі қолмен төбесіне көтереді. Тәрбиеші қапты ең алысқа 

лақтырған  баланы  белгілейді.  Балалар  бастапқы  орындарына  барып  тұрады.  Ойын  6-7  рет 

қайталанады. 



Нұсқау.  Ойынды  топтың  жартысымен  жүргізген  дұрыс.  Қапты  тәрбиешінің тапсыруы 

бойынша оң қолымен де, сол қолымен де лақтыру керек. 



Жоғарырақ лақтыр. Бала допты мүмкіндігінше басынан асырып тура лақтыруға және 

оны қағып алуға тырысады. Егер бала допты ұстай алмаса, онда оны еденнен көтеріп алып, 

қайтадан барынша жоғарырақ лақтырады. 

Нұсқау. Баланың допты бір қолмен де, екі колмен де лақтыруына болады. 

Кеңістікті бағдарлау ойындары. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау