Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет6/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   363

13 

 

«Жалаушаға  қарай  жүгіріңдер!»),  дыбыстарды  айыру  міндеттері  пайда  болады  («Кімнің 



дыбыстағанын тапшы»). 

Қимылды  ойындардың  көпшілігі  толық  сюжетті  және  рольмен  қамтамасыз  етілген 

болып келеді. Сондықтан олардан ең алдымен рольді ойындардың атаулары шығады («Мысық 

пен тышқан», «Поезд», «Мекиен мен балапандар» және басқалары). Олар балалардың ойын 

тәртібін анықтайды. 

Бір  жағдайларда  барлық  бала  өздеріне  бір  түрлі  рольді  алады  да,  баз-баяғы  бір  ойын 

әрекетін  орындайды  («Трамвай»).  Басқаларында  да  бір  жетекші  роль  ерекшеленеді 

(«Мысық»),  ал  қалған  балалардың  барлығы  басқасын,  оларға  ортақ  рольді  орынайды 

(«Тышқандар»).  

Бұл жас шамасындағы балалардың әрекеттерін аша түсу үшін енді ойын тәртіптері мен 

өзіне алған рольдің бәрі бір емес. Баланың  рольді орындауға көзқарасы өзгереді. Осылай, егер 

3  жасқа  аяқ  басқан  балада  берілген  рольді  орындауға  жауапсыз  қарау  жиі  байқалған  болса 

(мысалы,  қасқыр  бір  қоянды  ұстап  алып,  басқа  қояндарға  көңіл  бөлместен,  онымен  бірге 

қосылып  ойнақтап,  жүгіріп),  ал  енді  балалар  өздеріне  міндеттеген  тапсырманы  түсінеді 

(қасқыр қоянды ұстап алып, оны былай қоя тұрып, басқа қояндарды да ұстап алып, өз үйіне 

қарай тартады). Бұл жастағылардың жетекші рольді орындауын тәрбиеші көбіне өз мойнына 

алады.  

Балалар  үшін  ойын  әрекетінің  мазмұны  түсінікті  және  қызықты  болғаны  дұрыс.  Бұл 

олардың ойындағы белсенділігін көтереді, әрекеттерге айқын да эмоционалды әр береді. 

4 жасқа аяқ басқан балалардың кимылды ойындарында айтарлықтай күрделі қозғалыстар 

кездесіп  отырады  (текшелерге  тырмысып  шығып,  олардың  үстіне  отыру,  содаң  кейін  түсу, 

столдың  астына  еңбектеп  кіру  және  соған  ұқсас)  және  әр  қилы  қозғалыстардың  ұласуын 

байқауға  болады  (доптарды  алысқа  лақтыру,  оларды  қуып  жетіп,  алу;  «масаны»  қуып 

жетерліктей  секіру  және  басқалары).  Балалар,  мазмұнды  күрделі  ойындарға  қалыптаса 

отырып, әрқайсысы тек қана өзінше жеке нәтижеге жетуге тырысып ойнайды. Қимылды ойын 

балалар  тобының  әлі  де  нағыз  бірлескен  ойыны  болып  есептелмейді.  Бұл  –  жаттығу 

ойындарында ерекші байқалады. 

Бұл топта тексті ұйқастыру және әнмен жүргізілетін ойындар кең қолданылады. Мұндай 

ойындарда енді балалар әрекеттерінің ортақтасып және бір мезгілде өтуіне қол жетеді. 

Тәрбиеші  мен  балалардың  ойынға  дайындығының  оны  табысты  өткізу  үшін  зор 

маңызы бар. Ойынның шарттарымен алдын ала танысудың мәні, егер бұл шарттар жаңа әрі 

белгісіз  болса,  сол  уақытта  маңызды  болады.  Ойынға  әзірлене  отырып,  тәрбиеші  ойын 

барысын, балалардың алаңға орналасуын және мүмкін болатын орын ауыстыруларды, рольдер 

бөлісуін және т. б. ойластырады, ойын материалын әзірлейді. 

Балалардыңойынға деген қызығушылығын тудыруға, оларды жұмылдыра түсуге тырыса 

отырып,  тәрбиеші  мына  сияқты  құбылыстармен  кездесуі  мүмкін:  оған  жауапты  рольді 

бермегендіктен бала ойыннан бас тартады. Топтағы мұндай балаларды біле отырып, тәрбиеші 

алдың  ала  оларды  ойынды  әзірлеуге  тартады:  ленталарды  немесе  кішкене  кубтарды  алып 

келуді және орналастыруды, балалардың бәрінің де аяғында шапаталары бар ма екен және т. 

б. тапсырмалар береді. Бұл қызметтерге балалар құлшына қатысады, бұл тәрбиешіге оларды 

кейіннен ойынға қосуға көмектеседі. 

Алдын ала қандай да бір сыйлық әзірлеген дұрыс (қызық ойыншық, бұрамалы ойыншық, 

көңілді би т. б.). Бұны алдын ала балалардың ешқайсысы білмеуі тиіс. 

Ережелерді  орындау.  Негізгі  талаптар  болып  есептелетіндер  –  бірлесе  отырып 

әрекеттене білуге, өзін ұстай білуге, әрекеттенуді нұсқау бойынша және ойынның сюжетімен 

сәйкестендіре  бастауға  және  аяқтауға,  берілген  бағытта  белгілі  бір  тәсілмен  қозғалуға, 

қозғалыстың мәнерлілігіне көңіл қоя білуге тәрбиелеу (мысық оянады, керіледі, мияулайды). 

Қимылды  ойындарды  үнемі  қайталап  отыру  қажетті  дағдыларды  жетілдіруге  және 

нығайта  түсуге,  коллективті  ойындардағы  қозғалыстың  оңай  да  еркін  болуын  жетілдіруге, 

ойын жағдайларындағы жақсы бағыттылыққа, басқа ойыншылардың әрекетіне жауап ретінде 

тез және ойлы түрде әрекет ете білуге көмектеседі. Ойынның ережелерін қайталап орындау, 




14 

 

бұл сәбилердің екінші тобынан бастап, ерекше маңызды, баланың ойлау қабілетінің жетілуіне, 



оның ерік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі. 

Егер  қайталау  кезінде  ойынның  түрі  біраз  өзгертіліп,  күрделілендіріліп  отырылса, 

қимылды  ойындардың  тәрбиелік  және  танымдық  жағы  күшейе  түседі.  Ережелеріне  жаңа 

детальдар қосып, олардың дұрыс орындалуына талаптарды күшейтіп, ойыншылардың санын 

өзгерте отырып, ойынды күрделендіре түсуге болады. Ойынды оған жаңа қимылдар кірістіріп 

(жай  аяңдамай,  жүгіріп  өту,  аттап  өтпей,  үстінен  асып  түсу),  қозғалыстың  қарқынын, 

(трамваймен тез жүру, жіңішке тақтайдың үстімен өте баяу жүріп өту), балалардың сап түзеу 

формасын,  ойынның  шарттарын  өзгерте  отырып  (орындықтардан  құрастырылған  кішкене 

үйлерді  бөлменің  әр  жеріне  орналастыру,  кішкене  дөңгелектің  орнына  құрсауларды 

пайдалану), күрделендіре түсуге болады. 

Бір  ойынды  қатарынан  2-3  рет  өзгеріссіз  қайталайды,  әтпесе  ол  балаларды  зеріктіріп 

жібереді.  Содан  кейін  кез  келген  таныс  ойынға  қайта  оралуға  болады.  Тек  содан  соң  ғана 

алғашқы  ойынды,  ең  алдымен  оған  ешқандай  өзгеріс  енгізбей,  кейін  оның  мазмұны  мен 

ережелерін күрделендіре түсіп, қайталауға болады. 



Ойынға  басшылық  ету.  Тәрбиеші  балаларға  ойынның  кейіпкерлері  өздерін  қалай 

ұстауға  тиісті  екенін  әңгімелейді  және  көрсетеді,  олардың  әрқайсысының  қимылына  тән 

белгілерді ерекшелеп айтады. 

Жылдың  басында  ойын  әрекеттерін  өрістету  ойынның  сюжетін  біртелеп  аша  түсетін 

үлкен  адамның  жиі  түсіндірулерімен  қоса  жүреді.  Бұл  әсіресе  жаңа  ойындарды  түсіндіру 

кезінде  жүргізіледі.  Кейінірек  тәрбиеші  ойын  сюжеті  мен  ережелерін  түсіндірген  соң,  ол 

ойынды ойнауға болады.  

4 жасқа аяқ басқан балалар үшін ойынның (ойдан шығарылған) жағдайды мәнді болады. 

Қоянның  балалары  торларда  шыдамдылықпен  отыр.-  Олар  күзетші  келмейінше  және  есікті 

ашпайынша берік құлыптаулымыз деп санап, еденді таяқшамен тарсылдатып отыр. 

Бұл жастағы топтың балаларынан енді ойының шарттары мен ережелерінің анық және 

дұрыс  орындалуын  талап  етуге  және  соған  жетуге  болады.  Балалардың  кеңісікте 

бағдарлауымен  байланысты  талаптың  жоғарылайына  қарай  ойынның  шарттарының 

орындалуына арнайы көңіл бөлу қажет. Олар ойын құрылысындағы өздерінің орнын таба білуі 

тиіс  (трамвайдың,  поездың  вагонынан  тиісті  орын  ала  білуі,  тек  өзінің  ініне  тығылуы). 

Балаларды  ойын  кезінде  қысылып-қымтырылмауға,  залдың  немесе  учаскенің  алаңына 

жайласуға,  ойынды  жүргізушіден  және  бір-бірінен  аулағырақ  бытырай  жүгіру,  хороводтық 

ойын кезінде ортаны тарылтпауға және т. б. бірте-бірте үйретеді. 

Балалардың қимыл тәжірибелері мен өз  бетінділігінің молаюына байланысты кеңістікте 

бағдарлай білуі жетіледі. 

Тәрбиеші  жауапты  рольді  енді  тек  ең  жігерлі  және  зерек  балаларға  ғана  сирегірек 

тапсырады.  Балалардың белсенділігіне түрткі бола отырып, тәрбиеші  олардан басты рольді 

кімнің  ойнағысы  келетінін  сұрайды.  Тәрбиеші  жетекшілік  еткісі  келгендерді  көтермелей 

отырып, балаларды рольге тағайындаудағы кезектілікті сақтауға тырысады, сабырлы, ұялшақ 

балаларды белсенділендіреді, рольді орындауға көмектеседі. 

Тәрбиешінің  қимылды  ойынға  тікелей  қатысуы  ойынның  эмоциялылығын  күшейтеді, 

тәрбиеші  мен  балалар  арасында  достық  байланыстың  орнауына  және  балалардың 

коллективтік өзара жарасымды қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді. 



Қимылды ойындардың мазмұны 

Жүгіріп ойнайтын ойындар 

Кешкене құс және балапандары. Балалар 5-6 баладан топ-топқа бөлінеді. Әр топтың 

өзінің  үйшігі  –  ұясы  болады  (бормен  сызылған  шеңбер,  еденге  тасталған  үлкен  дөңгелек 

немесе  ұштары  байланған  жіп  және  т.  б.).  Балалар  жүресінен  отырып,  ұяларында  отырған 

балапандарды, тәрбиеші құстың өзін бейнелейді. «Ұштық - ұшамыз» деген сөздер бойынша  

құстың  балапандары  ұяларынан  ұшып  шығады  және  тамақ  іздеп  аласырақ  ұшып  кетуге 

тырысады.  Тәрбиешінің  «Үйге  қарай  ұшамыз»  деген  сөзі  бойынша  балапандары  ұяларына 

оралады. Ойын 3-4 рет қайталанады. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау