Кеңестік темір шымылдық алынып, еліміз



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата11.01.2020
өлшемі1,31 Mb.
#26362
1   2   3   4   5   6   7   8

6

№51 (3176) 12 шілде 2019

zangazet@mail.ru



ӘЛЕУМЕТ

ПІКІР


САУАЛНАМА

ӘСКЕРГЕ

 

БАРУҒА ЫНТАЛЫЛАР 



САНЫН ҚАЛАЙ КӨБЕЙТЕМІЗ?

Біз Отанның 

сарбазымыз

Алпамыс ФАЙЗОЛЛА, 

әскер қатарында 40-күндік дайындық-

тан өткен: 

Магистратураны бітіргенде, менің 

жасым 23-тен асып кетті. Сол себепті, 

жарты жыл күттім де, 24-ке толған соң, 

ҚР Қорғаныс министрлігінің Орал қала-

сындағы әскери-техникалық мектебінде 

40 күндік әскери дайындықтан өттім. 

Яғни, заң бойынша әскери-техникалық 

мектепте оқу үшін жасың 24-те болуы ке-

рек. Сонымен қатар, казармадағы жатын 

орның, киімің, тамағың, т.б. қажеттілік-

терің үшін шамамен 270 мың теңге ақша 

төлейсің. Бұл денсаулығында кәнараты 

бар жандарға жасалған жеңілдік десек 

артық айтқандық емес. Менің қос жа-

нарымның көру қабілеті төмен. Ал, бір 

жылдық әскерге бару үшін көзің белгілі 

бір межеден нашар көрмеуі тиіс. Егер 

денсаулығың жүз пайыз жарамды болып 

тұрса, онда 40 күндікке емес, әскерге бір 

жылға жібереді.

Бізге әскери-техникалық мектепте 

әскери істің ең қажетті, ең маңызды тұста-

рын үйретті. Мәселен, әскери жарғыны 

жаттадық. Оның қысқаша мазмұны «Сар-

баз соғыс және бейбіт уақытта өзіне тапсы-

рылған әскери және басқа техниканы, 

қару-жарақты, киімін, үсті-басын ұқыпты, 

таза ұстауға, өзіне берілген тапсырмалар-

ды адал ниетпен орындауға, өзге әскери 

қызметкерлердің ар-намысына тимей, 

құрметпен қарауға, мемлекет құпияларын 

қатаң сақтауға міндетті» дегенге саяды. 

Сонымен бірге, таңертең ерте оятқан-

нан бастап офицерлер жедел әрі сапалы 

қимылдауды талап етіп, шапшаңдыққа 

тәрбиеледі.  Қайда  барсақ  та,  саппен 

жүріп, қандай тапсырманы орындасақ 

та, взводпен бірге әрекет еткендіктен, 

«әскери жолдастық» деген ұғымды ұғын-

дық. Автоматты шашып-жинау, тазалау, 

автоматпен атқанда дұрыс көздеу, де-

неңді дұрыс ұстау, қаруды пайдаланғанда 

өзгелердің өміріне қауіп төндірмейтін-

дей мұқият болу секілді аса маңызды 

дүниелерді  меңгердік.  Атом  бомбасы 

жарылғанда  және  химиялық  шабуыл 

жасалғанда киетін жалпы әскери қорға-

ныс жиынтығын (ОЗК – общевойсковой 

защитный комплект) бір взвод түгел уақы-

тында, яғни, 3 минутта киіп үлгеру үшін 

қайта-қайта киініп-шешінгеніміз есімде. 

Егер 30 жігіттің біреуі үлгермесе, тапсыр-

маны бәріміз басынан бастап қайтадан 

орындаймыз.  Сондай-ақ,  окоп  қазып, 

оның тереңдігі жатып атыссаң – 30 см, 

отырып атыссаң – 60 см, тұрып атыссаң 

– 110 см болу керек екенін үйренгеніміз 

де қызықты тәжірибе болды. Гранаттың 

шабуыл  гранатасы  (диаметрі  –  15-25 

метр) және қорғаныс гранатасы (диаметрі 

150-250 метр) деген екі түрі бар екенін, 

гранататқыш (гранатамет) жаудың 500 

метр қашықтықтағы техникасын жоюға 

арналғанын және т.б. соғыс ісіне қатыс-

ты көптеген тың дүниені меңгердік. Ең 

бастысы, үстіңе әскери киім киіп, қолыңа 

қару ұстағанда, ер азамат ретінде Отан 

алдындағы жауапкершілікті сезінеді екен-

сің. «Бұрын ата-бабаларымыз жерімізді ақ 

білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен 

қорғаған» деп ауызбен айту бір бөлек 

екен де, үстіңе әскери киім, басыңа ду-

лыға киіп, қолыңа автомат ұстап, соны 

сезіну бір бөлек екен. Енді бұл мемлекет-

ті қорғайтын өзіміз және өзіміз секілді 

жігіттер екенін 40 күндік әскери-дайын-

дықтан өтудің арқасында сезіндік. «Жау 

жоқ деме, жар астында» демекші, әр жігіт, 

әрбір азамат қару қолдана білуі қажет 

екенін түсіндік. Әскери-техникалық мек-

тептің аумағында қабырғаларға «Отанға 

қызмет ету – қасиетті борыш» деген секіл-

ді ұранды сөздер жазылып, тәрбиеле-

нушілерді ширықтыра түседі. Мен бұрын 

еліме қаламмен қызмет етемін деп ойлап, 

мойнымда әскери де жауапкершілік бар 

екенін ұғынбайтынмын. Бірақ, 40 күндік 

даярлықтан өткеннен кейін көзқарасым 

өзгерді.  Бәріміз  Отанның  жауынгері 

екенбіз. Олай болса, ер азамат ретінде 

біз кез келген жағдайға дайын болып, 

ең болмаса, әскери өмірдің шет жағасын 

болса да, көруіміз керек. Мен бір жыл-

дық толыққанды әскерде болған жоқпын. 

Алайда 40 күндікте түйгенім – осы.

Қазір  әскерге  барғысы  келмейтін 

жігіттер  көп.  Неге?  Өйткені,  әскерге 

бару қоғамда Кеңес Одағы кезіндегідей 

абырой бермейді. Демек, идеологиялық 

жұмыстар жүргізу бізде ақсап тұр. Сосын 

сарбаз қайтыс болатын немесе мүгедек 

болып қалатын жағдайлар көп. Ата-ана-

лар осыдан қорқып, балаларын жібер-

гісі келмейді. Жігіттер бір жыл әскерде 

болғаннан гөрі бір жұмыс істеп, ақша 

табайын, жағдайымды дұрыстайын деп 

ойлайды. Менің айналамдағы оқыған 

жігіттердің көбі осындай пікірде. Бір жыл 

әскерде болып, оқыған-тоқығанын ұмы-

тып, қарайып қалғысы келмейді. Менің 

40 күндік әскери дайындықтан өтуімнің 

себебі  де  –  осы.  Бір  жылдық  әскерге 

көбіне мектеп бітірген соң, оқуға түсе 

алмай қалған және ақылы бөлімде оқуға 

мүмкіндігі жоқ немесе жұмыс таба алмай 

жүрген жігіттер, сондай-ақ, болашақта 

әскери салада жұмыс істегісі келетін 

жастар барады...   

Насихат әлсіз

Абылайxан ӨМІРБАЙ, 

ҚазҰУ Әскери кафедрасының түлегі: 

Әскери кафедрада екі жыл көлемін-

де аптасына бір рет даярлықтан өттік. 

Бұл жерде білім алу мемлекеттік грант 

және ақылы негізде жүзеге асады. Айта 

кетерлігі, грантта оқығандар оқуды бітір-

геннен кейін әскерде қызмет атқаруға 

шақырылуы мүмкін. Әскери кафедраның 

басты ерекшелігі студенттің жоғары оқу 

орнында оқи жүріп, әскери білім алуында. 

Кафедраны аяқтаған курсанттар лейте-

нант лауазымын алып шығады. 

Көпшілік жастардың әскерге барма-

уына оның дұрыс насиxатталмай жатқан-

дығы, жағымсыз ақпараттардың әлеумет-

тік желілерде, БАҚ-та таралуы себеп деп 

ойлаймын. Оған қоса, әскерге қатысты 

қорқынышты ойлар мен қате пікірлердің 

қасаң қағида болып қалғаны тағы бар. 

Жалпы, Отан алдындағы борышты өтеу-

дің тиімді жолы әр азаматтың өз шешіміне 

байланысты. 



Төзімділік мектебі

Қанағат АЛПЫСБАЕВ, 

әскер қатарында 1 жыл борышын өтеу-

ші: 

Әскердегі қиындық туралы түрлі пікір 

тараған. Сондықтан болар, жастардың 

әскерден бұлтарып қалуы жиі кездеседі. 

Елден жырақта болған соң, қиын бола-

тыны рас. Дегенмен, бұл бармауға себеп 

емес. 

Әскер қатарына өзіңді сынау үшін 



барғандықтан, төзімді болуға үйренеді 

екенсің. Бұрынғыдай тамақ талғамай-

тын болдым. Үйдің, жақындарыңның, 

уақыттың қадірін түсінудің өзі біршама 

жетістік.

Отан алдындағы борышты өтеу тек 

күндіз-түні жаттығу жасаумен шектеледі 

деп түсінбеу керек. Ол жақта да түрлі 

шаралар  ұйымдастырылып,  белсенді 

қатыстық. Ел арасындағы алып-қашпа 

әңгіменің басым көпшілігі шындыққа 

жанаспайтынын өз тәжірибемнен айта 

аламын.

Ж

АСТАРДЫҢ  БА-



С Ы М   Б Ө Л І Г І 

Ә С К Е Р И   Б О -

РЫШТЫ  ӨТЕУДЕН  БҰЛ-

ТАРЫП  ҚАЛҒЫСЫ  КЕ-

ЛЕДІ.  «НЕГЕ?»  –  ДЕГЕН 

С АУА Л Ғ А   « Ж А Ң С А Қ 

ПІКІРДІҢ  КӨБЕЮІ,  НА-

СИXАТ  ЖҰМЫСТАРЫ-

НЫҢ  ӘЛСІЗДІГІ»  ДЕГЕН 

БІРЖАҚТЫ  ЖАУАП  АЛ-

ДЫҚ.  БҰЛ  ИДЕОЛОГИЯ­

Л Ы Қ   Т Ұ Р Ғ Ы Д А   Ә Л І 

ҚЫРУАР ЖҰМЫСТЫҢ КЕ-

РЕКТІГІН КӨРСЕТЕДІ.



Мадина ОҚАС

БАЛАЛАР ҚОЛДАУ КҮТЕДІ

Ал,  күмән  мен  күдіктің  ықпалында 

өскен  баланың  психологиясы  қандай 

болмақ? Мұны ескеріп жатқан адамды 

көрмейсің.

Әрине, баланы әр қадамын ойланып 

жасауға, сақ қимылдауға үйреткен дұрыс. 

Бірақ, мұның зияны да жеткілікті. Себебі, 

баланы айналасынан алыс ұстау, сыртқы 

ықпалдан қорғаудың соңы қоғамда ер-

теңіне  сенбейтін,  айналасындағының 

бәрін жау көретін, жаңа бастама жасауға 

именетін қорқақ жандар тобырын түзуге 

алып келеді. Олардың сырласатын, арқа 

сүйейтін, көмек күтетін досы болмайды. 

Ата-анасынан басқа жандармен сөйлес-

пеген соң мұндай балалардың өз тұстас-

тары, қоғамдағы жағдай туралы өзіндік 

пікірі де жоқ. Сондықтан, тәрбиелеудің, 

қорғаудың жөні осы екен деп, өз орта-

сынан алшақтатуға болмайды. Керісінше, 

тәрбие ата-ана мен баланың ортақ пікіріне 

негізделуі тиіс. Болашағы зор, өз арманын 

іске асыра алатын талапшыл ұрпақ өсір-

гіміз келсе, оларды әр нәрседен шектеп, 

ортамен байланысын тежеуге тырыспау 

керек. Баланы қолдау, идеясын жүзеге 

асыруда тілекші ғана емес, көмекші де 

бола білген жөн.



Адэлина ИСКАКОВА 

А

ЛДАҒЫ КҮЗ МАУСЫМЫНДА 2000­



2001 ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМ-

ДЕР ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫ-

ЛАДЫ. ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТЕК АЛМАТЫ 

ОБЛЫСЫНЫҢ ӨЗІНЕН 18 БЕН 27 ЖАС АРА-

ЛЫҒЫНДАҒЫ 3 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ-

ТЫ ШАҚЫРУ ЖОСПАРЛАНСА, ОНЫҢ 2000­

ҒА ЖУЫҒЫ КӨКТЕМГІ ШАҚЫРЫЛЫМДА 

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛҒАН. 

ЫНТАЛЫЛАРДЫҢ  БӘРІН  ӘСКЕРИ  ДАЙ-

ЫНДЫҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МҮМКІН 

БОЛМАҒАНДЫҚТАН, БҮГІНГІ ТАҢДА ДАЙ-

ЫНДЫҚТЫҢ БАЛАМА ТҮРЛЕРІ ҰСЫНЫЛУ-

ДА.  ОНЫҢ  ҚАНДАЙ  АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ 

БАР? ЖАЛПЫ, ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘСКЕ-

РИ  БОРЫШТЫ  ӨТЕУ  ҚАНШАЛЫҚТЫ 

МАҢЫЗДЫ? 

Қоғам өзгерді дегенді жиі айтамыз. 

Шынында, қазір азаматтардың бәрі сақ, 

күмәншіл.  Бұрынғыдай  баласын  көр-

шісі тұрмақ, бауырларына, туыстарына 

сеніп  тапсыратындар  сиреп  барады. 

Ұл-қызын көзінен таса қалдырмайтын 

ата-аналар «ешкіммен сөйлеспе, бөтен 

адамның қолынан ештеңе алма» дегенді 

күнде қайталаудан шаршамайды. Содан 

болар,  қазір  аулада  емін-еркін  ойнап 

жүрген  балаларды  көрмейсің.  Ойын 

алаңындағы балалардың назардан тыс 

қалғаны  жоқ.  Өзге  шаруаның  бәрін 

ысырып  қойған  ата-ана  балалардың 

сыртынан бақылауды міндет санайды. 

Меже


ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ БӨЛІГІ АЛМАТЫҒА ТИЕСІЛІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мем-

лекеттік корпорациясы мемлекеттік стан-

дартта көрсетілген талаптарға сай қалыпты 

тәртіпте жұмысын жалғастырып жатыр. 

Бүгінде Алматы қаласындағы мамандан-

дырылған ХҚО-ларда ғана қызмет алушы-

лардың көптігі байқалуда. Бұл Алматы 

қаласында көліктерді алып-сататындардың 

көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғында-

рының автокөліктерін сонда қайта рәсім-

деп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға ба-

руымен байланысты. 

Еліміздің Ішкі істер министрлігі 1 шілде-

ден бастап мәліметтердің алмасуын қамта-

масыз ететін жаңа веб-модулді іске қосқаны 

белгілі. Соған орай, мемлекеттік органның 

ақпараттық жүйесінде ақау шығып, салда-

рынан барлық мамандандырылған орта-

лыққа келушілердің өтініштері дер кезінде 

қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын.  

Әрине, мемлекеттік қызмет көрсетудің ор-

тақ базасы саналатын орталықта мұндай 

жағдайдың қалыптасуы жөн емес. Бұл аза-

маттардың орталыққа деген кері көзқарасын 

қалыптастыруы әбден мүмкін.     

Сондықтан, мемлекеттік корпорация өз 

тарапынан халық наразылығын басып

кезекті тарату үшін жұмысқа қосымша 

қыз меткерлерді тартып, «соңғы клиентке» 

дейін жұмыс істеуді жолға қойды. Халық 

ыңғайлығы үшін egov.kz порталы арқылы 

қызметті онлайн алуға көмектесетін кеңесші 

мамандар жұмылдырылды. 

Айта кетейік, көліктерді қайта тіркеп

жүргізуші куәлігін алу қызметтері бойынша 

мамандандырылған ХҚО-ларда шілденің 

1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет 

көрсетілді, оның 9 мыңнан астамы тек Ал-

маты қаласына тиесілі. 



Нұрлан ШЫНТАЕВ


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау