Қазақстан Республикасындағы білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі: ағымдағы жағдайды талдау



жүктеу 1,9 Mb.
Pdf просмотр
бет9/32
Дата11.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#26279
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

21 

 

ықпалынан  отбасының  ыдырауы).  Сонымен  қатар  әйел  қоғаммен,  билікпен,  тағдырмен  пікір 



таластыра оытырып, балаларды дүние әкеледі.  

 

Балалар үшін отбасының мұндай әуметтену жолы қаншалықты тиімді?  



 

Көшіп-қонушы  отбасынан  шыққан  әрбір  оныншы  бала  тұйық  және  «ешкіммен  дос  болғысы 

келмейді».  15%  сыныптастарына  тікелей  өкпелі  екендігін  айтады.  Жанжал  сияқты  араздық  40% 

жағдайда  туындап  отырады.  «Сыныптастарыңмен  ашық  қақтығыс  болды ма  (ұрыс,  төбелес және 

т.б.)?» деген сұраққа, балалар былай деп жауап берді: 

 

                                                                                                            Диаграмма 13 



               Сауалнамаға жауап беруші балаларды әлеуметтендіру (%-бен) 

 

 

 

Балалар мен сарапшылардың жауаптарына байқасақ, жалпы ортаның тілеулес екендігін білсек 



те, Қазақстан көшіп-қонушыларды қабылдамау мәселесі етек алған және оны шешу талап етіледі. 

 

Бос уақыт: оны көшіп-қонушылар отбасынан шыққан балалар  қалай өткізеді? 



 

Ата-аналардың 10%-ы ғана балаларының бос уақыты болмайтынын айтты. Ал балалардың іс 

жүзінде  90%-ы  бос  уақыттарында  немен  айналысады?  Көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан 

балалардың  бос  уақытының  құрылымы,  дегенмен  де  олардың  12%-ы  жұмыс  істейтіндерін  (көлік 

жуатын  жерлерде  ақша  табады,  нан  сатады)  көрсетеді.  Бос  уақытында  әлеуметтендірудің  басты 

құралы  теледидар  (63,4%),    бір  бірімен  ойнау  (47%),  дамыту  сабақтары,  өздігінен  білім  алу 

(29,3%),  Интернет  (30%-ға  жуығы),  музыка  тыңдау  (31,1%),  үйірме  қызметі  (12%)  болып 

табылады. 

 

Бос  уақытты  ұйымдастыру  туралы  түсіндірмеде  ата-аналар  50%  -дан  көп  жағдайда  балалар 



бос  уақытында  үйге,  шаруашылыққа,  сондай-ақ  үйінде  тұрып  жатқан  туыстарына,  отбасының 

кішкентай  мүшелеріне  (9%)  көмектесетіндерін  айтады.  18%  сауалнамада  балаларын  спорт 

секцияларына апаратын отбасында ақша мен мүмкіндіктің жоқ екендігін айтатын пікір кездеседі. 

 

59,1


35,5

4,5


0,9

0

10



20

30

40



50

60

70



жоқ

кейде


ия, жиірек

араласқылары келмейді




22 

 

КӨШІП



-

ҚОНУШЫЛАР ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ МЕН ЖҰМЫСЫ

 

 

Не ебепті жұмыс көшіп-қонушылар отбасынан шыққан балалардың 



үлесіне айналып барады? 

 

Ата-аналардың пікірі бойынша балалардың жұмыс істеуіне келесі себептер түрткі болады, ол 



келесі диаграммада көрсетілген:  

 

                                                                                                            Диаграмма 14  

Балаларын еңбекке араластыруға түрткі болған себептер  ( %-бен) 

 

 

 

Еңбек кәсібі үшін келген көшіп-қонушылар балаларының жағдайы бойынша бағаны Алматы 



облысындағы жұмыс берушілердің атынан (шағын бизнес өкілдері) сарапшылар айтты, оның бірі  

-  кәсібін  жаңадан  бастаған  фермер  (негізінен  көкөніс  өсіреді),  ал  келесі  (темекі  және  көкөніс 

өсірумен  айналысады)  –  он  жылдық  көшіп-қонушылармен  жұмыс  істеу  тәжірибесі  бар.  Жұмыс 

берушілер  мектепте  оқитын  балалар  жұмыс  істеп  жүргенін  неге  есепке  алмайды  деген  сұраққа, 

тәжірибелі  фермер  былай  деп  жауап  берді:  «Әрине.  Сондықтан  да,  ата-аналарға  жұмысты  кеш 

бастауға,  балаларына  тамақ  беріп,  кіші  балаларын  мектепке  трассаға  дейін  шығарып  салып, 

жолдан  өткізіп  жұмысқа  келуіне  рұқсат  беремін.  Балалары  ауырып  қалған  жағдайда,  дәрігер 

шақыртамын».  

Жұмыс  берушілер  өзінде  жұмыс  істейтін  отбасылар  мен  балаларды  былай  деп  сипаттайды: 

«Менде жұмыс істейтін отбасы бар, олар менде 10 жылға жуық істеп келеді. Жағдайлары нашар, 

отанында тұрақты және ақшасы жоғары жұмыстары жоқ. Бұл жақта жалақысын кепілді түрде ай 

сайын  береміз,  сондықтан  да  балаларын  алып  келеді.  Балаларының  орташа  жасы  12-16.  Қазір 

темекі егетін егісте 5 отбасы және көкөніс егілген жерде 3 отбасы жұмыс істеп жүр. Барлығы 27 

адам. Соның ішінде 14 бала – 8 мектеп жасында».   

46,6

44,8


32,8

17,2


8,6

6,9


6,9

5,2


5,2

3,4


отбасының табысына қосымша

өзіне ақша тапқысы келеді

тәжірибе жинап жүр

отбасына қарыздан құтылуға көмектесіп жүр

осылай болу керек, жұмыс берушінің жұмысын  

отбасымызбен істейміз

балаға мектеп оқу қызық емес, білімнен пайда жоқ

жұмыс беруші жұмыс істегеніміз үшін тамақ, тұрғын 

жер беріп отыр

басқа жұмыс жоқ

қазір жұмыс істемейтін отбасы мүшесінің орнына 

жұмыс істейді

оның барлық достары жұмыс істеп жүр



23 

 

     Түлкібас  ауданындағы  кәсіпкердің  4  автожуу  орны  бар,  онда  20  адам  жұмыс  істейді.  Жұмыс 



істейтін  10  бала  мектеп  оқушылары.  «Әлеуметтік  жағдайының  төмендегі  және  материалдық 

қиыншылық оларды нан мен тамақ табу үшін жұмыс істеуге итермелейді». 

Балалардың еңбегі қажет болмайтын жағдай болуы мүмкін бе және не себепті,-  деген сұраққа 

жұмыс  берушілердің  көпшілігі,  -  егер  мұндай  жағдай  болатын  болса,  дәл  қазір  бола  қоймайды, 

сонымен қатар жақын арадағы 5 жылда да болмайды, деп жауап берді. Балалар өз отбасыларына 

өмір  сүру  үшін  көмектеседі.  Тұрғылықты  отанында  ата-аналарына  жаалақысы  жақсы  жұмыс 

табылғанша,  олар  табыс  табу  үшін  бұл  жаққа  келулерін  доғармайды.  Балалар  өздері  істеген 

жұмысына  болмашы  ғана  ақша  алады,  бұл  жұмысты  жергілікті  тұрғындар  істемейді,  сондай-ақ 

балаларына жұмыс істеуге рұқсат бермейді. Ал олардың елдерінде бір жыл немесе екі жыл ішінде 

экономикалық жағдай жақсара қоюы екіталай.  

Жамбыл және Алматы облыстарында жүргізілген зерттеулер жұмыс берушілер жауап беруден 

қашатындығын  көрсетті.  Олар  ШЖК  тарту  заңнамасын  бұзу  фактісін  түсінеді,  бірақ    та 

прокуратура  органдарының  әрекетінен  қауіптеніп,  атын  атамай  жасырын  болатын  жағдайда  ғана 

сауалға жауап беруге келісті.  

 

Жұмыс  берушілердің  пікірі  көшіп-қонушы  отбасындағы  балалардың  мектепте  оқымау 



жағдайын түсінетіндігі көрсетті, зерттеу олар балалардың қажеттілігін ескеретіндігін де байқатты. 

Жұмыс  берушілердің  балалардың  еңбегіне  деген  көзқарастары  да  ерекше,  олар  шын  мәнінде 

балалардың  не  себепті  жұмыс  істеп  жүргендіктерін  жақсы  түсінеді,  ересектер  мен  балалардың 

еңбегіне сыйақы бергенде осы мәселені де ескереді.  

     Сонымен қатар жұмыс берушілермен жүргізілген сұхбат барысында құқықтық сауатсыздықтан 

ата-аналарының  келісімін  алдық  деген  себеппен  балаларды  жұмысқа  тарту  арқылы  заң  бұзушы 

болып табылатындары анықталды.   

Отбасының материалдық жағдайы: ересектердің көзқарасы  

 

Еңбек  қызметі  үшін  келген  көшіп-қонушылар  отбасының  материалдық  жағдайын  бағалау 

көшіп-қонушылар  отбасының  жартысы  дерлік  (46,1%)  мұқтаждықта  өмір  сүретіндігін,  тамаққа, 

киімге және ең қажетті нәрселерге ақша жетпегендіктен көп нәрседен бас тартуға тура келетіндігін 

көрсетеді.  Оның  1%-ы  ғана  өзіне  бәрін,  соның  ішінде  қымбат  көлік  пен  үй  ала  алады.  99  %-ы 

жекеменшік үй сатып алу мәселесін өз бетінше шеше алмайды.  

 

Олардың 12%-ы ғана өз қажеттілігін қанағаттандырып отырғандарын атап көрсеткен. 38%-ы 



тіркелетін  орын  мен  қандай  да  бір  жәрдем  ақша  алу  мұмкіндігінің  жоқтығына  сілтейді;  16  %-ы 

жәрдемақы алмайтындықтарын, 4 %-ына ауылда тұратын туысқандары көмектесетіндіктерін, 4 %-

ы жәрдемақы мөлшерінің жетпейтіндігін, 2 %-ы әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне көмек сұрап 

барудың ешқандай пайдасы жоқтығын мәлімдеген.  

 

Тек  әрбір  бесінші  көшіп-қонушының  ғана  жекеменшік  үйі  бар.  Соншасы  туысқандарының 



үйінде  тұрады,  43  %-ы  үйді  жалға  алады,  10  %-ға  жуығы  жатақханаларда  тұрады  (сонда  тұрғын 

үйдің жойылып бара жатқан түрі деген сөз), 7%-ға жуығы жұмыс берушінің берген үйінде тұрады. 

Осылайша көшіп-қонушылар отбасының 4/5-не үйге деген қажеттілік № 1 өмірлік фактор болуда, 

ал  үймен  қамтамасыз  ету  –  жоспарланатын  көшіп-қонуды  ынталандырудың  бірден  бір  себебі 

болып  табылады.  Сауалнамаға  жауап  берушілер  отбасылардың  1/5  бөлігінің  қолы  таза  ауызсуға 

қол  жеткізе  алмайды  десе,  60,8%-ында  кәріз  жоқтығын,  65,6%-ында  әжетхана  далада  екенін 

айтқан.  Бұл  көрсеткіш  көшіп-қонушылардың  дамудан  артта  қалған  жағдайларда  өмір 

сүретіндіктерін көрсетеді. Пәтер (үй) – бұл көбінесе дала жағында барлық жағдайы жасалған барак 

типті ескі үй-жайдың жай ғана бөлмесін айтады.  

 

Тек сұхбат алынған төртінші баланың ғана өз бөлмесі бар. Балалық шақта отбасы, туған үйі, 



қорғаны,  жылылықты,  тұрақтылықты  сезіну  мен  көз  алдына  елестетуді  қалыптасады.  Егер  бала 

өзінің  балалық  шағын  «күзетілетін»  аумақ  ретінде  қабылдамаса,  онда  ортадан  шеттетілумен 

байланысты басқа сезім қалыптасады.  



жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау