Қазақстан Республикасындағы білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі: ағымдағы жағдайды талдау



жүктеу 1,9 Mb.
Pdf просмотр
бет6/32
Дата11.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#26279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

15 

 

Мектептегі  үлгерім  ол  балалар  мен  жасөспірімдерді  сәтті  әлеуметтендірудің  бірден-бір 



көрсеткіші  болып  табылады.  Сарапшылар  атап  көрсеткендей,  балалар  әр  түрлі  дәрежеде  оқиды, 

көп  нәрсе  ата-анаға  (мысалы,  қосымша  сабақтар  оқыту  үшін  мұғалімдерді  жалдау),  оқыту  тіліне 

(мысалы,  оқулықты  қазақ  тілінен  тәжік  тіліне  аудару  мүмкін  емес),  бағдарламалардың  сай  келуі 

және  олардың  күрделілігіне,  мұғалімдердің  қарым-қатынасына  (олардың  қосымша  сабақтарға 

дайындығы),  сыныптағы  жағдайға,  сондай-ақ  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балалардың 

кешенді  бірігуіне  байланысты  қауымдастықтың  күш  салуына  байланысты  болады.    Көшіп-

қонушылар  отбасынан  шыққан  балалардың  сабақтағы  үлгерімі  нашар  болуының  себебін 

сарапшылар  олардың  оқыту  деңгейі  жағынан  құрбы-құрдастарынан  бірнеше  жылға  артта 

қалғанын айтады. Мұндай жағдайларда олар өздерінен жасы кіші қазақстандық оқушылармен бір 

партада  отырғысы  келмейді,  сондықтан  да  оларды  білім  алудың  жарқын  болашағы 

қызықтырмайды.  Зерттеулерге  сүйенсек,  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балаларда 

ұялшақтықпен,  тұйық  мінезбен,  ұжымнан  алшақтату  сезімімен  байланысты  болатын  әр  түрлі 

жасқаншақтық  мінез-құлықты  қалыптастыру  үшін  жағымсыз  факторлар  мен  жағдайлар 

анықталған.  Мұнда  балалар  мен  жасөспірімдердің  дене  бітімінің  және  сана-сезімінің  бұзылуына 

әкеп соқтыратыны сөз болып отыр.  

Педагогтар  қатарынан  шыққан  сарапшылардың,  ұлттық-мәдени  орталықтар  өкілдерінің 

пікірінше,  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балалар  үшін  сабақ  пен  жұмысты  ұштастыруға 

мүмкіндік  беретін  қосымша  сабақтар  ұйымдастырылуы  тиіс,  сондықтан  мұндай  отбасынан 

шыққан  балаларға  жұмыс  істеуге  тура  келеді.  Жұмыс  берушілердің  пікірінше,  балалардың  сабақ 

оқу  кестесін    ескере  отырып  жұмыс  бере  алатындығын  айтқан.  Отбасылық  көші-қон  көлемінің 

ұлғаюына байланысты сарапшылар жасөспірім балалар сабаққа баруы үшін, ересектері (аналары) 

жұмыс істеуі үшін, олардың балаларына балабақшадан орын беру қажеттілігін атап көрсеткен.  

Сабақтан  қалудың  бірден-бір  себебі  өмір  сүрудың  қиын  жағдайымен,  кедейшілікпен,  нашар 

тамақтанумен  байланысты  болған  балалардың  ауырып  қалуы  болып  табылады.  Содан  кейін 

киіммен,  аяк  киіммен  қиындықтар  туындайды.  Көшіп-қонушылар  отбасының  кедей  болуы 

балаларының  толыққанды  білім  алуына  кедергі  жасайды:  күніне  5-6  сабақ  оқу  әлсіреген  жас 

баланың  ағзасы  үшін  қиын  болады,  ал  балалардың  сөзіне  қарағанда  оқушылардың  төрттен  бір 

бөлігі  мектептен  тамақ  ішпейді  екен.  Балалардың  көпшілігі  оқушылардың  барлығына  берілетін 

тегін медициналық жәрдем ала алмай отыр.  

Қазақстан Республикасы заңнамасы шетелдіктерге тегін медициналық қызмет көрсетуге шектеу 

қояды.  Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесi  туралы  Қазақстан  Республикасының 

2009  жылғы  18  қыркүйектегi  N  193-IV  Кодексi  88-бабы,  5-тармағына  сәйкес  «Егер  Қазақстан 

Республикасы  ратификациялаған  халықаралық  шарттарда  өзгеше  көзделмесе,  Қазақстан 

Республикасының 

аумағында 

жүрген 


шетелдiктер 

мен 


азаматтығы 

жоқ 


адамдардың 

айналасындағылар үшiн  қауiп төндiретiн қатты аурулары 

болған  кезде  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi 

айқындайтын  тiзбеге  сәйкес  тегiн  медициналық  көмектiң 

кепiлдiк берiлген көлемiн алуға құқығы бар». Бұл фактіні 

сарапшылар 

көшіп-қонушы 

отбасыдан 

шыққан 

балалардың  қоғамға  бейімделуіне  тигізген  тағы  бір 



кедергі деп түсінеді.  

 

Асылдың оқиғасы 



(бірінші жақта) 

 

Мен  2010  жылы  анам  және  екі  ағам,  әпкеммен  бірге 

Қырғызстаннан  келдім.  2010  жылғы  әскери  төңкеріс 

кезінде  біздің  үйіміз  өртеніп  кетті,  әкеміз  хабар-

ошарсыз жоғалды.   Бұл жерге келгенде тұратын үйіміз 

болмады,  сондықтан  да  біз  кез  келген  жерде  тұрдық.  

Анам  мектепке  бізді  бергісі  келді.  Бірақ  мектеп 

директоры  біз  босқын  болғандықтан,  мектепке  ала 


16 

 

алмайтындығын  айтты.  Балалар  бізден  қашатын.  Біз  қалада  баратын  жер  таба  алмай  босып 



жүрдік,  кездейсоқ  Түлкібас  ауданына  бардық.  Аудан  әкімшілігінде  де  бізді  қабылдамады.  Біз 

әртүрлі  адамдардың  үйінде,  қорасында,  бұзылған  бос  үйлерде  тұрдық.  Көшеден  қолымызға 

түскенді  тауып,  күнімізді  көрдік.  Біз  суық  күндері  тоңдық,  бүрісіп  көрпе  асытнда  жаттық. 

Таныстар арқылы ауылдың сыртындағы қаңыраған үйді таптық.  

Біз  былтырғы  күзде  мектеп  директорына  бардық,  бізді  тағы  да  қабылдамады,  оның  үстіне 

тұрақты  тұратын  жерлерін  жоқ  деп  анамды  кабинетінен  қуып  шықты.    Қырғызстанда  болған 

төңкерістен  кейін  таныстарымыз  Қазақстанда  біз  көмектесе  алады  деп  айтқан  болатын.  Бізге 

мұнда көмек қолын созған ешкім болмады. Менің ағалары мен әпкем алғашқы кездері мектепте де 

оқымады.  Мектепте  әрең  дегенде  орналасты.  Біз  бір  күні  мектептің  жанынан  өтіп  бара 

жаттық, оқушылар бізді босқындар деп мазақтап, адам қатарына қоспады.   

Жақында  біз  Шымкентке  көшсек  пе  деп  отырмыз.  Қалалық  мектепте  орналасып,  білім 

алғымыз  келеді,  бізді  тамақпен  әрі  қажетті  заттармен  қамтамасыз  етсе  деп  ойламыз. 

Болашақта қиналмай өз деңгейімізді көтеру үшін қазақ тілін үйренуді де ойлап жүрміз. Сонымен 

қатар жылы үйде тұрғымыз келеді.  

Жылы күндері лашықта тұрдық, тамақ тауып жеу үшін бақшада жұмыс істедік. Жергілікті 

тұрғындардың  бақшасында  көкөністер  жинадық.  Бізге  ақшаның  орнына  өзіміз  жинаған  картоп, 

пияз,  қызанақтың  бір  бөлігін  кейде  жеміс-жидек    беретін.  Біз  бос  қаңырап  тұрған  үйлерде 

тұратынбыз.  Қазір  уақытша  тұратын  шағын  үй  таптық.  Бірақ  үй  суық,  қоқыс  лақтыратын 

жерден жанатын қораптар жинап әкелеміз. Тоңып жүрміз, үстімізде жақсы жылы киім де жоқ. 

Ағалары мен әпкем суық тиіп ауырып қалды. Дәрі-дәрмек алатын ақша жоқ, тіпті тамақты әрең 

тауып  жеп  отырмыз.  бала  кезден  бастап  көп  қиыншылық  көріп  келеміз.  Қазақстанда  өміріміз 

жақсара ма деп армандап едік. Керісінше, бұл жерде қаңғыбас адамға айландық.  

 Кейін біз Түлкібас ауданына көштік. Бірақ біздің өміріміз өзгермеді, бәз баяғы қалпында қалды. 

Менің  13  жастағы  сіңілім  7-сыныпта  оқиды.  Бір  киімді  кезектесіп  киеміз.  Мен  таңертеңгі 

ауысымда,  сіңілім  түстен  кейін  оқиды.  Қоқыстан  киім  жинаған  кездер  де  болды.  Біздің  аяқ 

киіміміз жоқ. Аяғымызға алдымен целофан пакет киіп, даладан тапқан жыртық етікті сыртынан 

киетінбіз. Мектепте бізге өте қиын. Менің жасым үлкен болған соң, аздап қазақ тілін білемін. Ал 

менен  кішілер  қазақ  тілін  жақсы  білмейді.  Анамыз  Қырғызстанда  мұғалім  болып  істеген,  үйге 

берілген тапсырманы жасауға көмектеседі.   

Мұғалімдер  бізді  қаңғыбас  ретінде  көріп,  балалардың  алдында  төмендетеді.  Мектепте  бізбен 

ешкім  сөйлеспеді.  Бізді  көрмегендей,  танымайтындай  болады.    Мектепте  балаларды  бізді  келеке 

қылады.  Мысқылдап  қарайды.  Мұғалімдер  бізді  жақтамайды,  қарайласпайды.  Бізге  көмек  және 

қолдау болатын еш қылық көрсетпейді.  

 

Көшіп-қонушы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтендіруде мектептің орналасқан 

жері мен рөліне үкіметтік емес сектордың көзқарасы   

 

Мектептің  мәнін  бағалауда  шынайы  және  құрылымды  көзқараспен  қарау  туралы  көші-қон 



саласында  жұмыс  істейтін  үкіметтік  емес  сектордың  сарапшылары  өз  ойын  білдірді.  Жобалау 

қызметінің  аясында  олар  көшіп-қонушылардың  Қазақстанға  келуіне  және  еңбек  қызметіне 

байланысты  қиын  мәселелерді  шешеді.  Сондықтан  олар  көшіп-қонушылардың  келуінің, 

бейімделуінің және мәдени ерекшеліктермен алмасуға қатысты барлық мәселелердің ауқымы мен 

көкейтестілігі туралы жақсы біледі. ҮЕҰ өкілдерінің пікірінше балалардың мектепке бармауы ата-

аналарының  және  балаларының  жеке  басын  куәландыратын,  талап  етілетін  құжаттарының, 

сондай-ақ олардың  Қазақстанға  көшіп-қонушы  ретінде  мәртебесін  заңдастыратын  құжаттарының 

болмауына байланысты болады. Көп жағдайда сарапшылар көшіп-қонушылардың құжаттарының 

болмауын  олардың  құжаттау  мәселесіне  жеңіл-желпі  қарауымен  байланыстырады.  Азаматтық 

қоғамның сарапшылары білім беру саласында  халықаралық және ұлттық заңнамасы нормасының 

арасында  қарама-қайшылықтың  болатындығын  мойындай  отырып,  осы  салада  Қазақстанмен 

бекітілген  халықаралық-құқықтық  құжаттарға  сүйене  отырып,  балалардың  білім  алу  құқығын 

қорғап отыр.  



жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау