Бұл зерттеуде көрсетілген пікірлер мен қорытындылар Сорос -Қазақстан Қорының



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет17/31
Дата11.01.2020
өлшемі1,2 Mb.
#26199
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

 

38 


3.4. 

Көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу 

Респонденттердің  небәрі  1,4%-ы  ғана  электрқуаты  және  газбен  қамту  тәрізді  қызмет 

көрсетуге  қол  жеткізе  алмай  отыр

ғанын  айтты

Респонденттердің  2,5%-ы 



орталықтандырылған  сумен  қамтуға  қол  жеткізе  алмай  отырғанын,    6,3 %-ы  көліктік 

қызметтерге  шектеулі  түрде  қол  жеткізіп  отырғанын ,  ал  11%-ы  тұрғылықты  орнының 

маңында сауда орындарының жоқтығын атады.  

Бала-бақшаларға қатысты сауалға 91 респондент бұл мәселе олар үшін өте маңызды  деп 

жауап  берді.  Оның  83,5%-ы  олар үшін  бала -бақшаға  баланы  орналастыру үлкен  мәселе 

екенін  де  атап өтті .  Респонденттердің  берген  жапаутарының  арасында  мынадай 

ақпараттар  да кездесіп отырды: «Бала-бақша қымбат (айына 25 мың теңге) оған қоса 200 

доллар пара беру керек. Жас отбасыларға көмек көрсетілмейді». «Үш балам бар, 2 үлкен 

баламды бала-бақшаға орналастыру үшін 250 және 200 доллар төледім.  Қызым 3 жаста, 

өзіммен бірге жұмысқа ертіп барамын. Үлкен балам мектепке барған кезде қызымды бала-

бақшаға  бере  алам,  ол  үшін  тағы  200  доллар керек». «Бала-бақшаға  кезекте  тұрмын,  әр 

балаға  арнап  30  мың  теңге ден  төлеп  қойдым,  меңгеруші  тізімге  енгізіп  қойды,  орын 

босаған кезде хабарласамын деп уәде етті». «2 баламды (4 және 2,5 жастағы) бала-бақшаға 

орналастыру үшін 400 доллар қажет. Келістім, ақша жинап жатырмын». 



14-

сурет. Көшіп-қонушылардың Алматы қ. көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі 

 

Дереккөзі: жастар көші-қоны бойынша деректер қоры 



 

Медициналық қызметтерге қол жеткізуі 

Жауап  бергендердің  43,7%-ы  ауырған  кезде  дәрігерге  көрінбегенін  айтты .  56,3%-ы 

медициналық  көмекке  жүгінген.  Дәрігерге  қаралған  респонденттердің  50,5%-ы  ақылы 

клиникаларға қаралған, 28,6%  - тұрғылықты орны бойынша емханаға, 24% - студенттік 

емханаға, 5% - таныс дәрігерлеріне қаралған, және 1,6% - жедел жәрдем шақыртқан.  

Медициналық  қызметтерге  қол  жеткізу  көшіп-қонушы  жастардың  жұмысының  бары  не 

жоқтығына  қалай  қатысты  болып  отырғанын  қарастырайық  (4-кесте).  Тұрғын  үйге 

қатысты жағдайдағыдай, жалданбалы жұмыскерлер мен студенттердің мүмкіндігі көбірек. 

Олардың басқаларына қарағанда тұрғылықты жері бойынша емханалық қызметтерді жиі  

алуға    мүмкіндігі  бар  (63  жалданбалы  жұмысшы  және  83  студент),  және  бұл  олардың 

басқа  көшіп-қонушыларға  қарағанда  меншікті  тұрғын  үй інің  барымен  байланысты. 

Респонденттердің  бұл  тобы  да  ақылы  медициналық  көмекке  көбірек  жүгінеді: 158 

жалданбалы  жұмысшы  және  69  студент.  Жалданбалы  жұмыскерлер  мен  студенттердің 

арасында  сонымен қатар  таныс  дәрігерлеріне  қаралу  практикасы  көбірек  тараған . 

98,6%

 

1,4%



 

97,5%


 

2,5%


 

93,7%


 

6,3%


 

88,7%


 

11,3%


 

16,5%


 

83,5%


 

ия 


жоқ 

ия 


жоқ 

ия 


жоқ 

ия 


жоқ 

ия 


жоқ 

Э

нер



ги

я 



аз

там



ы

зд

ы



қ,

 

эл



ек

тр

оқ



у

ат

ы



Су

 



Көл

ік

 



Баз

ар

 



Бал

а-

ба



қш

а 



 

39 


Жалданбалы  жұмыскерлер  үшін  медициналық  қызметтер ге  қол  жеткізу,  мысалы өз -өзін 

жұмыспен қамтып отырғандар  мен кәсіпкерлікпен айналысатындарға қарағанда тұрақты 

табысының болуымен түсіндіруге болады.  

Қазіргі  уақытта  студент  мәртебесі  жеткілікті  табыстың  немесе  отбасындағы  белгілі  бір 

құндылықтардың  (білімге құштарлық,  балаларына  білім  беру ге  тырысу)  болуын қажет 

етеді,  бұл  көбінесе  тұрғын  үйдің  болуы,  медициналық  қызметтер ге  қол  жеткізу  сияқты  

өзге  де  игіліктердің  болуымен  байланысты.  Студенттер  студенттің  емханада  олар 

Алматыда тіркелмегеннің өзінде қарала алады, олардың ақылы медициналық мекемелерге 

не  тұрғылықты  орны  бойынша  емханаға  қаралуға  мүмкіндігі  жоқ .  Жалданбалы 

қызметкерлердің студенттік емханаға қаралуын көрсететін жауаптар кейбір студенттердің  

жұмыс істейтіндігімен, ал кейбір  жалданбалы қызметкерлердің сырттай оқитындығымен 

түсіндіруге болады.  



4-

кесте. Медициналық қызметтерге қол жеткізуі көшіп-қонушының жұмыспен 

қамтылуына тәуелділігі 

 

Медициналық қызметтерді пайдалану 



тұрғылықты 

орны 


бойынша 

емханада  

студенттікемх

анада 


ақылы 

клиникада 

таныс 

дәрігеріне/ем



шісіне 

қаралған  

жедел 

жәрдем 


 

 

Өз-өзін жұмыспен 



қамтып отырған 

20 


20 

34 


Жеке кәсіпкер 



12 



 

Бюджеттік 



қызметкер 



 



Жалданбалы 

қызметкер 

63 

18 


158 

13 


Ақы алмайтын үй 

қызметкері  



17 

 



 

Жұмыссыз  



20 



 

 

 



 

Оқушы/студент 

83 

129 


69 

10 


 

 

Декретте 



 



 

 

 



Үй шаруасындағы 

әйел 


 

11 



 

 

 



Жиыны  

161 


135 

283 


28 



Дереккөзі: жастар көші-қоны бойынша деректер қоры 

Респонденттер медициналық қызметтер оларды қанағаттандырмайтынын атап өтті. «Тегін 

медицинаның  сапасы  өте  төмен,  ал  ақылы  медициналық  қызметтер   өте  қымбат»,  -  деп 

атады көбінесе әйел респонденттер.  

Медициналық көмек сұрамаған респонденттер (15-сур.) оны қажет етпегенін (47,4%), өз 

бетінше  емделумен  айналыс

қанды  жөн  көре тінін  (41,0%),  тіркелген  жері  бойынша 

дәрігерге көріну үшін ауырған кезде  Алматыдан кетіп қалатынын  (4,9%) атап өтті.  Өзге 

респонденттер  мұның  себебі  ретінде  тіркелу  құжатының  болмауын   (4,1%),  ақылы 

емханаға  қаралу  үшін қаражаттың  жетіспеушілігін  (4,1%),  сондай-ақ  емханалардың 

тұрғылықты жерінен алыс орналасуын (1,6%) атады. 

 

 



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау