Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет23/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56

 
53 
кабинет  және  Талдықорған  қаласындағы  медициналық  колледжде  симуляция 
орталығы ашылды, қосымша 2,2 мың штаттық бірлік бөлінді. 
2014  жылмен  салыстырғанда  2016  жылы  медициналық  ұйымдар  жүйесі 
114  бірлікке  азайды:  Сарқан  ауданының  Сарқан  қаласында  туберкулез 
ауруханасы  жабылды,  106  ғимараты  жоқ  медициналық  пункттер  дәрігерлік 
амбулаториялар  құрамына  қосылды,  Еңбекшіқазақ  ауданының  Есік  қаласында 
балабақша  ашу  үшін  білім  жүйесіне  берумен  және  Жамбыл  ауданының 
Қарақастек  ауылында  неврологиялық  профильдегі  балаларды  қалпына  келтіру 
орталығына  қайта  құрумен  2  Балалар  үйі,  Қарасай  ауданының  Қаскелең 
қаласында  Қан  Орталығы    таратылды  және  облыстық  СӨС  орталығы 
жекешелендірілді,  Ескелді  ауданында  халық  саны  15-20  адамнан  кем  емес  3 
МП  таратылды  және  жеке  тұлғалармен  штаттық  бірлік  бекітілген  БМӘК 
берілді.    
ӘҚБН аясында 5 670 жатын орын қойылды, қамтамасыз етілу 10 адамға 
шаққанда 28,7-ні құрайды. Облыста стационарлықты алмастыратын технология 
дамытылуда,  2016  жылдың  қорытындылары  бойынша  күндіз  болатын  1716 
төсек  орын  қойылды,  емделген  науқастардың  жалпы  саны  90,4  мың  адамды 
құрады. 
Дәрігерлер саны 4493 адамнан 5309 адамға дейін 18,2%-ке артты, оташа 
медициналық  қызметкерлер  саны  12381  адамнан  14047  адамға  дейін  –  13,2%-
ке,  10  адамға  шаққанда  қамтылу  деңгейі,  сәйкесінше  24,1-ден  26,7-ге,  орта 
медқызметкерлермен қамтылу 64,4-ке қарсы 70,6-ға артты. Ауылдық денсаулық 
сақтау  мамандарының  көпшілігі  зейнеткерлік  алдындағы  және  зейнекерлік 
жастағы  мамандар  болып  табылады  (30,0%-тен  астамы).  Облыста  дәрігерлер 
тапшылығы 102 адамды құрайды 
. 
 
Медицина мамандары 
 
 
Республикалық  және  жергілікті  бюджет  қаражаты  есебінен  113  бірлік 
санитарлық автокөлік, оның ішінде  35 реанимобиль сатып алынды, жалпы 5,5 
млрд. теңге сомасына 411 бірлік медициналық құралдар алынды.  
Жүргізілген  жұмыстар  нәтижесінде  медициналық  құралдармен  және 
медициналық  бағыттағы  бұйымдармен  жарақтандырылу  проценті  78,8%-тен 
81,0%-ке жақсарды. Санитарлық автокөлікпен орталық аудандық және қалалық 


 
54 
ауруханалар,  ауылдық  ауруханалар,  дәрігерлік  амбулаториялар  –  98,0%-ке, 
облыстық және қалалық ұйымдар 97,0%-ке қамтамасыз етілді.  
«100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» жобасын үзеге асыру аясында 2 
объект  салынды:  862,3  млн.  теңгеге  Қарасай  ауданының  Қаскелең  қаласында  60 
орынды  перзентхана  және  Райымбек  ауданының  Кеген  ауылында  ауысымына  250 
келіп-кетушіге арналған емхана.  
«350  денсаулық  сақтау  объектісінің  құрылысы»  бағдарламасының  аясында 
облыста  2014-2015  жылдары  24  дәрігерлік  амбулатория,  бір  фельдшерлік-
акушерлік пунтк және Көксу ауданының Балпық би кентінде емхана салынды. 
Жалпы  үш  жылда  44  объект  салынып,  қайта  жаңғыртылды,  50  объект 
күрделі жөнделді. 
Сонымен  қатар,  облыста  респубилкамен  салыстырғанда  емханалардың 
жетіспеуі  жоғары  деңгейде  –  1,8%,  стационарларға  деген  тапшылық  орташа 
деңгейден  жоғары  -1,3  –  1,7%.  БҰДЖ  маңызды  буыны  болып  алғашқы  медико-
санитарлық көмек табылады.  
Қазіргі уақытта ДАП-нің жарақтануы - 100%-ті, терапевттік бөлімшелер – 
100%, педиатрия 98,0%-ті құрайды. 
Денсаулық 
сақтау 
шығындарының 
жалпы 
көлемінен 
БМСК 
шығындарының деңгейі облыста 2016 жылы 40,2%-ті құрады. 
2016 
жылы 
денсаулық 
сақтаудың 
амбулаторлық-емханалық 
ұйымдарымен 11 554,9 мың келіп-кетуші пациенттерге қызмет көрсетілді (2014 
жылы – 16064,2 мың келіп-кетуші), 1 тұрғынға шаққанда келіп-кету саны 2014 
жылғы  8,4-ке  қарағанда  5,9-ті  құрады.  2014  жылы  келіп-кету  санының  азаюы 
облыстың  26  денсаулық  сақтау  ұйымының  Алматы  қаласының  ДБ-на  беруіне 
байланысты. 
Жыл  сайын  БМСК  мамандарының  жалпы  санынан  жалпы  тәжірибедегі 
дәрігерлердің үлестік салмағы артуда, 2016 жылы бұл көрсеткіш 32,0%-ті құрады. 
Амбулаторлық-емханалық қызмет пен жедел медициналық жәрдем қызметі 
арасында  өзара  алмасу  жөнге  қойылды,  бұл  БМСК  ұйымдарының  жұмыс  жасау 
кезінде жедел жәрдем шақырулар санының 23,5%-ке азаюына алып келді.  
Қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс азаматтарының туған кездегі өмір 
сүруінің болжамды ұзақтығы 2014 жылмен (71,75 жыл) салыстырғанда 0,25  жасқа 
көбейіп, 2016 жылы 72,0 жасты құрады, ал республикалық көрсеткіш – 72,0 жас.   
Өткен  үш  жылдық  кезеңде  әлеуметтік  маңызды  аурулардың  таралуының 
және  халықтың  олардан  қайтыс  болуының  бірқатар  көрсеткіштерінің  төмендеу 
үрдісі байқалады. Атап айтсақ, туберкулезден қайтыс болу  2,5-тен 1,9-ға дейін  -  
24,0%-ке (ҚР – 3,4), қан айналымы ауруларынан қайтыс болу 159,20-дан 126,29-ға 
дейін 20,7%-ке (ҚР-179,3) төмендеді, АИЖ таралуын 0,2-0,6% шегінде тежеу (15-
49  жас  аралығындағы  инфекцияны)  жүргізілуде,  облыс  бойынша  бұл  көрсеткіш 
0,021%-ті құрайды. 
100  тірі  босанған  әйелге  шаққанда  ана  өлімі  9,7-ден  4,8-ге  дейін  2  есе 
төмендеді, мұндағы республикалық көрсеткіш – 12,7. Ана өлімінің төмендеуіне 
өңірлендіру,  қауіпсіз  аналық  және  отбасын  жоспарлау  бағдарламаларын 
енгізуге байланысты қол жеткізілді.  
1000  тірі  туылған  балаға  шаққанда  нәресте  шетінеуінің  деңгейі  2014 
жылғы 8,48-ден 2016 жылы 7,76-ға дейін 8,5%-ке төмендеді.  


 
55 
Нәресте  шетінеуінің  төмендеуіне  көліктік  кювезі  бар  4  реанимобильді 
сатып  алуға,  заманаиу  медициналық  аппаратураларды  сатып  алуға, 
балабақшалар  мен  босануға  жәрдемдесу  ұйымдарының  материалдық-
техникалық  базасын  нығайтуға,  педиатр-дәрігерлердің,  неонатологтардың, 
акушер-гинекологтардың және АМСК дәрігерлерінің білім деңгейін арттыруға 
байланысты қол жеткізілді. 
 
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау: 
Күшті жақтар (S) 
1.  Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің 
оң серпіні: 
- жалпы өлімнің төмендеуі; 
- туберкулезден қайтыс болудың азаюы; 
-  қан  айналымы  жүйесінің  ауруларынан  қайтыс 
болудың төмендеуі; 
- ана және нәресте өлімінің азаюы; 
- халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы. 
2.  Халық  үшін  дәрі-дәрмек  құралдарының  қол 
жетімділігін  және  сапасын  арттыру,  денсаулық 
сақтау  ұйымдарының  медициналық  техникамен 
жарақтануының  жақсаруы  (магниттік-резонанстық 
және компьютерлік томографтар). 
3.  Жоғары 
мамандандырылған 
медициналық 
көмек  көрсетудің  қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету 
(кардиохирургиялық  орталықты,  нейроинсульттік 
бөлімшені,  бауыр  және  бүйрек  диализдерінің 
орталықтарын ашу). 
4.  Көлік  медицинасын  дамыту  (жердегі  және 
әуедегі  көлігі  бар  санитарлық  авиация  бөлімшесі,  6 
трассалық  медициналық  кешендер,  5  жылжымалы 
медициналық  кешендер,  жаңа  туған  нәрестелерді 
тасымалдауға арналған 4 реанимобиль). 
5.  Облыстың  денсаулық  сақтау  жүйесіне  орта 
медқызметкерлерді дайындау үшін 2 мемлекеттік және 8 
жекеменшік медициналық колледждердің болуы.  
6.  Халықты  медициналық  қызметтер  көрсету 
бойынша  қанағаттандыру  үшін  туәлік  бойы 
Бірыңғай Call-орталықтың жұмыс жасауы. 
Мүмкіндіктер (О) 
1.  Әлемдік  деңгейдегі  жаңа  технологияларды 
енгізу, 
шебер-класстарды 
өткізу, 
шықпа 
айналымдарды жүргізу, барлық жерде жоғары тұрған 
буын 
мамандарының 
көмегімен 
диагностика 
жүргізуге және емдеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік 
беретін  телемедицинаны  енгізу  арқылы  ауруды 
анықтау және емдеудің жаңа тәсілдерін дамыту. 
2.  Алматы  қаласының  ғылыми  орталықтары  мен 
жоғары  оқу  орындарын  тартумен  дәрігерлердің 
біліктілігін  арттыруды  қамтамасыз  ету  (Алматы 
қаласының  Алматы  облысының  елді  мекендеріне 
жақын орналасуы). 
3.  Емханалардың,  дәрігерлік  амбулаториялардың, 
қалалық,  ауылдық  ауруханалардың,  перинаталдық 
орталықтың және перзентхананың құрылысы.  
4.  Медициналық 
қызмет  көрсету  саласында 
жекеменшік денсаулық сақтау секторын тарту. 
5.  Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болуды азайту 
үшін көлік медицинасын әрі қарай дамыту. 
6.  Салауатты  өмір  салтын  дамыту  саласында 
облыс  халқының  денсаулығын  нығайту  бойынша 
ҮЕҰ-мен ынтымақтастық. 
7.  Халық 
денсаулығын 
сақтау 
мәселелері 
бойынша  халықтың  науқастануын  және  өлімінің 
алдын  алу  және  азайту  бойынша  әрі  қарайғы 
ведомствоаралық  өзара  әрекеттестік  (экология  ІІД, 
халықтың  құқығын  қорғау  жөніндегі  комитетпен, 
халықтың 
құрылымдармен 
және 
басқа 
да 
ведомстволармен өзара әрекет)
Әлсіз жақтар (W) 
1.  Дәрігер мамандарымен аз қамтылу; 
2.  Емханалардың жетіспеушілігі; 
3.  Стационарлар қажеттілігі; 
4.  Медициналық ұйымдар үлгілі емес бейімделген 
ғимараттарда орналасқан; 
5.  Медициналық 
ұйымдар 
жалдамалы 
ғимараттарда орналасқан. 
Қауіптер  (Т) 
1.  Созылмалы  аурулардың  өсуі  және  бұрын 
белгісіз болған аурулардың пайда болуы. 
2.  Халықтың  тамақтану  сапасының  мәселелері 
және  арудың  алдын  алуға  және  салауатты  өмір 
салтын жүргізуге қатысты нигилизм.  
3.  Ауылдық  денсаулық  сақтау  дәрігерлерінің  30-
35,0%-і  зейнеткерлік  алдындағы  және  зейнеткерлік 
жас  аралығында,  бұл  алдағы  уақытта  дәрігер 
мамандарының тапшылығына алып келуі мүмкін. 
 
 
Негізгі мәселелер:  

 
емханалардың жетіспеушілігі; 

 
дәрігер мамандарының тапшылығы; 

 
медицина қызметкерлерінің еңбекақы төлемінің төмен деңгейі; 

 
медицина  қызметкерлерінің  тұрғын  үймен  жеткіліксіз  деңгейде 
қамтамасыз етілуі; 

 
ғимарат қажеттілігі бар. 
 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау