43
онымен өзара əрекеттесетін денелер де, олар қаншалықта алыста орналасса
да, қандай əлсіз болса да, өзгерісті байқауға болады.
Бұл тұжырымның дұрыс емес екендігін біз қазір білеміз,
- өзара
əрекеттесудің
шектелген максимал жылдамдығы бар, ол жарықтың
вакуумдегі таралу жылдамдығы. Сондықтан үшінші заңның (екінші заңның
да) белгілі қолданылу шегі бар. Барлық денелердің классикалық механика
істес болатын жарық жылдамдығынан əлдеқайда аз жылдамдықтары кезінде
екі заң да аса үлкен дəлділікпен орындалады. Бұған дəлел ретінде
астрономиялық дəлділікпен жүргізілетін планеталар мен жасанды серіктер
траекторияларының элементтерін есептегенде осы Ньютон заңдарына
сүйенетінімізді айтсақ та жеткілікті.
Ньютон заңдары классикалық механиканың негізгі заңдары болып
табылады. Олардың көмегімен кез келген механика мəселелерін шешуге
болады. Сонымен қатар, олардан классикалық механикадан қалған барлық
заңдары шығады.
Галилейдің салыстырмалылық принципі бойынша механика заңдары
барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей. Яғни, (2.6) өрнек барлық
инерциялық санақ жүйелерінде бірдей жазылады. Шындығында да,
материалдық нүктенің
m массасы жылдамдыққа тəуелсіз, яғни барлық санақ
жүйелерінде нүктенің үдеуі де бірдей. Сонымен, барлық инерциялық санақ
жүйелерінде материалдық
үдеуі де бірдей,
F күш те санақ жүйесін таңдауға
тəуелсіз, ол тек материалдық нүктенің басқа денелерге қатысты анықталған
орнымен жəне салыстырмалы жылдамдығымен ғана анықталады, ал бұл
шамалар релятивистік емес кинематикада барлық инерциялық санақ
жүйелері үшін бірдей.
Сонымен, бір инерциялық санақ жүйесінен екіншісіне өткен кезде (2.6)
теңдеуге кіретін барлық үш
m, жəне
F шамалар жəне (2.6) теңдеудің өзі де
өзгеріссіз қалады. Басқаша айтқанда,
теңдеуі Галилей түрлендіруіне
қатысты
инвариантты болады.
§ 2.3. Күштер
Бөлшектің қозғалыс заңын табуды таза математикалық мəселеге
айналдыру үшін ең əуелі (2.6) теңдеуіне сай бөлшекке түсірілген күштерді
жəне олардың қандай шамаларға тəуелділігін анықтау қажет. Əрбір мұндай
заң тəжірибе нəтижелерін өңдеу нəтижесінде алынған жəне шын мəнінде күш
анықтамасы ретінде (2.6) теңдеуге сүйенеді.
Барлық механикалық құбылыстардың негізінде жатқан іргелі күштер –
гравитациялық жəне электрлік күштер болып табылады. Осы күштердің