6
қайта-қайта жасала беретін операцияларды ғана орындамайды, сонымен
қатар өзі де үйренеді. Бұған қоса толық қанағаттандыратын “жасанды
интеллектіні” құру адамзатқа дамудың жаңа деңгейлері ашады.
Адамдарды олардың өздерінің ойлау механизмі əрқашан қызықтырған.
Адамды
ақыл
иесі
ретінде
ерекшелендіріп
тұратын
олардың
интеллектісінің бар болуы. Адам интеллектісі көптеген компоненттерде
тұрады, оның ішінде сыртқы ортамен байланысты болатын сезім мүшелері,
үйренуге икемдігі, бағалауға келмейтін білімдер жиынтығы. Есептерді
шешу барысында байқалатын интеллектінің өзіндік белгілері болып
үйренуге икемділік, жалпылау, тəжірибені (білімді) жинау жəне
өзгерістерге бейімделу болып табылады. Интеллектінің осы қасиеттерінің
арқасында ми əртүрлі есептерді шеше алады, сонымен қатар бір есептен
екіншісін шешуге оп-оңай ауыса алды. Осылай, интеллектісі бар ми алуан
түрлі есептерді шығаруға арналған əмбебап құрал болып табылады, оның
ішінде формалданбаған, стандартты, алдын-ала шешу əдістері жоқ есептер.
Интеллектісі бар ми интеллектуалды есептерді шешуге бағытталған
болса, бұл процесті ойлау немесе интеллектуалды іс-əрекет деп атаймыз.
Интеллект жəне ойлау органикалық түрде теоремаларды дəлелдеу,
логикалық талдау, жағдайларды ажырату, іс-əрекетті, ойынды болжау жəне
белгісіздік жағдайында басқару сияқты тапсырмалармен байланысты.
Осылайша, интеллект деп мидың қабылдау, еске сақтау жəне
бағытталған түрде білімді оқу барысында түрлендіруді пайдалана отырып
тəжірибе жəне түрлі жағдайларға байланысты адаптациялану негізінде
интеллектуалды есептерді шешу мүмкіндігін атаймыз.
Интеллект (intelligence) терминінің өзі латынның intellectus – білім,
ойлау, адамның ойлау мүмккіндігі деген сөздерінен шыққан.
40-жылдары
есептеуіш
машиналардың
жəне
кибернетикадағы
зерттеулер пайда болысымен адамның ойлау табиғаты туралы сұрақ
кибернетикалық аспектіге ие болды. Адамда интеллектуалды деп атайтын
іс-əректтерді машинада құруға ғалымдар барлық күштерін салды. Бұл
зерттеу бағыты «жасанды интеллект» деген атауға ие болды.
Жасанды интеллект (artificial intelligence) – ЖИ (AI) автоматты
жүйелердің адам интеллектісінің бөлек бір функцияларын атқаруын
айтады. Мысалы, ертерек алынған тəжірибе жəне сыртқы əсерлерді
рационалды талдау негізінде тиімді шешімдерді таңдау жəне қабылдау.
ЖИ өзінің пайда болуы жəне дамуымен есептеуіш машиналарға
тəуелді, əдетте бұл бағытты информатика жəне есептеуіш техника
аймақтарына жатқызады. Бұның бəрі Екінші Дүниежүзілік Соғыс аяқталған
соң барлық ойын есептерді жəне жұмбақтарды компьютер көмегімен
шешуден
басталды.
Осы
алғашқы
тəжірибелер
негізінде
туған
фундаменталды идея күйлер кеңістігінде іздеу деген атқа ие.
Сонымен, интеллект деп мидың қабылдау, еске сақтау жəне
бағытталған түрде білімді оқу барысында түрлендіруді пайдалана отырып
тəжірибе жəне түрлі жағдайларға байланысты адаптациялану негізінде
интеллектуалды есептерді шешу мүмкіндігін атайтын боламыз.
7
Бұл анықтамада «білім» деп миға сезім мүшелері арқылы түсетін
ақпаратты ғана атамаймыз. Бұндай типті білім, əрине, өте маңызды, алайда
интеллектуалды іс-əрекет үшін жеткіліксіз. Қоршаған орта объектілері
сезім мүшелеріне тек əсер етіп қана қоймайды, сонымен өзара белгілі бір
қатынастарда болады. Қоршаған ортада интеллектуалды əс-əрекетті іске
асыру үшін, білім жүйесінде сол ортаның моделіне ие болу керек.
Қоршаған ортаның бұл ақпараттық моделінде реалды объектілер
орналасқан, олардың қасиеттері жəне қатынастары тек көрсетіліп жəне есте
сақталып
қоймайды,
сонымен
қатар
ойша
«бағытталған
түрде
түрлендіріледі». Бұнымен қоса, маңыздысы – сыртқы орта моделін құру
«тəжірибе жəне түрлі жағдайларға бейімделу негізіндегі үйрену» арқылы
іске асады.
Интеллект жəне ойлау есептердің белгілі кластарын шешумен
байланысты
Есепті шешу барысында байқалатын интеллектуалдың өзіндік
белгілері –
оқуға, жалпылауға, тəжірибе жинауға жəне есепті шешу барысында
өзгерістерге адаптациялануға бейімділік. Интеллектінің осы қасиеттерінің
арқасында ми түрлі есептерді шеше алады, сонымен қатар бір есептің
шешуінен екіншісіне оңай ауысады. Осылай интеллектісі бар ми көптеген
алдын-ала шығарылу əдістері, стандартты шығарылуы жоқ есептерді шеше
алатын əмбебап құрал.
Басқа да анықтамалар да бар. Колмогоров бойынша ғылым, əдебиет,
мəдениет мəселелерін талқылауға болатын кез-келген материалды жүйе
интелектіге ие. Тьюринг былай түсіндірген: əр түрлі бөлмелерде машина
жəне адамдар бар. Олар бір-бірін көрмейді, бірақ ақпарат алмаса
алады(мысалы, электронды пошта арқылы). Егер диалог барысында
адамдар машиналармен сөйлесіп отырғандарын байқамаса, онда машинаны
интеллектіге ие деп айтуға болады.
Тьюринг берген ойлауды имитациялау жобасы қызығушылық
тудырады: «Ересек адам интеллектісін имитациялауға талпынып, біз адам
миы қазіргі күйге қалай жеткені туралы көп ойлануымыз керек...Неге біз
ересек адам интеллектісін имитациялайтын программа жазғанша, кішкене
бала интеллектісін имитациялайтын программа жазбасқа? Егер баланың
интеллектісі дұрыс тəрбие алатын болса, ол ересек адамның интеллектісі
болмай ма? Біздің есептеу бойынша оған сəйкес келетін құрылғы оңай
программаланып қойла алады... Осылай, біз мəселені екі бөлікке бөлеміз:
«бала-программа» жəне осы программаны «тəрбиелеу» программасы.»
.
Жасанды интеллект жүйесін əр жағынан зерттеу
ЖИ(
Жасанды интеллекті
) əр жағынан зерттеу тарихи түрде қалыптасты,
олар бір бірінен тəуелсіз түрде дамыды, тек ақырғы кезде ғана олардың
жақындасуына жол ашылды: