4
Кіріспе
Соңғы жылдары компьютерлік телекоммуникациялық техниканың
жəне технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Ақпараттық жəне
телекоммуникациялық технологияларды игеру бүгінгі күндері əркім үшін өте
қажет. Қазіргі технологияның дамуы мен оның қолданылуының деңгейі
материалдық базасының дамуымен ғана емес, оның жаңа білімді туындату,
игеру жəне қолдана білу қабілеті мен де анықталады.
Кейінгі кездері оқыту үрдісіне компьютер, электрондық оқулық,
мультимедиалық, Интернет сияқты жаңа ақпараттық коммуникациялық
технологияларды қолданудың дидактикасы мен технологиясы кеңінен
қолданылып келе жатқаны мəлім. Оған Э.В.Еврейнов, В.А.Каймин,
В.В.Гриншкун, О.Околов, Л.Х.Зайнутдинова, П.С.Булкин, Б.И.Волков,
Е.Ы.Бидайбеков,
Г.З.Халыкова,
Ф.Р.Гусманова,
А.Е.Сағымбаева,
Ж.А.Қараев,
Г.К.Нургалиева,
А.И.Тажигулова,
А.С.Қадырова,
Ұ.Нұрманалиева т.б ғалымдар мен əдіскерлердің зерттеулері айғақ бала
алады.
Бүгінгі таңда ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқу
үрдісінде қолдану əлемдік ақпараттық - коммуникациялық білім беру
кеңістігіне қосылуды қамтамасыз етеді.
Логикалық бағдарламаның идеялық тамыры - математикалық логикада,
формуланы жəне формалді анықтау əдісін қолдана отырып, автоматты түрде
нəтиже алуға жəне есепті формалді сипаттау əдісін ашуға септігін тигізуінде.
Есептің шартынан жəне құрылымынан есептің шешімін алатын
бағдарламалық тілді «декларативті тіл» - деп атайды. Мұндай тіл
процедуралы тіл деп аталады. Процедуралық тілде есептің шешімі алгоритім
құруға жəне жетілдіруге жұмсалады.
Марсель-Экс университетінде Алон Колмероэ жəне оның тобы
теореманы дəлелдейтін, Фортранда жасалған бағдарлама құрды. Бұл
бағдарлама қарапайым тілде текстік ақпаратты өңдейтін жүйе. Бағдарлама
Пролог
(Programmation
en
Logiquc)
деп
аталып,
Ковальскидің
интерпретаторын қолданды.
Қазіргі кезде Пролог тілін кез-келген компьютерге қоюға болады.
Пролог логикалық бағдарламалау тілі. Кең таралған түрлері: Arpity-Prolog,
МПролог, Turbo Prolog, Visual Prolog. Пролог тілінің нұсқаларында
айырмашылық болғандықтан оқу жүйесінде аз қолданылады.
Оқулықтың зерттеу нысаны:
Жұмыстың негізгі нəтижесі - логикалық бағдарлама негізінде
предикаттарды есептеу теоремасының түбегейлілігін, белгілеулердің толық
бір жүйе болатындығын дəлелдеу. Осы алынған нəтиже предикаттарды
есептеу тілдік құралы арқылы формальді түрде, осы тілде жазылған
пікірлердің барлық итерпретатциялық жағдайында ақиқат. Бұл дəлелдеуден
кейін пікір жүйелі түрде құралды.
ЭЕМ үшін есепке бағдарлама құрудың негізгі қиындығы машина мен
адам тілінің айырмашылығында емес, олардың əртүрлі ойлауында.
5
Бағдарламалау тілдерінің негізгі даму жолынан, логикалық бағдарламалау
өте ерекше алшақтайды. Логикалық бағдарламалау пікірлерге негізделіп,
компьютердің операциялық терминдеріне адамды ойлауға үйретпей,
компьютерге адамға тəн нұсқаларды орындату.
Оқулықтың зерттеу пəні:
Visual Prolog тілінің негізгі қолдану ортасы:
•
Қолданбалы бағдарламаның жылдам көшірмесін алу;
•
Сараптау жүйелері жəне жасанды зерде ортасындағы зерттеулер;
•
ЭЕМ-мен табиғи тілде қатынасу (табиғи-тілдік интерфейс);
•
Мəліметтер қоры;
•
Робот қимылдарының жоспарын жəне күнтізбе құру;
•
Компиляторлар, ассемблер, диассемблер, бағдарлама конверторын жазу;
•
Автоматтандырылған жобалау жүйелері (САПР).
Оқулықтың мақсаты:
Жасанды интеллект, сараптаушы жүйелер, логикалық бағдарламалау
жүйесімен танысу жəне адамның компьютермен сұхбатын ұйымдастыру
үшін құрылған декларативті бағдарламалау тілдерінің бірі Visual Prolog тілін
оқып үйрену болып табылады.
Оқулықтың міндеттері:
•
Visual Prolog декларативті программалау тілінің ортасында жұмы істеудің
ерекшелігін анықтау;
•
Студенттерге жасанды интеллект пəннің оқу-əдістемелік кешенін
дайындауды жетілдіру;
•
Visual Prolog тіліне зертханалық жұмыстар жүргізу;
•
Осы бағдарлама негізінде тест сұрақтарын құрастыру;
Оқулықтың ғылыми болжамы:
Visual Prolog декларативті программалау тілін құруды жəне үйретуді
кеңінен қолға алынса, ойлау қабілетін жетілдіреді жəне құрылымдалмаған
бағдарлама жазуға мүмкіндік береді. Дəстүрлі тілде жазылған бағдарламалар,
алгоритімнің жазылуына қарай мəліметтерді белгілі ретпен өңдейді.
Бағдарламалауды үйрену үшін бағдарламалау керек жəне оны жаза білу
керек. Ол үщін міндетті түрде бағдарламалау тілі жəне өңдеу ортасын
меңгеру керек.
1.ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖƏНЕ
VISUAL PROLOG ДЕКЛАРАТИВТІ
ПРОГРАММАЛАУ
ТІЛІНІҢ
ОРТАСЫ
1.1.Жасанды
интеллектінің
негізгі
ұғымдары
мен
даму
тенденциялары
Қазіргі
кезде
программистің
жұмыс
істеу
сапасы
дəрежесі
интеллектуалдық жүктеудің көп бөлігін компьютерлер орындағанда ғана
жоғары болады. Бұл аймақта максималды прогреске қол жеткізу үшін
“Жасанды интеллект” əдісі қолданылады, мұнда компьютер бір типті жəне