78
8. Дәлел келтіріп, тұжырымдамалар мен қорытынды шығару үшін сын тұрғысынан
ойлаудың пайдаланылуын негіздеңіз, сондай-ақ мұны қоғамдық ғылымдарды оқыту
мен оқуда қалай қолдануға болатынын анықтаңыз.
ЖҰМЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - аКТ) дамуы білімді бағалау
және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда
қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін
Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ
оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының
барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық
технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. аКТ оқушыларға ғылыми
ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,
мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту
барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет. Осы тарауда ұсынылған ақпарат
мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқыту мен оқуды жетілдіру
мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.
Тарихи шолу
Бекта (2003) сыныпта аКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталай
жақсарғандығын байқаған. Соған қарамастан, зерттеу нәтижелері жалпы әсердің әртүрлі
екендігін, әрі аКТ қандай жағдайда неғұрлым нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенін
көрсетіп отыр. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірқатар
сипаттамалары анықталды (Kennewell and et al., 2008), алайда сонымен бірге аКТ көп
жағдайларда оқуға кедергі келтіретіні анықталды (Birnbaum, 1990). аКТ оқушыларды танымдық
және метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыра алатындығының
дәлелдері жеткілікті (Сох, 1997). Дегенмен бұл ынталандыру барлық пәндер бойынша үлгерімді
жақсартуға әкелмеуі де мүмкін. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей, аКТ ықпалы мұғалімнің
пәндік білімінің деңгейіне, педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, сондай-ақ
олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлылығына байланысты.
аКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе проекторы
мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің өзі неге тұрады
(Kennewell and Beauchamp, 2007). алайда техникалық құралдардың болу фактісі оқыту мен
оқудың техникалық емес құралдарының көмегімен жетістікке жетуге болатын аспектілер
бойынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмайды (Beauchamp,
2006). Сондықтан аКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық білімдерін
дамытуға тиісті (Mishra and Koehler, 2006) және мұғалімдердің осы технологияны пайдаланудағы
құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек (Kennewell and Beauchamp, 2007).
Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру
үдерісін түрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту
технологиялары сабақтасып жатуы керек дейді. Бұдан басқа Мишра мен Келер мұғалім білімнің
барлық үш саласын байланыстыруға қабілетті, олар шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесіне
ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Бұдан әрі зерттеушілер осындай мұғалімдер
зертханада жұмыс істейтін практик ғалымдармен, бағдарламашылар, технологиялық
сарапшылармен немесе жаңа технологияларды қолдану саласындағы білімі кемшін түсіп
жататын тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда, оқыту мен оқуда аКТ-ны қолдануда асқан
ептілік танытады деп қорытады.
79
Заманауи түсінік
Білім салалары
рефлексиялаушы кәсіпқойды даярлау жеке тұлғалық, жалпы мәдени білімділікті, кәсіби-
педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу тәжірибесін
және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді.
Осы екінші деңгей бағдарламасы оқу мен оқыту туралы ғылыми-теориялық білімдерінің
тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына
ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік
білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген (19-сурет).
19-сурет. Мұғалімдерді даярлаудың тұжырымдамалық құрылымы
Білікті мұғалім үшін
жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік
білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. аКТ-ны енгізген кезде теориялық және
тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл
оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және
тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны,
әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады (20-сурет).
Келесі тарауда аталған салалардың әрқайсысына түсініктеме беріліп, олардың өзара
әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын білім түрі анықталады.
80
20-сурет. Білім салалары (http://tpack.org/)
Пәндік білім (ПБ)
Пәндік білім дегеніміз – оқытылатын пән бойынша өзекті білімдер. айталық, химия
пәнінің білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті
түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған
сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгі
білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа дейінгі
оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың
нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химия пәні мұғаліміне
оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен
шараларды түсіну қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеу
жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек. алайда пән мазмұнын жан-
жақты білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді.
Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді
дамыту қажеттігін көрсетеді.
Педагогикалық білім (ПедБ)
Педагогикалық білім – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін
білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.
Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту
үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға
қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер
мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын
бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды
қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие,
олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын
мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын,
оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді.
21-суретте педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқыту мен оқудың
тоғыз түйінді
ұстанымы сипатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |