Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында


тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет15/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66

35
 
 
тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық тұрғыда пікір білдірген 
әртүрлі көзқарастарды қарастырамыз. 
Жүйелік  көзқарас  көптеген  теориялық  және  қолданбалы  мәселелерді 
шешу үшін ғылымда кеңінен қолданылады. Жүйелік көзқарастың философиялық 
негіздері 
Б.Г.Ананьев, 
В.П.Кузьмин, 
Б.Ф.Ломов 
В.Д.Шадриков, 
Г.В.Суходольский,  Г.С.Никифоров  және  т.б.  жұмыстарында  ұсынылған. 
Жүйелік  зерттеулердің  жалпы  міндеттері  –  жүйелерді  талдау  және  синтездеу. 
Талдау үдерісінде жүйе қоршаған ортадан бөлінеді: оның құрамы, құрылымы, 
функциялары,  қасиеттері,  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынас  жасаудың 
жүйелік  факторлары  айқындалады.  Синтездеу  үдерісінде  оның  абстрактілі 
сипаттамасының  негізінде  құрылымы  мен  құрылымының  толықтығы, 
сипаттаманың  негіздері,  динамика  мен  мінез-құлық  заңдарының  анықталған 
нақты жүйелі моделі құрылады. Жүйелік тәсілді қолдану нәтижесінде объективті 
шындықтың  күрделі  құбылыстарының жүйелік  сипаттамаларын  алуға  болады. 
Жүйелік  тәсілдің  мәні,  салыстырмалы  түрде  дербес  компоненттер  оқшау 
қарастырылмайды, олардың өзара қарым-қатынасында, басқа жүйемен бірлікте 
қарастырылады;ал  кез  келген  объект  жүйе  ретінде  де,  үлкенірек  қамтылатын 
жүйенің элементі ретінде де қарастырылады. Біздің ойымызша, жүйелік тәсілдің 
ұстанымдары «басқару құзыреттілігі» ұғымының анықтамасында байқалады.Бұл 
кәсіби  құзыреттілік  компонентін  құрайды.  Осылайша,  В.И.Бондарь  және 
И.Ильина  «басқарушының  –  мектеп  директорының  басқару  құзыреті  –  оның 
кәсіби құзыреттілігінің кешенді жүйесінің ажырамас бөлігі», – деп санайды [60; 
61].  Е.П.Тонконогая  оқу  мекемесінің  басшысының  қызметін  басқарушылық 
мамандық  ретінде  қарастырады,  ол  кәсіби  және  басқарушылық  құзыреттілік 
ұғымдарын бір-бірінен бөліп қарастырмауға тырысады  [62]. М.Кяэрст басқару 
құзыреті түсінігі бойынша менеджердің кәсіби құзыреті мен басқару құзыретін 
теңестіре  қарайды.  Біздің  зерттеуімізде  жүйелі  тәсіл  негізінде,  мұғалімнің 
басқару  құзыреттілігінің  элементі,  оның  кәсіби  құзыреттілігі  жүйесінің 
компоненті ретінде қарастырамыз  [63].  
Осы  аспектілерге  сәйкес  басқарушылық  құзыреттілік  іс-әрекетке  
бағытталған  және тұлғалық бағыттағы тәсілдер шеңберінде қарастырылады. 
Әртүрлі қызмет түрлеріндегі құзыреттілікті анықтау негізі ретінде көптеген 
ғалымдар  іс-әрекет  тәсілдерін  пайдаланады,  өйткені  құзыреттілік  ақпарат 
түрінде  ешкімге  берілмеуі,  ол  тек  өз  іс-әрекеттерін  өзгерту  үдерісінде  ғана 
қалыптасуы  мүмкін  (В.В.Давыдов,  А.Н.Леонтьев,  Г.П.Щедровицкий).  Мұндай 
көзқараста оқиғалар немесе құбылыстар әлеуметтік қатынастар жүйесіне кіретін 
субъектілердің  (басқарушы  және  басқарылушы)  іс-әрекеті  (басқару)  негізінде 
қарастырылады.  Педагогтың    басқару  құзыреттілігін  іс-әрекеттік  көзқарас 
тұрғысынан  анықтау,  зерттеу  И.Ф.Исаев,  В.Г.Онушкин,  Ю.В.Варданян, 
Л.Н.Берестова,  В.А.Сластёнин  және  т.б.  еңбектерінде  қарастырылған.  Бұл 
ғалымдардың  зерттеулерінде  педагогтың  басқарушылық  құзыреттілігі 
басқарушылық  іс-әрекетті  жүзеге  асыру  үшін  теориялық  және  практикалық 
дайындықтың  бірлігі  ретінде  қаралады,  онда  мұғалімнің  басқару  құзыретінің 
құрылымы осы дайындықты сипаттайтын басқару функцияларымен байланысты 


36
 
 
дағдылардан  тұрады.  Сол  ұстанымнан  бастап  осы  тәсілдің  шеңберінде 
Л.Н.Берестова  [64]  «басқарушылық  құзыреттілікке»  білім  мен  басқарушылық 
дағдыны  қосады.  Осы  тәсілдің  аясында  Л.И.Панарин  сондай-ақ  басқару 
құзыреттілігін  кәсіптік  білімді  іс  жүзінде  қолдануға  дайындық  және  өз 
жұмысында  коммуникативтік,  құрылымдық  және  ұйымдастырушылық 
дағдыларды  қолдану  екенін  анықтайды  [65].  В.Г.Онушкин,  А.К.Маркова, 
П.В.Симонов,  В.А.Сластёнин,  Т.И.Шамова,    және  т.б.  басқару  құзыреттілігі 
түсінігіне басқару дағдыларын; ресми өкілеттіктерді кәсіби түрде орындау үшін 
қажетті білімдердің болуын (қолдану деңгейінде) қосады [66-70]. В.И.Бондарь 
[71]  іс-әрекеттік  көзқарас  шеңберінде  басқарушылық  құзыреттілікті  білімнің, 
дағдылардың  және  басқарушылық  функцияларды  орындауға  дайындықтың 
жиынтығы ретінде анықтайды. Осы тәсілге сәйкес В.Р.Веснин [72] басқарушы 
құзыреттілікке  қызметкердің  өз  функцияларын  қалыпты  және  төтенше 
жағдайларда  сапалы  және  қатесіз  орындау  қабілеті  деген  анықтама  береді. 
Басқару  құзыретінің  негізгі  түрлерінде  зерттеуші  басқарушының  кәсіби  білімі 
мен  оларды  жүзеге  асыру  дағдыларымен  сипатталатын  функционалдық 
құзыреттілігін; интеллектуалдық-аналитикалық ойлау қабілетіне ие болу мен өз 
міндеттерін орындауға кешенді тәсілді енгізу және ахуалға сәйкес әрекет етуге 
мүмкіндік беретін жағдайды анықтайды. 
Осылайша,  іс-әрекеттік  көзқарас  тұрғысынан  басқару  құзыреттілігі 
теориялық  (қолданбалы  деңгейде  білім)  және  практикалық  (функцияларды 
орындау  деңгейінде  дағды,  міндет)  басқарушылық  іс-әрекетке  дайындығы 
ретінде қарастырылуы мүмкін. 
Білім  берудегі  тұлғалық-бағдарлық  көзқарас  адамның  жеке  тұлға 
ретіндегі  әлеуметтік,  іс-әрекеттік  және  шығармашылық  мәні  туралы  ұғымды 
бекітеді (Б.С.Гершунский, Э.Ф.Зеер, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Л.М.Митина, 
В.В.Сериков, В.А.Сластёнин, И.С.Якиманская және т.б.).  
Тұлғаға  бағытталған  бағдар  педагогикалық  үдерісті  мақсатқа,  пәнге, 
нәтижеге, оның тиімділігінің негізгі өлшеміне  қарай жеке тұлғаның құрылуына 
және жүзеге асырылуына бағдарлауды білдіреді. Оқытушының «басқарушылық 
құзыреттілік»  тұжырымдамасының  ерекшеліктерін  және  жеке  бағдарлы 
көзқарасты  зерттеу кезінде Р.Бойацис, басқарушылық құзыреттілікті басқару 
сипаттамаларының  сәйкестендірілген  үлгісіне  сәйкес  басқару  қабілетін 
қалыптастыру  деген  тұжырымға  сүйенеді,  ол  «шекті»  және  «айрықша» 
топтардағы жетекшілер қабілетін – мақсаты мен әрекетін, көшбасшылығы мен 
адам ресурстарын басқаруды, қоластындағыларға жетекшілік, басқаларға назар 
аударуды  қамтиды  [73].  Р.Л.Крычевскийдің  айтуынша,  менеджердің  басқару 
құзыретіне  оның  жеке  жұмысының  тиімділігіне  ықпал  ететін  жеке 
сипаттамалардың  жалпы  тізімін  қосуға  болады  [74].  Оларға  мыналар  жатады: 
үстемдік, өзін-өзі қамтамасыз ету, эмоционалды салмақтылық, шығармашылық, 
жауапкершілік,  дербестік,  көпшілдік  –  бұлар  арқылы  көшбасшы  өзінің  кәсіби 
қызметінде шығармашылық көзқарастарын жүзеге асыру қабілетін анықтайды. 
Осы  тұрғыдан  И.П.Семыкин  ұстанымы  адамның  психикалық  және 
психофизикалық  сипаттамаларының  жиынтығы  ретінде  басқарушының  кәсіби 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау