Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет11/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66

27
 
 

субъектілердің  өзара  әрекеттестігі  –  бұл  негізде  өзгерістер  тек  өзара 
байланысты  емес,  сонымен  өзара  шартталған  негізде  болады  (А.Т.Абрамов,  
П.И.Третьяков, Т.И.Шамова, Д.В.Юдин және т.б.) 
Біз  өз  тарапымыздан  басқаруды  соңғы  бағытқа,  яғни  субъектілердің 
өзараәрекеттестігіне  сәйкес  қарастырамыз.  Өйткені,  өзара  әрекеттестік 
зерттеу  объектісі  ретінде  педагогикалық  үдерісті  оқытушы  мен  студенттің 
шығармашылық өзара әрекеттестігі шарттарының тиімділігін (Медеуова Т.А.), 
білім беруді ізгілендіруде пән аралық байланыс үдерісінде (Бейсенбаева А.А.), 
мектепте педагогикалық үдерісте ынтымақтастық педагогикасының идеяларын 
іске  асыру  (Хан  Н.Н.),  ЖОО-нда  педагогикалық  үдерістегі  кәсіби  өзара 
әрекеттестіктің  болашақ  мұғалімдер  кәсіби  даярлығының  сапасына  әсері 
тұрғысынан  (Каргин  С.Т.)  зерттеумен  байланысты.  Бұл  жұмыстардың  біздің 
мәселемізге қатысты құндылығы болашақ маманның басқарушылық іс-әрекетке 
қатысты ұстанымдық бағытын нақтылауға мүмкіндік береді.  
«Басқару» түсінігін қарастыра келе, зерттеушілер оны екі негізгі аспектіге 
бөліп анықтағанын байқадық: 
-  функционалдық  бөлу  және  басқару  функцияларын  талдау.  Негізінде 
«ғылыми басқару» мектебінің идеялары жатыр (Ф.Тейлор, Л.Маллинз); 

жеке  тұлғалық  бөлу.  Көшбасшының  тұлғалық  қасиеттерін  анықтау 
негізінде «адами қатынастар» мектебінің идеялары жатыр (Сократ, Аристотель, 
Әл-Фараби,  Ж.Баласағұни,  Қ.А.Иассауи,  А.Иүгінеки,  М.Қашқари,  Э.Мэйо, 
В.М.Шепель және т.б.). 
Сонымен,    білім  берудегі  басқарудың  екі  негізгі  деңгейі  бар.  Бірінші 
деңгей  –  оқу  орнын  ұйым  ретінде  басқару.  Екінші  деңгей  –  мұғалімнің 
басқару деңгейі. 
В.И.Кочетков  басқарудың  бірінші  деңгейінің  мақсаты  –  шығармашылық 
әлеуетін  дамыту  және  өзін-өзі  дамыту  арқылы  білім  беру  мекемелері 
оқытушыларының өнімділігін қамтамасыз ету деп, ал екінші деңгейдің мақсаты 
–  әрбір  білім  алушының  шығармашылық  мүмкіндіктерін  және  қабілеттерін 
барынша ашу және дамыту арқылы оқыту үдерісін оңтайлы басқаруды жүзеге 
асыру  деп  негіздеген  [30,  с.  28].  Жалпы  алғанда,  басшылық  ету  –  басқару 
шешімдерін әзірлеу, қабылдау және енгізу үдерісі. Басқару жекелікке, топтыққа, 
ұжымдыққа  бағытталған  және  тұлғаның  қажеттіліктеріне,  құндылықтарына, 
көзқарастарына, қарым-қатынастарына әсер етіп, кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін 
арттыратын  экономикалық,  әкімшілік,  психологиялық  және  педагогикалық 
әсерлері  арқылы  халықтың  іс-әрекетін  оңтайландыруға  бағытталған  кәсіби 
қызмет түрі [31, с. 117]. 
Біз жұмысымызда басқарудың екінші деңгейін, яғни, мұғалімнің басқару іс-
әрекетін  қарастырамыз.  Мұғалімнің  дәстүрлі  қызметі  білім  берудің 
процессуалдық  аспектісіне  бағытталған.  Бұл  экономикалық  сипатта  емес, 
өйткені  білім  беру  жұмысының  үлкен  көлемін  жүзеге  асыруға  бағытталған. 
Тактикалық  міндеттер  стратегиялық  маңызға  ие.  Мұғалім  күн  сайын 
педагогикалық  жағдайдағы  өзгерістерге  жауап  береді,  бірақ  оқу  үдерісінің  
дамуын болжамайды. 


28
 
 
Қазіргі  заманғы  кәсіби  мектеп  тек  жаңа  материалды  түсіндіруге  және  өз 
жұмыстарын  ұйымдастыруға  қабілетті  пән  мұғалімдеріне  ғана  емес,  сонымен 
қатар  білім  алушылардың  оқу-танымдық  белсенділігін  сауатты  басқаруға 
қабілетті пән мұғалімдерін қажет етеді. Біз мұғалімнің басқарушылық іс-әрекетін 
«басқарылатын  кәсіпорын  жүзеге  асыратын  үздіксіз  іс-қимыл  үдерісі,  оның 
нәтижесінде  басқарылатын  объектінің  имиджі  қалыптасады  және  өзгереді, 
бірлескен  қызметтің  мақсаттары  анықталады,  оларға  қол  жеткізу  жолдары 
анықталады, оның қатысушыларының жұмысы бөлінеді және күш біріктіріледі» 
делінген тұжырымдарды қолдаймыз [32, с. 75]. 
Мұғалімнің  басқарушылық  іс-әректінің  теориясының  даму  кезеңдері  1-
суретте көрсетілген. 
 
 
Мұғалімнің  басқарушылық  іс-әрекетіндегі  алғашқы  көріністердің  бірі  – 
бақылау – білім алушылардың білімдерін, дағдыларын және әдеттерін анықтау, 
бағалау. Н.И.Пирогов өз еңбектерінде білімді жүйелі түрде тексеру қажеттілігін, 
оларды  есепке  алуды,  оқушылардың  өзіндік  жұмысының  рөлін  атап  өтті 
[34,с.10].  Мұғалімнің  басқару  қызметін  қалыптастыру  мен  дамытудың  келесі 
кезеңі үшін білім беру үдерісіне жоспарлауды енгізу, педагогикалық қызметтегі 
еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру  принциптерін  қолдану  тән,  бұл  әкімшілік 
қызметтің саласын кеңейтуді білдіреді. Педагогикалық технологияларды оқыту 
практикасына  енгізу  оқыту  іс-шаралары  аясында  бақылаудың  әсерін  ендіру 
қажеттігін  анықтады.  Педагогикалық  шеберліктің  ең  жоғары  деңгейі  – 
педагогикалық басқару әдістерін меңгеру, ол дербес ғылыми білім саласы және 
тұтас педагогикалық үдерісте адамның психикалық әрі әлеуметтікдаму үдерісін 
басқарудың  принциптері,  құралдары  мен  технологияларының  жиынтығын 
білдіреді.  Сонымен,  біз  басқару  ұғымын  өзіміздің  зерттеу  пәнімізге  сәйкес 
«оқыту  мен  тәрбие  үдерісінде  субъектілердің  өзараәрекеттестігінің  адами 
қарым-қатынаста  нәтижелі  жүзеге  асуын  қамтамасыздандыру»  деп 
тұжырымдаймыз. 
Педагогикалық менеджмент педагогикалық білімнің дербес ғылыми саласы 
ретінде 
Білім беру қызметін басқару 
 
 
Мұғалімнің жұмысын ғылыми 
тұрғыда ұйымдастыру 
 
Білім алушылардың 
білімдерін, қабілеттерін, 
дағдыларын бақылау, бағалау 
 
 
Сурет 1 - Мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті теориясының даму 
кезеңдері [33, с. 34] 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау