92
іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқықылы. Кәсіпкерлер қызметінің
барысы, заңға қайшылық етпесе, шектелмейді. Олар: Кәсіпкерлер
Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы,
Шағын кәсіпорындар Одағы және т.б. Кәсіпкер жұмысқа кез келген
адамды тарта алады, осы қатынасын шарт арқылы бекітеді. Бұл кезде
оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі
тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер
ұсынуы қажет.
Кәсіпкердің мемлекетпен өзара қарым-қатынасы да белгіленген.
Мемлекеттік басқару органдары кәсіпкерлермен экономикалық әсер
ету механизмінің әр түрлі тұтқаларын қолдана отырып қатынасқа
түседі. Ол тұтқалар мыналар:
•
салық және қаржылық-несиелік саясат, соның ішінде
экономикалық санкция (салық мөлшерлемелері, несие бойынша
пайыз, т.б.)
шаралары;
•
баға белгілеу саясатын реттеу;
•
монополияға
қарсы заңдылық;
•
мемлекеттік мүлік және резерв жүйесі, лицензия, лизинг;
•
сыртқы
сауда және валюта саясаты;
•
мемлекеттік тапсырыстар;
•
ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламалар.
Республика кәсіпкерлерінің бар көңілі мен энергиясы белгілі
бір нақты нәтижелерге бағытталуы тиіс. Олар мынадай сипатты
белгілерге ие болады:
•
шешімдерді
өз бетімен қабылдау;
•
жаңалықтарға икемді болу;
•
бизнеске
белсенді қатысу;
•
жаңалықтарды батыл енгізу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14
маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік
кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы»
Жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау
мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым
иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне
негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген.
Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі
өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және
93
қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған
кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дәрменсіздігін
белгілеп, таратуға негіз салу маңызды.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке
іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның
мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке
кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің
мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл
үшін мемлекет жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға
мәртебесін береді.
15. Қазақстанда аймақтық басқару стратегиясы
Әлеуметтік-экономикалық дамуды
басқарудағы аймақтардың стратегиясы
Қазақстанда аймақтардың дамуына байланыста ҚР Президентінің
арнайы бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін
аймақты дамыту Стратегиясы бар. Бұл стратегияда елдің аймақтық
дамуының стратегиялық мына бағыттары анықталған:
•
аймақтық және әлемдік экономикада елдің тиімді ұстанымын
әзірлеу және іске асыру;
•
елдің
тиімді аймақтық ұйымдары;
•
аймақтарда тиімді экономикалық ұйым;
•
территориялардың экологиялық жағдайын жақсарту және
т.б.
Мемлекеттік даму барысында аймақтардың және олардың билік
ететін органдарының рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып
қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай
көптеген жағдайлар әсер етеді:
•
өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым рөл
атқаруы;
•
аймақтардың өзара
байланыстарының едәуір ұлғаюы;
•
еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;
•
аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының
күрделене түсуі;
•
территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен
халықаралық маңызының артуының үдеуі.
Бұл үрдістің дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар