Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет25/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95

80
тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.
Қазақстанның реттеулі нарықтық 
экономикаға өту тұжырымдамасы
Экономиканы  тұрақтандыру  мақсатында  Республика  Үкіметі 
нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдама 
мемлекеттік  және  экономикалық  егемендіктің  қағидаларына 
негізделген.  Онда  нарыққа  өтудің  стратегиялық  бағыттары 
анықталған.  Реттеулі  нарықтық  экономикаға  өту  келесі  негізгі 
бағыттардан құралады:
-  мемлекет  иелігінен  меншікті  алу  –  ол  мемлекеттік  меншік 
монополиясын  жою  және  өндірушілердің  бәсекесін  дамытуға 
жағдай  туғызу.  Қазақстан  жағдайына  акционерлік,  ұжымдық, 
кооперативтік, мемлекеттік және жекеменшікке ауыстыру арқылы 
жүргізу;
-  монополиясыздандыру  және  монополияға  қарсы  шаралар  – 
аталмыш заңды қабылдау, еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және 
қатарлы  өндірістік  құрылымдарды  дамыту,  шетелдік  капиталды 
ұдайы қатыстыра отырып бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру;
- қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру;
- баға құрылымы саясаты (басты тағам өнімдерін басқа тұтыну 
өнімдері  мен  қызмет  түрлеріне  бағаны  нарық  талабына  қарай 
қалыптастыру).
Аталған реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында 
негізгі қағидалар белгіленген. Олар төменде көрсетілгендей:
- Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен 
үстемділігі;
- меншік түрлерінің әртурлілігі және олардың еркін дамуы мен 
бәсекесі;
- дербес баға белгілеу саясаты, еркін бағалау;
- сыртқы экономикалық саясатты жүргізудегі толық дербестік.
Нарық  жүйесін  ұйымдастыру  мен  оларды  реттеу  тетіктері 
келесіні қамтиды:
-  нарықтық  инфрақұрылымды  қалыптастыру  (коммерциялық 
банктер, тауар және қор биржалары, маркетинг орталықтары, көлік 
қызметі, коммерциялық ақпарат орталықтары, т.б.);
- өндірістік құралдар нарығы;
- тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығы;


81
- еңбек нарығы;
- қаржы нарығы. Республикадағы қаржы нарығының қалыптасуы 
банк  жүйесі  заңдылықтары  негізінде,  Ұлттық  Банктің  бірінші 
деңгейдегі  банк  ретіндегі  мәртебесін  белгілеуді;  коммерциялық 
банктердің  екінші  деңгейдегі  банк  ретіндегі  қызмет  жасау 
шарттарын  анықтауды;  қаржы  нарығының  заңдылық  актілерін 
қабылдауды;  сондай-ақ  шетелдік  капиталды  ішке  енгізуге  жағдай 
туғызуды қамтиды.
Қазақстан Республикасының 
қалыптасу және даму стратегиясы
Стратегияның  маңызды  элементтерінің  бірі  –  Қазақстанның 
қайта түлеуі мен дамуының қарқыны болып табылады.
Дүние  жүзінің  бірқатар  елдерінде  жедел  экономикалық  өсу 
стратегиясы  ойдағыдай  жүзеге  асырылған.  Олардың  қатарында: 
ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг бар.
Нарықтық экономика ұдайы өз арнасымен, «өз заңдылықтарымен» 
ілгерілеп отыруы тиіс, өйткені оның өзіне тән кезеңдері мен соған 
сәйкес келетін нақты міндеттері бар.
Бірінші  кезең  1992-1995  жылдарды  қамтиды  және 
макроэкономикалық  тұрақтандырудың  екі  негізгі  процесімен 
сипатталуға тиіс: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде 
алу, оны жекешелендіру және тұтыну рыногын тауарлармен толтыру.
Меншікті  реформалау  бұл  уақыт  ішінде  белгілі  бір  формада 
мемлекеттік  меншіктің  барлық  объектілерінде,  стратегиялық 
маңызы бар және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқаларда 
іс жүзінде жүргізілуге тиіс.
Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің қысқа мерзімін, жоғары 
қайтарымын,  коммерциялық  өнімді  тез  алуды  қамтамасыз  ететін 
дүниежүзілік деңгейдегі жаңалықтарды анықтау және алмасымды 
кәсіпкерлікті  дамыту  мақсатымен  республиканың  ғылыми-
техникалық әлуетіне егжей-тегжей тексеру жүргізу қажет.
Екінші  кезең  (1996-2005  жылдар).  Экономиканың  шикізаттық 
бағытын біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік 
жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған 
тауар және валюта рыногын бұдан басқа: капитал, жұмысшы күші, 
бағалы қағаздар, зияткерлік меншік рыноктарын да құру болмақ.
Екінші  кезең  ішінде  экономиканың  қарқынды  дамуының 


82
қозғаушы күштері мен ынталандырмалары:
- толық нарықтық механизмдер;
- барлық тауар өндірушілердің шынайы еркіндігі;
- табиғатты ұтымды пайдалану;
-  шапшаңдығын  үдете  түскен  жоғары  технологияларды  игеру 
процесі мен дүние жүзі экономикасында шептерді жеңіп алу;
-  отандық  және  халықаралық  бизнес  саласында  білікті  кадр 
корпусы пісіп-жетілуге тиіс.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзіміне дейін созылып, ашық үлгідегі 
экономиканың  шапшаң  қарқын  алып  дамуымен  сипатталады, 
соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, 
Қазақстанның  әлемдік  саудадағы  айқындамасының  нығаюымен 
және дүние жүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кірумен 
сипатталатын болады.
Нарықтық қатынастардың құрылуына орай бюджет тапшылығы 
және  валютаның  өтімділік  проблемасы  шешіледі.  Мемлекетте 
тек  басқа  құрылымдардан  гөрі,  бұған  нарықтық  құрылымдарды 
қосқанда, ол жақсырақ атқаратын функциялар ғана қалады.
Бұрынғы  экономикалық  ақпарат  жүйесі  экономикадағы  болып 
жатқан  процестерді  білікті  бағалау  үшін  жарамсыз  болып  қалды, 
өйткені ол жаңа өндірістік қатынастарға жауап бере алмайды.
«Қазақстан-2030»  бағдарламасында  көрсетілген  стратегиялық 
болашаққа  қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске 
асыру қажет.
1.  Ұлттық  қауіпсіздік.  Аймақтық  тұтастығын  толық  сақтай 
отырып,  Қазақстанның  тәуелсіз  егемен  мемлекет  ретінде  дамуын 
қамтамасыз ету.
2.  Ішкі  саясатта  саяси  тұрақтылық  пен  қоғамның  топтасуы. 
Қазақстанға  бүгін  және  алдағы  ондаған  жылдар  ішінде  ұлттық 
стратегияны  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  ішкі  саяси 
тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
3.  Шетел инвестициялары мен ішкі қорлардың деңгейі жоғары 
ашық  нарықтық  экономикаға  негізделген  экономикалық  өсу. 
Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта 
түсетін қарқынына қол жеткізу.
Біздің  салауатты  экономикалық  өрлеу  стратегиямыз  мықты 
нарықтық  экономикаға,  мемлекеттің  белсенді  рөліне  және 
айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау