274
сынамалаудағыдай және 4 қалыпына көлікшінің кран тұтқасын
орнатуы қажет. Басты топтың әр вагонының тежеуіштерінің іске
қосылуын көлікшінің көмекшісі орындайды (басты бөліктегі вагондар
санын жол бастығы орнатады) және «тежеуді жіберу» бұйрығын
береді. Тежеуді жібергеннен кейін көлікшінің кран тұтқасы 1 қалыпта
болған кезде көмекші кабинаға қайта оралып көлікшіге тексеру
нәтижелерін баяндайды.
Егер жүк пойызының құйрығында итеретін локомотив болса,
пойыздың жалпы магистральына қосылған тежеуіш магистраль, радио
байланыс дұрыс жұмыс жасаса, тежеуіш желінің тығыздығын
тексермейді және тежеуіш сынамалауын жүргізбейді. Пойызды
жіберер алдында итеретін локмотивтің көлікшісі радио байланыс
бойынша басты локомотивтің көлікшісіне тежеуіш магистральдағы
қысымның мағынасын баяндауға міндетті.
11.3. Пойыздарды тежеуіштермен қамтамасыз ету
және олардың дұрыс жұмыс істеуі туралы ВУ-45
анықтамасы және оларды дұрыс толтыру тәртібі
Вагондарды тексеруші тежеуіштерді толықтай сынау нәтижесі
бойынша машинистке ВУ-45 нысанды анықтама жасап, береді. Егер
оны стационарлық компрессорлық құрылғыдан немесе басқа
локомотивтен бастап толық сынағаннан кейін орындаса, тежеуіштерді
қысқартылған сынау кезінде де жасайды.
ВУ-45 нысанды анықтаманы екі данадан ресімдейді. Машинист
оны жол жүру соңына дейін сақтайды және жылдамдық өлшейтін
лентамен бірге тапсырады, ал тексеруші анықтама көшіремесін жеті
тәулік сақтайды. Локомотивтік бригаданы ауыстырған кезде
анықтаманы алмасушы машинистке береді де, жылдамдық өлшейтін
лентаға тиісті жазба қалдырады.
Автотежеуіштерді топпен тексерген кезде артқы топ вагондарын
қараушы жеке параққа артқы вагонның тежеуіш цилиндрі штогының
нөмірі мен шығуын, артқы вагонның тежеуіштік магитраліндегі
қысымды, екі артқы вагонды (пойыздың 100 өстен артық ұзындығы
кезінде) босатудың ең көп уақытын жазады да қол қояды, төменгі
жағына ол бас топтың тексерушісімен кездесетін вагонның нөмірін
жазады. Бас тексерушісі алынған парақта көрсетілген деректер
негізінде ВУ-45 нысанды анықтамаға жазба жасайды. Берілген парақты
ВУ-45 нысанды анықтамамен бірге жеті күн сақтайды.
Анықтамада мынадай деректер көрсетіледі:
қалыпты қысудың талап етілетін және нақты есептік мәні;
жүк, жүк-жолаушылар және почта-жолжүк пойыздарын орнында
ұстау үшін талап етілетін қол тежеуіштерінің саны (бұл ретте
локомотивтер салмағы есептелмейді);
275
қол тежеуіштік өстің нақты болуы;
артқы вагонның нөмірі;
бас және артқы топ тексерушілерінің кездесетін вагонының нөмірі;
артқы вагонда тежеуіш цилиндрі штогының шығуы;
пойыздағы композициялық қалыптардың саны (пайызбен);
анықтама беру уақыты;
машинист краны тұтқасының II және IV жағдайы кезіндегі тежеуіш
желісінің тығыздығы туралы ақпарат;
артқы вагонның тежеуіштік магистралінде зарядты қысымның мәні;
ұзындығы 100 өстен асатын жүк пойыздары үшін екі артқы
вагондардың автотежеуіштерін босатудың ең көп уақыты.
Барлық сериялы электр пойыздары, барлық индексті және Д ДР1
сериялы
дизель-пойыздар,
барлық
сериялы
жолаушылар
локомотивімен жолаушылар пойызы және барлық индексті ВЛ80 жүк
локомотивтері, ВЛ82, ВЛ82
м
, ВЛ10, ВЛ10
у
, ВЛ11, ВЛ11м, ВЛ65, және
жолаушылар тасымалдауға арналған тұтас темір вагонынан және РИЦ
габаритті вагондардан (48 тс дейін облысаралық ыдыстан басқа)
құрылған құрамдар үшін тежеуіш қосылып, 100 % дұрыс жұмыс істеп
тұрған кезде есептеусіз (сағатына 120 шақырымға дейін қозғалыс
жылдамдығы кезінде пойыздың 100 тс салмағына 60 тс) есептік басуды
қабылдауға рұқсат етіледі.
Бұл жағдайда ВУ-45 нысанды анықтамада тежеуіштік басу кестесін
толтырмайды, ал «Жиыны» деген жолда талап етілген қалыпты басу
көрсетіледі.
Толық сынау кезінде локомотивтен тежеуіш желісінің тығыздығын
машинист
пен
вагон
тексерушісі
тексереді.
Тежеуіштерді
қысқартылған сынау кезінде және басқа жағдайларда тығыздықты
тексеру кезінде вагон тексерушісінің болуы талап етілмейді.
Тежеуіштік желі тығыздығын сынаудың нәтижесін ВУ-45 нысанды
анықтамаға автотежеуіштерге толық тексеру жүргізген вагон
тексерушісі жазады. Қалған жағдайларда пойыздың тежеуіштік
желісінің тығыздығын сынау нәтижесін бұл анықтамаға машинист
жазады.
Анықтаманы алған машинист онда пойыз тежеуіштері туралы
жазылған деректер белгіленген нормаға сәйкес келетініне көзін
жеткізуге міндетті.
Қос немесе көп реттік тартыммен пойызда барлық локомотив
машинистері ол жүргенге дейін ВУ нысанды анықтамада көрсетілген
деректермен жеке танысуы тиіс.
11.4. Істемейтін локомотивтерде тежеуіштерді қосу
Егер локомотив автотежеуіші №254 краны арқылы жұмыс істесе,
онда кабиналардың бірінде №364М бұғаттау құрылғысын өшіреді.
Ондағы құрама кранды жабады (қос тартыс жағдайында орнатады),
машинист кранының тұтқасын жұмыс істемейтін кабинадағыдай
276
орнатады. Басқа кабинадағы № 367М бұғаттау құрылғысын өшіреді.
Ондағы құрама кранды жабады. №395 машинисі кранының тұтқасы VI
жағдайына, ал №254 кранының тұтқасы пойыздық жағдайға
ауыстырылады.
Егер локомотив автотежеуіші 254 кранынан тыс әрекет етсе, онда
қоректік және тежеуіштік магистралдарда ажыратылған және құрама
крандарды екі кабинада да жабады. №367 бұғаттау құрылғысын
өшіреді. Машинист кранының тұтқасы VI жағдайға ауыстырылады.
Жүк локомотивінің ауа таратқышы жазық босату режимінде және
орташа тежеу режимінде орнатады, ал жолаушылар локомотивінің ауа
таратқышын – тиісті жұмыс режимінде – «суық» локомотив жіберу
тәсіліне қарац – айыз немесе сплотка құрамында орнатады.
Тежеуіш магистралін кері клапан арқылы қорек клапанымен
біріктіретін ауа өткізгіштегі суық резерв кранын ашады. Бас
резервуарлардың қайта өткізу құбырында ажыратылған кранды бір бас
резервуарды немесе бас резервуарлар тобын қосылған күйде қалдырып,
жабады.
11.5.Тежеуіштерді бақылау тексеру
Жекелеген локомотивтік бригадалар жіберетін елеулі ззаң
бұзушылықтардың бірі тежеуіштер дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде
оларды бақылау тексеруді талап етпеуі немесе оны №277 тежеуіштерді
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына жауап бермейтін
көлемде орындауы болып табылады.
Пойыздағы тежеуіштерді бақылау тексерісін жүру жолында
тежеуіштер дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде егер, тексеріс
жүргізбей, себебі анықталмаса, машинистің өтініші бойынша вагон
немесе жолаушылар шаруашылығының қызметкерлері жүргізеді.
Бақылау тексеру жүргізуге мына жағдайларда өтініш береді:
тежеуіш жұмысы тимділігінің төмендеуі;
құрамда автотежеуіштер өздігінен іске қосылғанда пойыздың қайта
тежелуі;
құрамда вагондардың дөңгелек жұбын сыналау;
пойыздардың ажырауы.
Тексерісті вагондар ТҚП-мен станцияларда немесе аралық
станцияларда, сондай-ақ жүру жолында жүргізеді. Бақылау тексерісінің
нәтижесі бойынша акт жасайды.
Бақылау тексерісінің көлемі тежеуіш ақауының сипаты мен
себептеріне байланысты.
Тежеуіштер жұмысы тиімділігінің төмендігі. Станцияда вагон
және локомотивті шаруашылық қызметкерлері тежеуіштердің
жағдайын тексереді, сосын оның салмағының 100 т келетін құрамға
(пойызға) тежеуіштік басуды айқындайды.
Тексерістің бірінші кезеңінде құрамда жабылған артқы кранның
жоқ екеніне; вагон жүктемесіне және қосылған ауа тартқыштар санына
Достарыңызбен бөлісу: |