«БЕКІТЕМІН»
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінің
президенті ____________ У.С.Абдибеков
«____» ______________ 2014 ж.
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
УНИВЕРСИТЕТ ЕРЕЖЕСІ
УЕ-ХҚТУ-069-2014
« УНИВЕРСИТЕТТІҢ ІШКІ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ » ЕРЕЖЕСІ
АЛҒЫ СӨЗ
1. Әкімшілік-басқару департаментімен ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
2. Әзірлеген
– Әкімшілік-кадр басқармасының кеңсе секторының
меңгерушісі А.Ламашарипова
3.
Келісілді
-
1-ші вице-президент М.Куталмыш
- Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасының
басшысы Ж.Е.Дарибаев
- Құқықтық және экономикалық қадағалау
департаментінің директоры А.Абсеметов
- Әкімшілік-кадр басқармасының басшысы
Ә.С.Каримова
4. ЕНГІЗІЛДІ –2014
5. Тексеру мерзімі – 2016
Қызметтік қолданыс үшін басылым
Түркістан 2014
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
УЕ-ХҚТУ-069-2014
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
“Университеттің ішкі құжат айналымы” ережесі
32 беттің 2–ші беті
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Бұл ереже Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінде (бұдан әрі-университет) құжаттамалық қамтамасыз етуді
басқару қызметінің жұмыс істеуінің жалпы талаптарын белгілейді және оны
жүзеге асыруд а негізгі құжат болып табылады.
1.2
УЕ ХҚТУ-069-2014 Университет ережесі Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті құжаттарының құрамына кіреді.
2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР (СІЛТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР)
Университеттің осы ережесінде төменде көрсетілген нормативті құжаттарға
сілтемелер қолданылған:
2.1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №
1605 қаулысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат
Министрлігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі №128 бұйрығы негізінде.
2.2 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» «Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы» негізінде.
2.3 «Білім туралы» 2009 жылғы 7 маусымдағы ҚР Заңы;
2.4 ҚП ХҚТУ-4.2.3-2009 Құжаттаманы басқару;
2.5 ҚП ХҚТУ-4.2.4-2009 Жазбаларды басқару;
2.6 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 ҚР-ның мемлекеттік және
мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқарудың үлгілік
қағидаларына.
3 ЖАУАПКЕРШІЛІК
3.1 Университеттің осы ереже талаптарының енгізілуіне Әкімшілік-басқару
департаменті Кеңсе секторының меңгерушісі жауапты болып табылады.
3.2 Университеттің осы ережесі талаптарының орындалуын университет
ректоры қадағалайды.
3.3 Ережедегі белгіленген талаптарды іске асыру,яғни университеттің ішкі
құжат айналымын жүргізу, есепке алу, құжаттардың уақытылы өтуінің тиісті
жағдайларын қамтамасыз ету Кеңсе бөлімінің қызметкерлеріне жүктеледі.
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
4.1 Университетте құжаттар мемлекеттік тілде дайындалады, қазақ тілімен
қатар ресми түрде түрік тілі, орыс тілі де қолданыла алады.
4.2 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» «Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 11 шілдедегі Заңында» қарастырылған жағдайда басқа тілдер де
қолданылады. Мемлекеттік тілдегі және онымен бір мезгілде жасалған өзге
тілдегі тең түпнұсқа құжаттардың әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке
парақтарда) басылады және бірыңғай деректемелермен (реквизиттермен)
ресімделеді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
УЕ-ХҚТУ-069-2014
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
“Университеттің ішкі құжат айналымы” ережесі
32 беттің 3–ші беті
5 ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУ
5.1 Құжатты қағаз тасымалдағышта жасағанда және ресімдегенде, құжат
реквизиттерінің орналасу кестесіне сәйкес нақты кезегімен орналасқан
реквизиттер қолданылады
.
5.2 Құжаттың мәтінін басу барысында тыныс белгілерінен кейін ақтаңдақ
қалдырылады.
5.3 Бірнеше жолақтан тұратын құжаттардың реквизиттері бір жоларалық
интервал арқылы басылады.
5.4 Құжат мәтінінің бірінші жолдағы бастамасы абзацтан бастап басылады,
абзац мәтін жолағының сол жақ шегінен бес басылым белгісінен кейін
басталады.
5.5 Құжат бланкісі А4 (210х297 мм), А5 (148х210 мм) форматтағы стандартты
парақтарда дайындалады. Бланкіде, бланкісіз ресімделген құжаттың әр
парағында төмендегідей жиек болу керек:
сол жағынан – 20 мм;
оң жағынан –10 мм;
жоғарғы жағынан – 10 мм;
төменгі жағынан – 10 мм.
5.6 Университетте төмендегідей құжат бланкілері қолданылады:
университеттің фирмалық бланкісі ( 1 - қосымша )
университеттің бұйрық бланкісі ( 2 - қосымша )
университеттің өкім бланкісі ( 3 - қосымша )
5.7 Құжат бланкілері (яғни фирмалық, бұйрық, өкім) университет
баспаханасынан тапсырыс беру негізінде типографиялық жолмен басып
шығарылады және реттік номермен есепке алынып,беріледі .
-фирмалық бланкілер бағытына қарай қолданылуы қажет және ол қажетті
жағдайларда (тек университет құрылымдары қызметкерлеріне) есепке алынып
5 данадан артық берілмейді, одан көп қажет болған жағдайларда қызмет хат
негізінде бланкі нөмірлерін журналға тіркетіп, қол қойып алады,
басқа ұйымдар мен өзге тұлғаларға берілмейді.
5.8 Екі немесе одан көп ұйымдармен әзірленген құжатты ресімдеу кезінде
(бірлескен бұйрық, бірлескен шешім, бірлескен хат) фирмалық бланк
қолданылмайды.
5.9 Дәрежелері тең екі және одан да көп ұйымдар әзірлеген бірлескен құжатты
ресімдеген кезде ұйымдардың ресми атаулары, ұйымның атауларының
әліпбилік ретіне қарай бір деңгейде орналастырылады.
5.10 Екі және одан да көп ұйымдар әзірлеген бірлескен құжатты ресімдеген
кезде
ресми
атаулар
ұйымдардың
сатылығының
кемуіне
сәйкес
орналастырылады.
5.11 Бірлескен құжат міндетті түрде ұйымдардың мөрлерімен куәландырылуы
тиіс.