3
IX. ЕҢБЕКШІ –МИГРАНТТАРДЫ ҚОРҒАУ
МЕН ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕКТІ ІЛГЕРІЛЕТУ ҮШІН
ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ПЕН ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР
98
Қазақстандағы еңбекші-мигранттар оларды қабылдаушы елдер мен шығу елдерінің да-
муына – бару елдерінде қызмет көрсету және бәсекелестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ шығу
елдерінде қаржы құйылымдары арқылы сүбелі үлес қосады. Көші-қон көптеген мигранттар
мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жақсаруына көмектеседі. Көптеген миг-
ранттар, жұмыс істей отырып, ұлттық еңбек нарықтарындағы жергілікті еңбекшілер игер-
гісі келмейтін немесе игере алмайтын орындарды толтырады. Соған қарамастан, көптеген
еңбекші-мигранттар қанау мен нашар көзқарас объектісіне айналады. Заңсыз көші-қон етек
жайған. Ұлттық кадрлардың еңбегі мен лайықты еңбек жағдайларын қорғау – түсінікті са-
яси міндет.
Әр түрлі мүдделермен тепе-теңдікте болатын дұрыс саясат пен құқықтық реттеуді әзірлеу
және көші-қонды тиімді басқару кешенді әрі, әсіресе шетелдік жұмыс күшін қабылдау сая-
саты тұрғысынан, қиын міндет.
Бару елдеріндегі шетелдік жұмыс күшін қабылдауға, еңбекші-мигранттарды жұмыспен
қамту мен кіріктіруге қатысты жауап қайтару саясатының негізінде жатқан мәселелер мы-
налармен байланысты:
мамандандырылған және мамандандырылмаған жұмыстарды орындау үшін, үлттық
деңгейде еңбек ресурстарының тапшылығын сәйкестендіру,
анықтау және болжау;
еңбек көші-қоны кері демографиялық беталыстардың, жекелей алғанда жұмысбасты
халық үлесінің төмендеуі салдарынан қалыптасқан еңбек ресурстарының тапшылығы
мәселесінің ішінара немесе толық шешімі болу мүмкіндігін түсіну үшін ұлттық еңбек
нарығын талдау, сондай-ақ кейіннен келешек ұрпақтар үшін әлеуметтік жәрдемақылар-
дың қол жетімділігіне ықпал ету ;
негізгі серіктестер-жұмыс берушілер мен кәсіподақтарды – қалыптастыру мен жүзеге
асыру
саясатына тарту;
шетелдік жұмыс күшін шақыру квоталары артатын жағдайда жергілікті кадрлардың
еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын қорғау;
еңбекші-мигранттардың жұмыс орындарында және жалпы қоғамда өтініш білдіру
теңдігін қамтамасыз ету мен оларды қанаудың
алдын алуға қажетті шаралар;
жүйесіз еңбек көші-қонын болдырмау немесе қысқарту шаралары, олар шетелдік жұмыс
күшін қабылдау жөніндегі ресми рәсімдерге сенім мен заңдылықты қамтамасыз ету үшін
маңызды.
Саясаткерлер мен саясатты әзірлеушілер өз қызметтерінде халықты шетелдік жұмыс күшін
тарту қажеттілігіне сендіру жөнінен сезімтал немесе салмақты міндеттерге ұшырасады.
БҰҰ қамқорлығындағы адам құқықтарының халықаралық жүйесі аясында қалыптасқан
құқықтар мен бостандықтар ерлер мен әйелдерге тең дәрежеде қолданылады, бұл ХЕҰ
әзірлеген халықаралық еңбек құқығына, соның ішінде ХЕҰ-ның сегіз іргелі ережелеріне де
қатысты. Алғашқы арнаулы халықаралық-құқық құралдары еңбек мигранттарына қатысты
мәселелердің шешімдерін іздестіруді көздеді. Олар 1949 жылғы ХЕҰ-ның №97 Жұмыскер-
мигранттар туралы (қайта қаралған) және №143 еңбекші-мигранттар туралы (қосымша ере-
98 Вадим Ни және Нилим Баруа әзірлеген
3
желер) Конвенцияларын қамтиды
99
. 1990 жылдың желтоқсанында қабылданған Барлық
еңбекші-мигранттардың және олардың отбасылары мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы
Халықаралық конвенция ХЕҰ құралдарының негізгі ережелерінің басым бөлігін қамтиды, ал
кейбір тұрғыдан тіпті олардың шектерінен асып кетеді
100
.
ХЕҰ-ның 97-Конвенциясының іргетасты қағидасы заңды еңбекші-мигранттардың
құқықтарына қолданылады – еңбекақы төлеу мен жұмыспен қамтуға, ұжымдық шарттарға,
тұрғын үй жағдайларына, әлеуметтік қорғау мен салықтарға немесе шегерімдерге қатысты
өтіну теңдігі. Бұл – міндетті талап, ел барлық еңбекші-мигранттарға қатысты олардың
мәртебесіне тәуелсіз негізгі Адам құқықтарын қоса алғанда, қорғаудың белгілі бір ең төмен
стандарттарын қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның Конвенциясы (1990) мен ХЭҰ-ның № 143 Кон-
венциясында еңбекші-мигранттар тіпті олар сырттан келген, бейресми арналар бойынша
жұмысқа тұрған және заңдастырыла алмаған жағдайда да қорғаудың негізгі деңгейін пайда-
лана алуын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын ережелер бар.
Еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау жөніндегі жоғарыда көрсетілген шараларға
қосымша, ХЕҰ-ның еңбекші-мигранттар жөніндегі заманауи құралдары мен БҰҰ-ның 1990
жылғы Конвенциясы жүйесіз көші-қонмен бейресми жұмысбастылықты тежеуге күш салуға
және осы саладағы құқықтық реттеу тиімділігін қамтамасыз ету шараларын қолдануды;
ақпарат айырбасын; еңбекші-мигранттарға ақпарат беруді; консулдық қызмет көрсетуге
жәрдемдесуді қамтитын тиісті көші-қон саясатын құру қажеттілігіне ерекше көңіл бөледі.
ХЕҰ-ның көші-қонға тікелей қатысы жоқ құралдарын мұндай жағдайларға да қолдануға
болады. Жекелей алғанда, Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктері туралы № 181 Конвен-
ция немесе, тағы бір жақсы мысал, Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы теңқұқықтық
туралы № 118 Конвенция.
Есеп берудің үшінші бөлімінде атап өткендей, Қазақстан - еңбекші-мигранттар үшін
маңызды бару елі. Қазақстан Үкіметі заңнамалық реттеуді жүзеге асырады, сонымен қатар
уақытша еңбек мигранттарын қабылдау қатысында квота белгілейді. 2006 жылы еңбек миг-
ранттарын заңдастыру бойынша бір жолғы іс-шара өткізілді және еңбек көші-қонын тиімді
басқаруға қатысты бір қатар екі жақты және көп жақты келісімдерге қол қойылды. Төменде
келтірілген ұсынымдар еңбек көші-қонын тиімді басқаруды жақсарту үшін кейбір негізгі
салаларға жатады.
1. Шетелдік жұмыс күшін қабылдау саясатына қатысты
ұсынымдар
1) Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктерімен, жергілікті органдармен еңбек
нарығының ахуалын талдау және консультациялар негізінде қызметкерлер мен әртүрлі
секторлардың әртүрлі санаттары бойынша мигранттарды еңбекке тартуда Қазақстанның
орта және ұзақ мерзімді қажеттілігін айқындау (жоғары білікті қызметкерлер; төмен
білікті қызметкерлер; өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және т.б. маусымдық
қызметкерлері). Қажеттіліктерді бағалауда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты
рәсімдеусіз мигранттардың еңбегін белсенді тартып отырған экономиканың, мысалы үй
еңбегі, құрылыс секторларын, ескеру де өте маңызды. Соңғы нәтиже ретінде сырттан
жұмыс күшінің ағылуына үлкен сұраныс тудыратын секторлар мен мамандықтардың
(кәсіптердің) тізбесі айқындалуы керек, тапшы мамандықтар (кәсіптер) бойынша
еңбекші-мигранттарды жалдау жергілікті еңбек нарығында пайда болған бос орындар
бойынша іздестіру қажеттігінсіз жеңілдетілуге тиіс. Осындай тізбені қалыптастыру
рәсімі аясында бос жұмыс орындары жөніндегі деректерді талдау және мүдделі
тараптардың өкілдерінен (жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар, кәсіподақтар) және
99 Шығу және бару елдеріндегі еңбек көш-қоны саласында тиімді саясат әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық.
ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006, 33-б.
100 Сол жерде.