18
19
«Экомед» орталығының репро-
дуктолог дәрігерлері репродуктивті
медицина саласындағы және
қосымша репродуктивті техно-
логиялар, яғни ДТҰ-ның соңғы
жаңалықтарынан үнемі хабар-
да. Олар бедеулік мәселесін ем-
деу саласында әлем мойындаған
мамандардың көмегімен әрдайым
өздерінің біліктілігін арттыруда.
Сонымен қатар серіктестік қарым-
қатынастар Қазақстанға аты та-
нымал дәрігерлерді шақыруға
мүмкіндік туғызып отыр. Мы-
салы, Алматы мен Астанадағы
орталығымыздың емделушілеріне
табиғи жолға жақын минималды
ынталандыру әдісін дәрігер Мар-
кус Ницшке істеп көрсетті. Және ең
маңыздысы дәрігер Маркус өзінің
бар тәжірибиесімен Қазақстандық
әріптестерімен бөлісті. Сонымен
қатар Ницшке мырза «Репродуктоло-
гия» журналының оқырмандарына
қуана-қуана сұхбат берді.
- Сіз әлемді жиі шарлай-
сыз. Түрлі мемлекеттегі
емделушілеріңіз немен
ерекшеленеді?
- Әр мемлекеттің өз ерекшеліктері
бар. Мысалы АҚШ пен Жапони-
яда бала көтеруде кездесетін
қиындықтар әйелдің жасына байла-
нысты. Ол жерде алдымен адамдар
оқиды, бизнесін аяққа тұрғызады,
жұмыс істейді. Ал жастары 35-37-
ге келгенде бала жәйлі ойлана
бастайды. Мексикада, Непальде,
Үндістанда және осы елдердің даму
сатысы мен өміріне ұқсас жерлер-
де кеш туу мәселесі жоқ. Бірақ ол
жерде нәзік жандар түрлі жұқпалы
аурулармен сырқаттанады. Ал мен
Қазақстанда ешбір елде кездеспе-
ген мәселеге тап болдым. Бұл мен
үшін кәсіби тұрғыда өте қызық бо-
лып тұр десем болады. Бұл жерде
жұқпалы аурулар көп кездеспейді,
әйелдер бала көтеру мәселесін
көпке созбайды. Нәзік жандар
көп жағдайда ота жасатқаннан
кейін көтере алмай қалады екен.
Тіпті жиі кездесетін жағдай оның
хирургиялық оталар әйелдік
денсаулығына қатысты болмасада
бала көтеруге арналған мүшелері
зақымданады екен.
- Бұл қалай болғаны?
- Бұл жердегі дәрігерлер аналық
без сияқты өте нәзік мүшеге
салғырт қарайды екен. Әр бір ақ
халатты жан оған өте абай болу
керектігін, ұқыптылықпен қарау
керектігі жәйлі білуі қажет. Бірақ
менің түсінбейтінім әйел адамның
құрсақ қуысына ота жасағанда,
яғни лапароскопияны өткізгенде
аналық безді күйдіріп жібереді екен.
Мұндай жағдайда қанның кетуі
қауіп алып келеді ма немесе аналық
бездің әр цикл кезеңінде өзгеруі
әсер ете ма? (Кейде ол үлкейіп
кеткен болып көрінуі мүмкін). Мен
нақты себебін білмеймін. Бірақ
көп жағдайларда аналық безге
қарапайым диагностикалық отаның
жасалуының өзі қазақстандық
әйелдердің бедеу болуына алып
келуі мүмкін. Мен бір мысал келтіріп
өтейін: дәрігер ота жасап жатып
аналық бездерде өзгеріс бар екенін
байқайды. Не жағдай болғанын
түсіну үшін ол аналық безді тіліп,
артынан табиғи түрде оны өңдеп,
күйдіреді. Мұндай тексеруден кейін
әйел өзінің фолликуласынан айы-
рылады. Сондықтан Қазақстандық
әйелдерге минималды стиммуляция
бойынша ДТҰ жасауға келгенде тек-
серу тобына іріктеу жасаған кезде,
мен ең алдымен олардың өмірінде
құрсақ қуысында ота жасалған жоқ
па? Соны ең алдымен сұраймын.
Егер әйел адам бұл сұраққа «ия» деп
жауап берсе, онда біз қиын жағдай
да екенімізге көз жеткіземін.
- Осы мәселе бойынша
нақтырақ айтып өтесіз бе?
- Аналық без өте тез
зақымданады. Есесіне содан кейін
олар ең маңызды жұмысын атқара
алмай, фолликулдарды бөле алмай
қалады. Бүгінгі заманда медицина
қанша дамып кеткен болсада, дене-
ден тыс ұрықтандыруды әйел адамға
жасау үшін ең алдымен оның аналық
ұрық шығатын жағдайы болу керек.
Сіздердің дәрігерлеріңізді мына
мәселе ойландырмайтын сияқты,
әйел бір рет ота жасатқаннан кейін
болашақта туа алады ма? Осыны
ойламай бірден оны бар үмітінен
үзеді, аналық бақытынан айырады.
- Біздің әйелдер тым эмо-
ционалды емес па? Олар
репродуктологтардың алдына
келсе бірден психотерапевтің
алдына келгендей жылағанды
ұнатады ғой?
Біздің ерекшеліктер
Эксперт
Дәрігер Маркус Ницшке репродуктоло-
гия саласындағы жаңа бағыт - ДТҰ-ның
табиғи циклда және кішігірім стимуляция
бағдарламаларын жүргізудің жетік маманы,
әрі бірегей дәрігердің бірі. Ол АҚШ, Еуро-
па мен Жапонияның ең мықты клиникала-
рында тәжірибе өтіп, жұмыс істеген. Дәрігер
Еуропаның Швейцариядағы Берн емхана-
сында еңбегін атқарған. Қазіргі уақытта
ол Барселонаның Eugin емханаларында және
Лондонның CRGH (Center for Reproductive and
Genetic Health) емханасында жұмыс істейді.
20
21
- Оларды түсінуге болады. Ал
Еуропадағы әйелдер әлде қайда
ұстамды және олар өздерінің ішкі
сезімдерін дәрігердің бөлмесінде
көрсетуді үйренбеген. Бірақ шыны
керек, олар бәрібір біздің алды-
мызда болмасада, үйде немесе
әжетханада жылап-жылап алады.
Жасты шығару бұл эмоционалды
тұрғыда қалыпты жағдай. Адам
солай өзінің ішіндегі қиналған
күйзелісін шығарады. Кез-келген
әлемдегі дәрігер психологта бола
білу керек. Ол өзінің емделушілеріне
түсіністікпен қарау керек.
- Мүмкін бұл қанша жылдық
стресс. Әйел адам үшін бала көтере
алмау қиын жағдай ғой. Сондықтан
ДТҰ жасатуға шешім қабылдаған
әйел өте сезімтал келеді. Олар
дәрігеріне қатты үйреніп кетеді. Тек
шетелден келген мамандар ғана
соған көмектесе алады, - деп сенеді.
Бұл технологияда шынымен-ақ
жеке байланыс пен дарын керек.
- Еуропа мен әлемдік деңгейдегі
емханалардың тәжірибесі бойын-
ша айтатын болсам, ең біліктілігі
жоғары дәрігер тек өзінің жеке
бір емделушілерімен айналыспау
керек. Ол тәжірибесі аз ақ халат-
ты жандарға бар білімін көрсетіп,
барлығына бір дәрежеде жақсы
жұмыс істеуіне көмектесу керек.
Мұндай маман емдеудің барлық
жолдарын және емделушілердің кез-
келген мәселесін біледі, бірақ нақты
бір емделушінің мәселесімен ғана
жұмыс істемейді. Негізі дәрігерлер
емделушілердің мәселелері мен
оны шешудің жолдарын міндетті
түрде өзара талқыласа өте жақсы
тәжірибе алады.
- Шын мәнінде маңыздысы
жергілікті емделушілерді шетел-
ден шақырылған дәрігерге бірден
емдетудің жолын іздегенше,
жергілікті ақ халатты жандардың
сол маманмен жақынырақ таны-
сып, содан жаңа тәжірибе жинап,
күнделікті жұмысында соны дұрыс
қолдана білуі. Сонда ғана сол білім
осы емханада қалып, әрі қарай
дами береді. Қалай болғандада
шақырылған дәрігер барлық
емделушілерді қарай алмайды.
Барлық жағдайдада тәжірибемен
алмасу керек. Әдетте дамыған
мемлекеттерде көптеген ДТҰ ем-
ханалары жұмыс істейді. Мысалы,
Германияда олардың саны 120-ға
жетеді. Сол клиникалардың негізін
салушылар сондағы дәрігерлер мен
эмбриологтарды үнемі бір жерде
ғана жұмыс істеуіне жол бермей
өзара ауыстырп тұрады. Соның
арқасында ДТҰ орталықтарындағы
жұмыс сатысы бірдей болады.
- Сіздің ойыңызша біздің
репродуктологтардың
жұ мы-
сына не кері әсер етеді?
- Мен мұндағы министірліктің
қатаң бақылауына, бюрократиясы-
на таң қаламын. Мүлде түсінбейтінім
қалай министрлік дәрігердің
жұмысына араласады. Ол маман-
дар емханасындағы мәселелерімен
күнделікті айналысып отыр
емес па? Шенеуніктердің берген
бұйрықтары мен жарлықтары көп
қиындықтар туғызады. Сіздердің
дәрігерлеріңізге бұндай жағдайда
жұмыс істеу оңай емес.
- Бұл ем-шарадан кейін
дәрігерлер мен емделушілердің
арасында түсініспеушіліктер
болмасын үшін жасалады.
- Бізде дәрігер өз жұмысын
жақсы біледі, - деп есептеледі. Егер-
де қандайда бір түсініспеушіліктер
болса емханадада, дәрігердің
өзіндеде сақтандыру қағазы бар. Ол
керек кезде сот шығындарын жау-
ып отырады. Нақты бір мәселе бой-
ынша барлық келеңсіз жағдайлар
сотта қосымша 3 тәуелсіз сарапшы
дәрігерлердің пікірін салыстыра
отырып, сараптама жасау арқылы
шешіледі. Егер ол іске шенеуніктер
араласса, дәрігерге белгілі шек-
теулер қойылады. Және ол
сіздердің жағдайларыңызда жаңа
технологияның әрі қарай дамуына
кері әсерін тигізіп жатыр. Бүгінде
уақыт жылдам дамып жатқан за-
манда сіздердің дәрігерлеріңізге
олардың келісім беруін күтіп оты-
руларына тура келіп отыр. Әрбір
дәрігер өзінің емделушісіне ең
жақсы мүмкіндіктерді қолдануға
тырысады. Әрбір нақты саладағы
жаңартулар шенеунікпен
таңдалмайды. Оны тек тәжірибелі
біліктілігі жоғары маман мен емха-
на ғана таңдай алады.
- Біздің көптеген
емделушілеріміз ДТҰ-ға дайын-
далу үшін өте көп анализдер
тапсыру керек,- деп шағым
түсіріп жатады.
- Ол шынымен-ақ мағынасыз.
Сіздерде қажетті 90 пайыз
зерттеудің барлығына құр босқа
уақыт пен емделушінің қаражаты
кетеді,- деп өз жауапкершілігімен
айта аламын. Тәжірибе тұрғыда
оның еш пайдасы жоқ. Емдеудің
стратегиясын таңдаған дәрігерге
де ол еш қандай нәтиже алып
келмейді. Сіздердің министірліктегі
адамдарыңыз барлығын нақты
белгілеп береді. Мүмкін ол заң ла-
бораторияда анализдермен жұмыс
істейтіндерді бақытты ететін шығар,
бірақ емделушілер мен дәрігерлерге
бұл өте қолайсыз.
Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал