749
фольклорын қарастырған еңбектерінде де балалар әдебиетіне қатысты ой-пікірлер
айтылады. Балалар әдебиетіне көптеген жанрлар мен көркемдік амал-тәсілдер тән.
Қазақ балалар әдебиеті – қоғамдық-тарихи, мәдени құбылыс. Қазақ әдебиеті
тарихында балаларға арналған жазба поэзияның алғашқы үлгілері ХІХ ғасырдағы
ағартушы-демократ ақындар шығармашылығы арқылы көрінгенімен, біртұтас ұлттық
әдебиет аясында өзіндік даралық белгілері біртіндеп жетіліп келген қазақ балалар
поэзиясының түпкі көркемдік негіздері ұлттық мәдени-әдеби мұраларда жатыр.
Балаларды қызықтыратын шығармалар – қызықты, жаңашыл, ойнақы, юморлы,
тәрбиелік ықпал мол болуы шарт. Демек, балалар поэзиясы эмоциялық ахуал туғызуға,
әр қилы сезімдер мен әсерлердің тыныс-ырғағын жеткізуге, көтеріңкі көңіл-күй
сыйлауға, сонымен бірге, ойын арқылы жаңа білім алуға деген қызығушылығын оятуға
ұмтылғанда ғана нәтижелі болмақ.
Сатира – өмірдегі алуан түрлі құбылыстарымен байланысты болатын ерекше жанр.
Орыс зерттеушісі М. Бахтин өз еңбектерінде «күлкі мәдениеті» (смеховая культура)
деген тіркесті қолданған екен. Бұған өз кезінде ғылыми ортада онша мән бермеген.
Себебі, сатира мен юмордың негізі болып табылатын комизмнің жағымсыз
құбылыстарды сынап, әшкерелеп, күлкіге айналдыруын сыпайылықпен, мәдениетпен
ұштастыру онша үндесе қоймайды. Алайда, алға жылжыған ғылым саласында сатира
әдебиет пен өнердің қоғамда алатын орнын, қаламгердің шығармашылық болмысын
айқындайтын өлшемге пара-пар болды. Яғни, күлкі мәдениеті шығармашылық ой-
қиялды биік моральға негіздеп, адамдарға ой салатын, жағымды мінез-құлыққа
жетелейтін ұғымға айналды.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы белгілі академик З. Қабдолов сатира табиғатын
былай деп түсіндіреді: «Сатирамен суреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс.
Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына
– көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан
түңілтеді». Бұдан анық аңғарылатын жағдаят – сатира аса жауапты және қиын өнер.
Қоғамдағы кесір құбылысты, кері кеткен жағдайды қазып көрсету, қалың көпшілікті
одан түңілту тіпті оңай емес. Келесі бір тұжырымды «Сатира негіздері» деп аталатын
көлемді монографиялық еңбектің авторы Темірбек Қожакеев пікірлеріне сүйене
отырып сабақтасақ. Ғалым: «сатира, юмор дегеніміз адам баласының алуан түрлі
сезімдерімен, қабілет-қасиеттерімен, әлеуметтік тұрмыс күйімен, қоғамдық ортасымен
тікелей байланысты. Солардың өзіндік ерекшелікпен көрініс табуы. Сатира, юмор – әрі
көңілді, жеңіл, әрі зілді, қуаныш-ренішке бейім өнер. Олардың күші де осында. Оларды
ұлы мақсаттарға, елді ұлы істерге жұмылдыруға, жұрт жүрегінде қайырымды сезімдер
туғызуға, жаңа қоғам құруға кесел келтіретін кесір-кесепаттарға өшпенділік оятуға кең
пайдалануымыз қажет», – деп атап көрсетеді. Сілтемені ұзақтау болса да толықтау етіп
алған себебіміз бар, пікірдің ең алдымен академик Қабдолов ойымен астасып жатқаны,
яғни кесір құбылысты сатираның ымырасыз әшкерелейтіні, одан әрі профессор Т.
Қожакеевтің пайымдауынша сатираны ұлы мақсаттарға пайдалануға болады, әсіресе
жаңа қоғам құру кезінде, демек сатираның, юмордың қуат-күші бүгін де керек және
оларды тиімді қолданған абзал.
ХХ ғасырдың екінші жартысында сатира қаруының тым күшті және құдіретті бола
түсті. Сейіт Кенжахметов, Оспанхан Әубәкіров, Шона Смаханұлы тәрізді сатира
750
сайыпқырандарымен қоғам санасатын, қажет кезінде қаймығатын, тіпті қатты
құрметтейтін, әсіресе кесір де кеселді құбылысқа жол беріп алғандарда қатты үрей
болатын. Сатира қазір де өмір сүріп келеді, соның ішінде сатиралық әзіл-сықақ
театрлары молайды. Қазіргі заманда «кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза
қопарып, көптің көз алдына» айнадағыдай жарқыратып көрсететін сатираны биікке
көтеру қажет. Өткен ғасырда қазақ әдебиетінде сатиралық элементтердің көрініс беруі
қазақ прозасында, қазақ комедиялық туындыларында байқалған. Бұл бір жағынан
қаламгердің алға қойған мақсатын, авторлық ұстанымын айқындап берді. Бұл тұста
диалог тәсілі мол қолданылған. Себебі, адамдардың күлкілі әрекеті олардың тіл
қатысымдары арқылы толықтырылып отырған. Осыған байланысты көркем
шығармаларда диалог комедия, диалогты өлеңдер пайда болды.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің балалар тәрбиесіндегі орны жайында ой өрістете
келіп, Ш. Ыбыраев: “Ауыз әдебиетінің кез-келген жанрларынан балаларға үлгі
боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар
балалардың өзіне ғана арналған, болмаса балалардың өз шығармаының нәтижесінде
пайда болған ауызша сөз өнерінің белгілерін сипаттай алмайды. Ал, ертегі, аңыз-
әңгімелер, төрт түлік жырларының, жұмбақтардың үлкендерге де, балаларға да қатысы
бар”, – деген пікір айтады. Шындығында да, ауыз әдебиеті түрлері үлкеннің де, баланың
да рухани игілігіне айналған қазыналар. Халық әдебиеті мен балалар поэзиясындағы
сабақтастық әркезде байқалған. Жазба әдебиеттің бір саласы ретінде жеке арна тартқан
балалар поэзиясы халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлерінің барлығынан да өзінің
көркемдік-тәрбиелік ерекшеліктерімен үндесетін көркемдік сипаттарды ғана іріктей
қабылдап, жаңғырта пайдаланған.
Халық ауыз әдебиеті мен балалар поэзиясы сабақтастығы мәселесінде назар
аударатын тағы бір тұс бар. Ол – балалар фольклоры. Зерттеуші Ш. Ыбыраев қазақ
балалар фольклорының санамақ, бесік жыры, тұсау кесу жыры, төрт түлік жырлары,
ойын өлеңдері, өтірік өлеңдер, тақпақтар, қаламақ, сұрамақ, арнау-тілек өлеңдері,
мазақтау сияқты жанрлық түрлерін көрсетеді. Фольлортанушы ғалым атаған түрлердің
қай-қайсын да бүгінгі балалар поэзиясынан кездестіре аламыз. Бұл тұрғыдан бүгінгі
балалар поэзиясы ғасырлар бойына қалыптасқан балалар фольклорының жаңа
қоғамдағы заңды мұрагері, заңды жалғасы болып табылары шүбәсіз.
Бүгінгі балалар поэзиясында кездесетін балалар фольклорына тән түрлер сыртқы
пішіні жағынан ешқандай өзгеріске ұшырамаса да, кей тұстарда мазмұнынан уақыттың
дамуына орай әлеумет санасында пайда болған жаңа түсініктердің әсері болары анық.
Уақыт әсері бұл түрлердің балалар поэзиясында қолданыс деңгейінен де аңдалады.
Мәселен, санамақ, бесік жыры, төрт түлік жырлары, өтірік өлең, тақпақ, мазақтау
сияқты түрлер жиі пайдаланылса, тұсау кесу жыры, ойын өлеңдері, арнау-тілек
өлеңдері, қаламақ, сұрамақ тәрізді үлгілер сирек ұшырасады.
Кейінгі топты құрайтын түрлердің сирек қолданылу себебі қазіргі балалар
ойындарының өзгеруімен байланысты екендігі анық. Өйткені бұлар – түрлі ойындар
барысында іріктеу, топтау, таңдау мақсатында пайдаланылатын өлеңдер. Ал балалар
поэзиясында жиі қолданылатын түрлерге келсек, санамақ, бесік жыры, төрт түлік
жырлары үлкендердің балалармен қарым-қатынасында пайдаланылса, өтірік өлең,
жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақ, мазақтаулар қызықты мазмұнымен ерекшеленеді.