Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет338/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   472

 

714 


 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ 

 

М.Х.Сейтбатталова, Г.А.Құрманалиева 



«Алтын сақа»  балабақшасы 

 

Тіл қоғамдағы адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым – қатынас жасайтын 

құралы,  қоғамдағы  өңдірістің,  ғылым    мен  техниканың,  әдебиет  пен  мәдениеттің 

шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім. 

Тілдің қоғамда алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «…ана тілі халық болып 

жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өсіп  түрлене беретін, мәңгі құламайтын 

бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов:... өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, 

оқуға ұмтылу керек... 

Өз алдына ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз 

ұмытпауға тиістіміз» дейді. 

Баланың  мектепке дейінгі  кезі  –  оның  жеке  қасиеттерінің  қалыптасып,  дамитын 

кезеңі, сондықтанда бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет.Бұған ата – аналар да ерте бастан 

көңіл бөлгені жөн.Баланың жағымды мінез – құлық  әрекеттері 3-4 жасқа  дейін – ақ 

қалыптасып тұрақтала бастайды. Күнделікті өмірде өзіне қажетті заттарды білуге деген 

баланың ынтасы артады. 

Баланың сөздік қорының  молайып жетілуі, оның физиологиялық дамуына (есту, 

сөйлеу  мүшелерінің)  байланысты  психологиялық  процестері  де  (ой  қызмет,  сезім, 

қабылдау,зейін,қиал,еліктеу т.б.) жақтарының дамуына әсер етеді. 

Үш  жастағы  балаларға  сөз  ішіндегі  барлық  дауысты  –  дауыссыз    дыбыстарды 

дұрыс  айтуға  үйретеді,  сөйлеу  мүшелерін  жетілдіру,  сөзді  үш  жастағы  балаларға  сөз 

ішіндегі  барлық  дауысты  –  дауыссыз  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  үйрету,  сөйлеу 

мүшелерін жетілдіру, сөзді, сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс естіп тындай білуге үйрету, 

«Сөз»,  «Дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту балабақшаның 

негізгі міндеттерінің бірі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамытуда  төрт  негізгі    мақсаттар 

қарастырылады. 



Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. 

а)  Айналадағы  дүниені,  табиғатты  бақылату,  таныту    арқылы  сөз  қорын  жаңа 

сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерің тындап, өзіне қойылған сұраққа 

диалог түрінде жауап беруге үйретеді.  

ә) Заттың атын ( ойыншық, гүл, жапырақ ) т.б. сөздерді үйрету. 

б) Заттың сапасын, түр – түсін, пішінің білдіретін сөздерді меңгерту.  

в)  Заттың  іс  –  әрекетін  білдіретін  сөздерді  әрі  қарай  кеңейту  (жүрді, 

жүгірді,келді,қияды,екті, септі т.б. ) меңгерту. 

г)Үстеу  сөздерді  (қасында,  үстінде,асты,  астында,жоғарыда,төменде,  т.б.)қосып 

айтуға үйрету. 



Сөз дыбыстарын дұрыс айту.Сөйлеуде  ауыз  қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем 

шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, 

дұрыс анық айтуға үйрету 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату. 



 

715 


 

Граматикалық категорияларды меңгерту.Зат есімге іс  - әрекетті білдіретін сөздерді 

қосып  сөйлем  құрату.Сөздерді  есептеп,  жіктеп,  жекеше,  көпте  (менің  досым,  біздің 

ойыншықтарымыз) айтуға, үйрету. 



Байланыстырып  сөйлеуін  дамыту.Күнделікті  сабақта  естіген,  білгенің  ойын, 

серуен  кезінде  көрген  –  түйгенін,  сурет  және  оқылған  ертегілер  мазмұнын,  ұнатқан 

ойыншықтары  жайында  ауызша,  сұрақ  қоя  отырып,  әңгімелей  отырып,  қысқа 

ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету (сызбаның түрлері берілген). 



Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  тілін  дамыту  әдістері:  Баламен  әңгімелесу; 

күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттын өзіне 

немесе суретін көрсетіп сөйлесу;көрген білгені туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру; 

сөздік тапсырмалар  орындату; әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби 

шығармалар  оқып  беріп  тыңдату;  түсінгені  туралы  оқиғаны  суреттеп,  мүсіндеп 

көрсетуге  жаттықтыру.Балалар  сөзді,  сөйлемді  дұрыс    айтуға  үйрене  бастаған  соң 

шағын әңгіме құрастырып айтуға үйрету керек. 

а)Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы өзіне айтқызу,жетекші сұрақ беріп 

әңгімелесу. 

ә) Ойыншықтары, жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу. 

б)  Оқылған  ертегі,  әңгіме  мазмұнын  сұрап,әңгіме  желісін  бұзбай  айта  білуге 

үйрету. 


в)  Сюжетті  көркем  картиналар  (суреттерді)  көрсетіп,  оның  мазмұнын  әңгімелеп 

беруге баулу. 

г)  Жеке  заттық  атауларды  білдірумен  қатар  киім,  мал,  төл  ағаш,  тамақ,  жеміс, 

көкөніс т.с.с. жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру. 

ғ)Белгілі  грамматикалық  формаларды  дұрыс  қолданып,  сөйлей  білуге  үйрету: 

ішінде, үстінде, астында,қасында, жанында,артында, ортасында, шетінде деген сөздерді 

сөйлем ішінде айтқызып отыру.Ол үшін балаға сурет көрсетіп әңгімелескенде,нақтылы 

бір жұмыс түрін орындатқанда,ойын кезінде мынандай сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. 

Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл 

байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.Көркем сөз өрнегін 

балаға  тындатып,  санасына  сәуле  түсіру,  халық  қазынасының  музыкалық  үнінен  нәр 

алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады. 

Балаларға  оқытылатын шығармалар олардың ой – өрісіне, дүние танымына әсер 

етерліктей болу үшін мына мәселелер мұқият ескерілуі керек: 

1.Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тындауға, жаттап айтуға тандалған материалдарын 

олардың даму деңгейін, жас шамасына лайықты болуы.Отбасына тәрбиеленуші әрбір 

бөбектің күнделікті іс – әрекеті,оның неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы 

ата – анаға  белгілі. 

2.Арнайы  жинақталған  суретті  кітапшалар,  әңгіме  –  ертегілердің,  мақал  – 

мәтелдердің,  баланың  өмірден  алған  әсерін,  білім  –  дағдыларын,  түрлі  әдеп- 

дағдыларын  айқындай  түсіндіріп,  тереңдете,  кеңейте  түсерлік  дәрежеде  болғаны 

жөн.Шығарманың  баланы  Отан  сүйгіштікке,  достық,  жолдастыққа,  ата  –  анаға, 

айналасындағы  үлкен  –  кішіге,  ата  –әжесіне  сүйіспеншілікке,  мейірлікке, 

бауырмалдыққа, адамгершілікке, мінез – құлыққа тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн.   




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау