Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет190/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   472

 

401 


 

    Сабақтардың негізгі мазмұны: 

-  заттарды, ойыншықтарды көрсету. Балалар логопедтің қайда? Кім? сұрақтарына; 

әкел,  бер  деген  өтініштеріне  жауап  ретінде  оларды  тауып,  көрсетеді.  Заттарға  қарап, 

оларға сәйкес суреттерді табады; 

-  дене мүшелерін көрсету. Дене мүшелері туралы білімдерін бекіту кезінде баладан 

өзінің  дене  мүшелерін  және  қоршаған    адамдардың,  қуыршақтың  дене  мүшелерін 

көрсету талап етіледі. Осылайша бала осы сөздердің жалпылама мағынасын түсінетін-

түсінбейтінін  тексеруге  болады.  Балаларды  адамның,  құстардың  және  жануарлардың 

дене  мүшелерін  (ауызы-тұмсығы,  шашы-жүні)  сәйкестеуге;  жазықтықтағы  бейнесін 

шынайы затпен салыстыруға үйретеді; 

-  педаготың  тапсырмасы  бойынша  қорщаған  ортамен  және  таныс  тұрмыстық 

жағдайға байланысты әрекеттерді көрсетіп, орындау: «Жуып жатқан, отырған, ойнап 

жатқан адамды көрсет» т.б. 

-      Қайда?  Қайдан?  Кімге?  Немен?  Не?  Сұрақтарына  жестпен  жауап  беру. 

Балаларды  сұрақтың  кең  мағынасына    бағдарлауға  үйретеді.  Біртіндеп  балалар 

етістіктері бірдей сұрақ сөздерін («Бала қайда келгенін көрсет; Ана нені тігіп отырғанын 

көрсет. Немен кесеміз? Нені кесеміз?») ажыратып үйренеді; 

-      Зат есімдердің санын білдіретін грамматикалық категориялармен  (маған шар 

бер-  өзіне  шарларды  ал;  қарындашты  көрсет,  қарындаштарды  көрсет;)  байланысты 

әрекеттерді орындап үйренеді; 

-       Бір  немесе  бірнеше  адамға  айтылған  сөзді  (отыр-  отырыңдар,  тұр-тұрыңдар, 

секір-  секіріңдер) естіп ажыратуға үйренеді; 

-      Өткен  шақтағы  етістктердің  грамматикалық  ма.ынасын  түсінуге  үйрренеді  ( 

Тілек ұйқыдан тұрған суретті көрсет, Тілек ұйықтап жатқан суретті көрсет); 

-      Заттар,  ойыншықтар,    жануарларды  сипаттамасы  бойынша  (үлкен,  маймақ, 

апанда тұрады, қыс бойы ұйықтайды) тауып атауға үйренеді; 

-      Аталған  әрекеттерді  орындауға  қажет  заттарды  іріктеу  (кесу-пышақ,  қайшы; 

сурет салу- қарындаш, қылқалам, фломастер, бор; тазалау- щетка, сыпыртқы); 

-      Қарапайым  себепті-  салды  байланыстарды  белгілеу  (жаңбыр-  қолшатыр; 

қаршана, коньки; кір қол- сабын, су, орамал). 

     Балалардың  енжар  сөз  қорын  кеңейте  отырып,  логопед  балаларға  заттарды, 

сипаттарын,  әрекеттерді  суреттен,  фланелеграфтан  көріп,  әрекеттерді  драматизация 

элементтерін  қолданып,  атаулары  бар  тақпақтарды  ыңдап,  орындауға  үйретеді. 

Мысалы: 


           Ала добым аямай, 

           Ұрсам жерге өршиді. 

           Теуіп едім аямай, 

           Паналады көрші үйді. 

Драматизациялау  кезінде  бала  атрибуттарды,  бас  киімін  киеді  де,  ккейіпкерді 

бейнелейді.  



                    2. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту 

    Жұмыстың бұл бөліміндегі іс- шараларды өткізудің тиімділігін қамтамасыз ететін 

басты  шарт-  бір  сөздік  материалды  бірнеше  рет  қайталау  және  баламен  орнатылған 

тығыз қарым- қатынас болып табылады. 




 

402 


 

    Жұмыстың  бұл  кезеңінде баланың  әрбір  айтқан сөзі үшін  мадақтап  отру  қажет. 

Баладан  сөйлеуді  талап  етуге  болмайды.  Айт,  қайтала  деген  сөздерден  мүлдем  бас 

тартқан жөн, себебі балада мұндай сөздерге негативті реакция қалыптасуы мүмкін. Ол 

сөздердің орнына сәйкес сұрақтар немесе «таба ғой», «не екен, қалай ойлайсың?» деген 

сияқты сөздер немесе логопед өзі сұрап- өзі жауап беретін біржақты диалог қолдануға 

болады. Баланың айтқан дыбыстарға еліктеулерін логопед бір- екі рет қайталаса жақсы 

блады.  Мысалы,  баланы  ойыншық  сөресіне  жақындатып,  таңданып  сұрау  «Қарашы: 

мына жерде не отыр? Мысық!» Оны тамашалап, мысықтың мияулауын келтіру: «Мяу». 

Балаға  мысықтың  тұмсығын,  көзін,  құйрығын,  құлақтарын  көрсетіп,  логопед  қызыға 

сұрайды: «Мысықтың қалай жылайтынын білесің бе?» дейді. Бала шамасына қарай кез-

келген  дыбыс  реакциясын  алуға  тырысу  керек.  Бірақ  бала  айтқан  аморфты  түбір 

сөздерді,  мысалы  күшік  сөзінің  орнына  «күс»  деп    айтса,  оны  логопед  қайталамауы 

керек. Бала тек дұрыс айтылған сөздермен сөйлемдерді естуі тиіс. 

    СТЖД  1-ші  деңгейдегі  балаларда  еліктеп  сөйлеу  әрекеті  төмен  болғандықтан, 

балаға  қызықты  ойын  фрагменттерін  қолдана  отырып,  оны  қарапайым  дыбыс 

кешендерін айтуға  итермелейтін  қарым-  қатынас  жағдайларын жасау  керек. Ол  үшін 

баланы  ересектің  әр  түрлі  тапытмаларды  орындауына  еліктеуге    үйрету  бағытталған 

тапсырмалар  пайдалы.  («Қара  және  мен  сияқты  орында-  қолдарыңды  бұлға; 

саусақтарыңды жұдырыққа түй; аяқтарыңды екі рет топ- топ тапылдат; адасып кеткен 

балаларды ауу деп шақыр; бала қалай жылайтынын уа- уа деп келтір; суық жел қалай 

соққанын  келтір  –у-у-у;  масаның  ызыңын  келтір  -пи-пи-пи;  машинаның  дыбысын 

келтір -би-би-би; дауылпазды соққанда шығатындыбысты келтір -бум-бум-бум».) 

    Баланы  оқытқан  кезде  имитация  қимылдарына  стимуляциялау  маңызды  («Мен, 

қуыршақ, Дымбілмес сияқты орында».) 

    Баланың  сөйлеу  тілінің  дамуы  олармен  қарым-  қатынас  кезінде,  әсіресе  сөйлеу 

тілінің қателерін түзеткенде ескерілетін, белгілі заңдылықтарға бағынады. 

    Сөздің  пайда  болуына  есту,  көру  зейіні  мен  есте  сақтауының  деңгейінің 

қалыптасуы  себепші.  Ұсынылған  күнделікті  және  жүйелі  жаттығулар  заттарды 

кабылдау,  оларды  негізгі  белгілері  бойынша  біріктіру,  кейбір  нұсқауларды  үлгі 

бойынша  орындау,  заттардың  элементтерін  есте  сактау  біліктерін  дамытады. 

Тапсырмалар алуан түрлі болып, күрделілігі біртіндеп өсуін ескеру керек: 

              -Дыбыстың шыққан сипаты мен оны шығарған затты (дыбыс көзін); 

              -Дыбыстаған барлық музыкалық аспаптарды көрсету т.б. 

              Балалардың  сөйлеу  тілін  белсендіру  үшін,  оған  қызықты  практикалық 

әрекетті қолданып ойын түрінде ұйымдастырған жөн. Бұл кезеңде тыныс алу, дауысты 

дамы- ту жаттығулары (мақтадан жасалған допты қатты ауа ағынымен қақпаға кіргізу; 

әр түсті сабын шарларын шығару; қағаздан жасалған тілді ашу т.б.) қажетті болып 

табылады. 

             Бала ересектің сөзіне еліктеуге дайын болғанда, оны мыналарға үйретеді: 

             -Екпінді буынды айту (мы-сыық, балаалар); 

             -Бір-, екі-, үш буыннан құралған сөздерді айту. 

Балалар сөздерді фонетикалық жағынан ұқсатып бейнелеуі мүмкін («түтік»-күшік).                 

Сабақтардың негізгі мазмұны:  



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау