Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет175/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   472

 

366 


 

Пластилин мен саздан мүсіндеу. Бұл өте пайдалы, бүгінгі күнде «мектептегі оқуға 

дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды. 

 

Мектепке  дейінгі  баланың  өмірінде  әлеуметтік,  психологиялық  жағынан  және 



физиологиялық жағынан да қиын кезең. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі 

әліде өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Тәрбиешінің бала бақшада мектепке 

дайындау кезеңі 4 бағытқа бейімдеп және жан - жақты дамуына зор көңіл бөлу керек. 

 

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды 

қалыптастыру; 



 

2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар 

мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу; 



 

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары; 

 

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну 

іскерлігі. Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі 

қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы дүниеден алған әсерін әрі 

қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балаабқшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек 

процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал 

негізінде білім беруге баса назар аудару қажет.Бала бақша мекемелерінде және шағын 

бала  бақшаларда  тәрбиешінің  алдына  ең  бірінші  қоятын  жоспары  баланың  дамуы 

.Жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой - 

өрісін кеңейту жұмысында өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір бақша 

меңгерушісі бағдарламада берілген материалдарды ыждағатықпен оқып, үйренуі керек. 

Осыдан  соң  тәрбиеші  қандай  тақырыпты  қай  кезде,  қалай,  қандай  мақсатта,  қай 

сабақпен  байланыстыра  өткізу  керектігін  анықтай  отырып,  әр  сабаққа  қажетті 

материалды балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет, тақырыбы, ойын) 

көрсетіп жоспарлайды.  

Тәрбиеші  қай  кезде  нені  өтуге  болатынын  іріктеп  алып  (тақырыпты)  жоспар 

жасайды.  Бақылау  көрсету,  әңгімелесу  кезінде  баладан  сұрап,  өзіне  айтқызу,  оларды 

жиірек  сөзге  қатыстыру  ісіне  көңіл  бөлу.Тіл  дамыту  сабақтарында  көзделетін  негізгі 

мақсат  –  баланың  сөздік  қорын  байыту,  сөйлем  құрап  айтуға,  әңгімелей  білуге 

үйрету.Баланы  сөйлеуге  үйрету,  тілін  дамыту,  ой  -  өрісін  кеңейту  жұмысында  бір 

топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту - үйрету 

ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады. 

Баланың  сөздігі  балаларды  жекелей  бақылау  негізінде,  нақтылы,  көрнекі 

материалдарға сүйене жүргізіледі. 

1. 


Әңгімелеу,  әңгіме  құрастыру  (өзі  көріп  білген  жайттар  туралы,  сурет 

мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету). 

2. 

Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес 



заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу. 


 

367 


 

- Балаға  бірнеше  таныс  заттар  мен  ойыншықтарды  көрсетіп  (суреттен  немесе 

заттың өзін) сұрап, түр - түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу. 

- Бөлмедегі 10 - 15 затты бір орынға қойып, соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші 

сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп, түр - түсін, пішінін айтады. 

- Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды (сабын, тәрелке, орамал, щетка т. 

б.) суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу. 

- Бөтелке (шөлмек), қайық, үтік, шар, доп сияқты пішіні ұқсас заттарды көрсетіп, 

олардың  не  екенін,  не  үшін  қажеттігін,  сапасын,  неден  жасалғанын,  ұқсас  жақтарын 

айтқызу. Бұл жұмыстар сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. 

Бұл  әдістерді  қолдану  кезінде  баланың  тұрмыста  кездесетін  заттарды,  олардың 

атына  байланысты  сөздерді  түсініп  айта  білуін,  пішіні  ұқсас  заттарды  бір  -  бірінен 

даралап, ажыратуға талпыну әрекеттерін байқау мақсаты көзделеді.(Әр түрлі жастағы 

балалардың сөздік қорын анықтау үшін жинақталған әдістемлі құралдары бар . 

Баланы  мектепке  дайындаудың  нәтижелі  болуы-оның  белгілі  бір  мөлшерде 

дайындықпен келуінде және дайындығының сапасына да тікелей байланысты. Баланың 

мектепке дайындығын қамтамасыз ету үшін төмендегі маңызды мәселелерге баса назар 

аударылды.  



 

Біріншіден,  республика  көлемінде  жергілікті  жерлерде  мектепке  баратын 

балаларды алдын-ала мектепалды даярлықтан өткізуді толық қамтамасыз ету. 



 

Екіншіден, білім беру ұйымдарында (балабақша мен шағын бала бақша) баланы 

мектепке  дайындауға  арналған  дамытушы  орталықтарды  жабдықтау  және  оқу  іс-

әрекетіне қолайлы жағдай жасау.  

 

Үшіншіден,  балабақшада  және  мектеп  жанындағы  мектепалды  топтары  мен 

сыныптарында  жұмыс  істейтін  арнаулы  мамандардың  болуын  қадағалау.  Баланы 

мектепке дайындау нәтижелі болу үшін әрбір педагог өз ісінің шебері болуымен қатар 

бала жасына лайықты әдістемені меңгеру, олардың психологиялық жай күйін, қабілет 

мүмкіндіктерін аша түсуге көңіл бөлу.  

 

Төртіншіден,  білім  мазмұнын  жаңарту,  білім  беру  сатылары  арасында  тығыз 

бірліктегі жүйелі білім мазмұнының сабақтастығы болу, білім беру сапасын арттыру.  



 

Бесіншіден, баланы арнайы дайындықтан өткізудің ғылыми-әдістемелік негіздерін 

анықтауға баса назар аудару.  



 

Алтыншыдан, баланың жалпы дайындығының маңызын терең түсіне отырып оқу 

іс-әрекеріне бейімдеудің тиімді жолдарын қарастыру.  



 

Жетіншіден,  баланы  мектепке  психологиялық  тұрғыдан  дайындау,  жаңа  ортаға 

бейімдеу,  оқуға  деген  ынта-ықыласын  қалыптастыру,  оқу  іс-әрекетіне  бейімделу 

мотивін туындату. Бүгінгі таңда баланың мектепке дайындықпен келуі әлеуметтік және 

экономикалық жағдайларға да байланысты. 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау