274
3.Развивать умение выражать свои мысли, что является подготовительной
работой для формирования монологической и диалогической речи. А так же развитие
умения ребенка слушать и понимать обращенную речь, отвечать на вопросы и
спрашивать. Здесь на помощь педагогу придут практические методы обучения,
которые наиболее доступны и понятны ребенку.
Такое четкое выделение основных целей необходимо в практике. Если педагог-
логопед твердо знает, какие качества речи он должен формировать у детей, он будет
планомерно развивать каждое из них. Содержание каждой задачи имеет свою
специфику и требует продуманного подбора наиболее подходящих методов и приемов
обучения, что является очень важным для правильной организации индивидуальных
логопедических занятий.
Список литературы:
1. Закон «Об образовании» РК
2. Государственный стандарт образования РК.
3. Типовой учебный план для работы с дошкольниками с ОВР.
4. Волкова Л.С. Логопедия. М., 1989.
5. Жукова Н.С., Мастюкова Е.М., Филичева Т.Б. Логопедия. Преодоление общего
недоразвития речи у дошкольников. Екатеринбург, 2004.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА АТА – АНАМЕН ЖҰМЫС
Блялова Алтынай Кадыровна
Байбалина Мақпал Маратовна
№63 «Мөлдір» б/б КМҚК
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
бір шарт – жас күнде көрген өнеге
Жүсіпбек Аймауытов
Бүгінгі таңда дүниежүзілік прогрестің дамыған кезеңінде бала тәрбиесі бір сәтте
назардан тыс қалмауы керек. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев
«Ұлтымыздың болашағы - жас ұрпақ!» деген болатын. Әрбір бүлдіршін - ең алдымен
өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы, ұлттың болашағы, егеменді еліміздің
ертеңі. Сондықтан «бала», «ұрпақ», «Өркен» деген ұғымдарды ұмытпай және негізгі
мақсатымыз – жан-жақты бала тәрбиесі болуы керек.
Бүгінгі қоғамда жан-жақты жетілген, бойында ұлттық құндылықтар, сана-сезімі
қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша
халықтың міндеті. Осы міндетті іске асыру үшін, Қазақстан Республикасы Білім және
Ғылым министрлігі «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін
ұйымдастырудың ережесіне» сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған
балаларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында, «Ата-аналарға арналған
консультациялық пункттер» құру қолға алына бастады. Бүгінгі күні облыс көлемінде
275
барлық балабақша жанынан «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер»
ашылып, жұмыс жасайды.
«Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған
балалар және ата-аналармен» жан-жақты, яғни баланы туған еліне, жеріне
сүйіспеншілікке баулып, ұлтжандылыққа, басқа халықтарға бауырластыққа, достыққа
тәрбиелеу үшін «Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде
отбасының ролі», «Тұрмыс салт дәстүрлерінің балаларға тәрбие берудегі маңызы»,
«Этнопедагогиканың
бала
дүниетанымының
қалыптасуындағы
орны»
тақырыптарында тәрбиешілер, педагогтар баяндама дайындап, ата-аналармен ой
бөлісті.
Бала тәрбиесі үшін маңызды «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы», «Тазалық -
денсаулық кепілі», «Баланың рухани әлемі», «Ұялшақтық, ұяңдық оны қалай жеңуге
болады?», «Баланың үйдегі әрекетін ұйымдастыру», «Баланы мінез-құлық мәдениетін
тәрбиелеу» т.б. тақырыптарда топтық және жеке кеңестер берілді.
«Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған
балалар және ата-аналарды» көбіне толғандыратын сұрақтарға «Балалардың
балабақшаға бейімделуі», «Балалардың қабілеттілігін анықтау жолдары», «Бала
ағзасын шынықтыру» және тақырыптарда мамандар тарапынан кеңестер беріледі.
Ата-аналармен, баланың мектепке дайындығын анықтау мақсатында тестілер мен
сауалнамалар жүргізіліп, балалардың оқу- білім деңгейін анықтап, мамандардың
тиісінше кеңес –нұсқаулары беріліп отырды.
Балабақша ұжымы ата-аналар бастамасымен «Шебердің сыйы», «Киелі киіз үй»
қолөнер көрмесін, «Жас суретші», «Сүйікті қалам - Қарағанды» суретшілер байқауын,
«Қарағандыға – 80 жыл» мерей тойларына орай ойын-сауықтар, мерекелік іс-шаралар
ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналармен бірлесе отырып, «Үлгілі отбасы» ,
«Әкем, анам және мен, спортшымыз шетінен» спорттық іс-шаралары өткізілді. Бұл
сорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-аналар мен балалар
арасында спортқа қызығушылықты арттыру және баланың төзімділігін,
жылдамдығын, ептілігін, батылдығын дамыту, шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Ата-аналар үшін «Келіңіз, танысайық», «Балаларды қоғамдық ортаға бейімдеу»,
«Бала дамуындағы отбасының ықпалы», «Бірлескен іс нәтижелі» тақырыптарда ата-
аналар жиналысы өткізілді.
Балалардың құқығын қорғау мақсатында біздің өмірімізде барлық орындауға
міндетті белгілі нормалар мен талаптарға назар аудара отырып, ата-аналармен және
педагогтармен құқық тәрбиесі туралы әңгімелесулер, баланың құқығы, баланы
жазалау мәселелері, баланың жеке тұлғасына , ар-намысына тимейтіндей, өз қателігін
түсінетіндей жұмыстар жүргізу насихатталды. Ата-ананың және педагогтардың негізгі
міндеті – баланың толыққанды дамуына жағдай жасау, оның даралығын,
ерекшеліктерін ескеру. Өз баласының дербес әрекет жасауын құптау және құқығын
қорғау бағытында «Бала құқығын қорғау мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында
семинар-тренинг, дәрістер өткізілді.
Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған
балалар және ата-аналар өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салып, тәжірибе алмасып,
өздерінің
шығармашылық
жұмыстарын
балаларға,
балабақша
ұжымына