Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет121/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   472

 

250 


 

мәдениетімізді  дамыта  отырып,  қарқынды  даму  үстіндегі  әлемнің  техникалық  және 

гуманитарлық  үрдіс  жоспарының  тетігіне  айналу  мақсатымыз.  Бұл  мүмкіндікке  біз 

ағылшын тілі арқылы жете аламыз. 

Иә, көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету тексіздің ісі. 

Қандай  мемлекет  болмасын  оның,  ең  әуелі  мән  беріп,  ұлықтайтын  тілі,  әрине, 

мемлекеттік  тілі.  Өйткені,  мемлекеттік  тіл  әлемдік  қауымдастықтағы  мемлекеттердің 

сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта еліміз, ең 

әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. 

Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш; ал 

ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. 

Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін ту, елтаңба, әнұран секілді 

нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік 

тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. 

«Анамыздың  ақ  сүтімен  бойымызға  дарыған  тілімізді  ұмыту  –  бүкіл  ата  - 

бабамызды, 

тарихымызды 

ұмыту.» 


[2]  

«Ана  тілін  ұмытқан  адам  өз  халқының  өткенінен  де,  болашағынан  да  қол  үзеді.»  [3] 

«Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, сол 

–  халықтың  мәңгілігінің  мәселесі.  Ана  тілін  тек  өгей  ұлдары  ғана  менсінбейді,  өгей 

ұлдары 

ғана 


оны 

аяққа 


басады.» 

[3]  


«Кімде  -  кім  қазіргі  уақытта  ана  тілін,  өзінің  әдебиетін  сыйламаса,  бағаламаса,  оны 

сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» [4]  

Қаншама тіл жанашырлары осындай ұлағатты сөздер айтып қалдырған. 

Тілге құрмет – елге құрмет.Сондықтан,менің парызым — балабақшадағы өзге ұлт 

балаларына  мемлекеттік  тілді  қызықтыра  отырып,жеңіл  меңгерту  үшін,жаңа  әдістер 

мен  технологияларды  өз  тәжірибемде  көбірек  қолданып,тиімді  тәсілдерді  таңдауға 

тырысамын. 

Заман  талабына  сай  әр  мұғалім  өз  сабағын  жаңаша  ұйымдастырып, 

шығармашылық  ізденіспен  өткізеді.  Осы  мақсат  пен  міндеттерді негізге  ала  отырып, 

өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, 

оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен 

көрнекілік  —  балалардың  тілді  үйренуге  деген  қызығушылығын  арттырады,  сенімін 

оятады. 

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала 



бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын — балалар 

үшін  қоршаған  ортаны  танып  білудің  ең  жеңіл-де  ұтымды  тәсілі.  Оның  негізгі 

ерекшелігі — балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде-де сөйлеп 

отырып  ойнайды.  Ойын  процесінде  сөйлесу  үлкен  рөл  атқарады.  Ойын  —  мектеп 

жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.  

Бала  үшін  ойын  —  өзін-өзі  жетілдіру  мен  өзін-өзі  көрсетудің  құралы.  Ойын 

әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда 

тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Ойын ойнау барысында бала ешбір 

бүкпесіз,  бар  жан-тәнімен  ойынға  кірісіп  кетеді-де,  белсенділік  пайда  болады, 

қызығушылық танытады.   




 

251 


 

Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-

тәсілдерді таңдаумен сай келеді. Ойын — оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі 

әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі 

суреттер,  кестелер,  ойыншықтар,  музыка  және  т.б.  материалдар  сабақты  көркемдеп 

отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. 

Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн 

және тиімді. 

Тіл  үйрету  барысында  ойын  элементтерін  дидактикалық  материал  ретінде 

қолданудың  пайдасы  бар.  Дидактикалық  ойындар  арнайы  мақсатты  көздейді  және 

нақты міндеттерді шешеді.   

Балалардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  ойын  түрлеріде  әр  түрлі  болып  келеді. 

Баланы  ойынға  қызықтыра  отырып  оқу  іс  әрекетіне  айландырып,  ойын  түрін 

күрделендіре  түсу  керек.  Ойын  арқылы  балалар  қазақ  тілін  үйреніп,  сөздік  қорын 

байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте 

сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды 

дамыту  жұмыстары:  түсіндіру,  сұрақ-  жауап,  сөйлесу,  әңгімелесу,  әңгіме,  көрнекілік 

әдіс — тәсілдер арқылы жүзеге асады.  

Балабақшада өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін  оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау 

арқылы  әр  тілдің  өзіндік  ерекшелігін  білеміз,  салт-дәстүрімен  таныс  боламыз. 

Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз. 

Қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилей отырып,қазақ тіліне тән 

дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады,дауыстың ырғағы дамиды. Өзге ұлт балаларына 

ол  дыбыстар  ешқандай  қиындық  келтірмейді..Мектеп  жасындағы  балаларға  бесікті 

ақырын тербетіп отырып,ырғақты сазды әуенмен бесік жырын айтқан өте ұнайтынын 

сабақ барысында байқадым.Әр бала өзі бесікті тербетіп,бесік жырын айтуға құлшыныс 

білдірді.Әрине,балалардың  тілдеріне  жеңіл  айтылатын  бесік  жыры  таңдап 

алынады.Бесік жырын тыңдаған және айтқан баланың бойына ұлттық қасиет дариды 

деп ойлаймын. 

Балабақшада  берілген  барлық  білім-  барлық  білімнің  бастамасы  әрі  жан-  жақты 

дамытудың  түпкі  негізінен  қалайтын  орын.  Сондықтан  да,  балалардын  ой  өрісін 

үздіксіз    дамыту  үшін  сабақты  ойын  арқылы  өткізудің  маңызы  зор.  Ойын  —  мектеп 

жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров  «Балалықтың 

қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Ойын — бала үшін нағыз өмір. Өйткені, ойын 

үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. 

Бала  жас  кезінде  тілді  еркін  меңгереді.Бүлдіршін  жаста  меңгерілген  білімнің 

іргетасы берік әрі мықты болады. Осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға 

ұялататын әрине  біз-мұғалімдерміз.  

Қорытындылай  келе,  ойындар  балалардың  таным  белсендігін  жандандыратын, 

өздігінен  ойлауын  дамытатын  тәсілдердің  бірі.  Олар  кез  -  келген  оқу  материалын 

қызықты  да  тартымды  қылып,  балалардың  көңіл  -  күйін  көтеруге,  өздерінің 

жұмыстарына  қанағаттануға  және  өтілген  тақырыпты  жеңіл  меңгеруге  көмектеседі. 

Тақырыпты  ашу  барысында  ойын  арқылы  дамытуға  арналған  тапсырмалар  жүйелі 

қолданылып,  ұйымдастырылып  отырса  сонда  ғана  педагогтың  тақырып  мақсатын 

ашуына мүмкіндік береді.Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау