«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет16/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

33 


руханилықтың  өнермен  байланысын    көрсетеді.    Көре  білген,  сезе  білген  адам  оны  қоғамның 

рухани  әлемін  өзі  толықтыра  түседі.  Сөйтіп,  ол  өз  іс-әрекеті  арқылы  адамдар  арасындағы 

сұлулықпен, үйлесімділікпен көмкерілген руханилықтың қалыптасуына, оның дамуына өз үлесін 

қоса алады  

Өнерлік  негіз  руханилықтың  әлеуметтік  салада  кең  таралуына  негіз  орын  алады.  Әрбір 

өнер  туындысы  адам  әлемін  жаңа  рухани  күшке,  рухани      орынға  айналдыруы  шарт.  Тарихи 

үдеріс өнерді уақыт таразысынан өткізе отырып, оның керектісін қалдырып сараптаушы, електен 

өткізетін  сыншы  болып  табылады.  Адамдар  тарихи  мұраларды,  дүниелерді,  көне  жәдігерлерді 

сақтауға  тырысады.  Бұл  барлық  халықтардың  ұлттық  мәдениетіне  тән  құбылыс.  Сондықтан  да 

халық  шығармашылығының,  ұлы  өнер  туындыларының  бүгінгі  күнге  жеткендерін  рухани  - 

мәдени құндылықтар ретінде   қабылдаймыз. Бабалардан мирас болған қазақ жері, ана-тілі, діні, 

салт санасы, әдет-ғұрпы, дара тұлғалары, ұлттың атын жоймай келе  жатқан ұлт өкілдері мен ұлт 

ұрпақтық мәдени құндылықтар: сәндік қолданбалы өнері, сөз өнері, саз, бейнелеу өнері т.б. Осы 

қарастырылған еңбектерге қарап, рухани мәдени құндылықтар деп  бір ұлт өкілдерінің құнды деп 

есептейтін дүниелері мен бағалы дүниелерінің  жиынтығын айтамыз. Осы мәселені Ж.Наурызбаев 

былайша  сипаттайды:  «Адамның  рухани  ұрпағымызға  берер  мәдени  -этностық  тәрбиеге  орай 

жанданады. Мәдени құндылықтарды қалыптастырып, жүзеге асыруға ықпал ететін үздіксіздік пен 

иелендіру ұстанымдары білім беру жүйесін реформалаудың базалық принципі  болып табылады», 

- деп халықтың төл өнері арқылы эстетикалық тәрбие  қажеттілігіне мән береді [6, 10 б.]. 

Өнер  туралы  айтқанда  білімгер  үшін  жалған  өнер  мен  нағыз  руханилыққа  қарай 

ұмтылдыратын адамның шынайы болмысына сәйкес келетін, оның – миының жадырауына үлесін 

қосатын  нағыз  өнердің  айырмасын  білуі  керек.  Туған  халқымыздың,  ежелден  бері  күнделікті 

тұрмыс-тіршілігімен  біте  қайнасқан,  дәуірлер  өткен  сайын  әр  ұрпақтың  дүниетанымдық 

сапасымен, эстетикалық талғам деңгейімен көркемдік-рухани құндылығы баи түскен өнерінің бірі 

–  дәстүрлі  сәндік-қолданбалы  қолөнері.  Эстетикалық  әсерлі  де,  мәнерлі  ұлттық  қолөнеріміздің 

маңызы  мен  оның  адамдардың  дүниетанымдық  көзқарасын,  талғамын  қалыптастырудағы  мәні 

мен маңызы, ұлттық мәдениет құндылықтарын жасаудағы мүмкіндіктері туралы арнайы өнертану, 

этнографиялық,  эстетикалық  тәрбие  туралы  педагогикалық  еңбектерде  (Ө.Жәнібеков, 

М.Балтабаев,  С.Ұзақбаева,  Е.Асылханов,  Б.Байжігітов,  Ә.Қамақ  т.б.)  көп  айтылған.  Қазақтың 

дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерін оқып-үйрену барысында, біз, халқымыздың өткендегі тіршілік-

тұрмысына,  шаруашылық  түрлерін,  эстетикалық  салт-дәстүрлерін,  қызықты  мерекелерінің 

мазмұнын  т.б.  рухани  мәдениетінің  құндылықтарын  танып  білеміз.  Көркемдік  өнердің  басқа 

түрлері  мен  жанрлары,  әлемдік  сипаттағы  өнер  түрлеріндей  қалыптаспаған  Қазақстан  жерінде, 

халықтың  қоршаған  шындыққа,  табиғатқа  деген  сезімдік,  танымдық  көзқарастары,  талғамы  тек 

дәстүрлі  сәндік-қолданбалы  қолөнер  арқылы  қалыптасып  келді.  Сан  ғасырлар  бойы,  дәстүрлі 

сәндік  қолданбалы  қолөнер  туындылары,  қазақ  халқына  жайлауда,  қыстауда,  көш  басында, 

мереке-тойларда, тіпті жаугершілік кездерде де үнемі қызмет көрсетіп келді. 

Бүгінге  дейін  жеткен  қолөнер  мұраларынан  немесе  сол  өнердің  дәстүрін  жаңаша 

жандандырып жүрген халық шеберлерінің туындыларын көре отырып, қазақ халқы әсемдікті өзіне 

тән сезімталдықпен, талғамдық нормалармен қабылдай білгенін, сол сезім, таным талғам арқылы 

өзі  өмір  кешкен  ортаға  ұлттық  дәстүрге  сай  сұлулық  енгізуге  үнемі  құштарлықпен  белсене 

қатысқанын  танып  білеміз.  Күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  бұйымдарды  ағаштан,  теріден, 

киізден, металдан т.б. қолда бар матералдарды аса шеберлікпен өңдеп, оюлап, әсемдеп жасайтын 

асқан  шеберлер  шыққан  халық  -  өзіндік  дәстүрлі  өнердің  туындыларын,  оның  авторларын  өте 

жоғары  бағалап  отырған.  Ертедегі  көшпенді  қазақ  жанұясының  әр  азаматы  осы  «мұражайда 

дүниеге  келіп»,    сол  мұражайдың  «экспонаттарымен»  өмір  бойы  араласып  өседі,  әсемдік  пен 

көркем  шығармашылықтың  жасалуымен  біте  қайнасып,  сол  сұлулықты  қадірлеуге,  сүйіп  өсуге 

тәрбиеленеді.  

Азамат болып, өз отауын тіккенде, сол сұлулықты өз қолымен жасауға деген қажеттілікті, 

қабілеттілікті бойына сіңіріп өседі. Қазақ халқының ерте заманнан атадан балаға мұра болып келе 

жатқан,  көне  дәуірлерден  бері  жете  дамыған  айшықты  өнерінің  бірі  –  зергерлік  өнер. 

Археологиялық  қазбалардан  табылған  зергерлік  әшекей  бұйымдардың  қалдықтарынан,  ертедегі 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

34 


көшпенділердің  темір,  мыс,  алтын,  күміс  қалайы,  қорғасын  сияқты  металдарды  өңдеудің 

технологиясымен айналысқанын, олардын түрлі тәсілдерді пайдаланып еңбек құралдарын, тұрмыс 

бұйымдарын,  әшекейлк  заттар  жасағанын  білеміз.  Қазақ  зергерлері  металды  әшекей  бұйымға 

айналдыруда өте жоғары көркемдік талғаммен қарап, бұйымның қолданар орнына қарай айшықты 

нақыштар  таба  білді.  Әйелдердің  тағатын  түрлі  сақина,  жүзік,  алқа,  білезік,  сырға,  шолпы  т.б. 

толып  жатқан  сәндік  бұйымдары  мен  қоса,  қамар  белдік,  ат  әбзелдері,  төсек,  сандық  үй 

жиһаздарын  да  алтын,  күміс,  сүйекпен  нақыштап  безендірген.Талғамы  биік  зергерлер,  күмістің 

қасиеті  мен қадірін  ескере  отырып,  өздері жасайтын бұйымның  ерекшелігіне қарай пайдаланып 

отырған.  

Дегенмен  де,  зерттеуші  ғалымдардың    тұжырымдауынша,  қазақ  зергерлерінің  бәріне  тән 

қасиет – олардың сәндік-әшекей бұйымдарындағы қазақтың ұлттық дәстүрлерінің біртұтас бірлігі. 

Әйелдер  тағатын  сәндік  әшекейлер:  өңіржиек  (ақық  немесе  басқа  асыл  тастар  орнатып 

көркемдеген, күміс баулы, екі жақ өңірге тағатын әшекей), екі-үш асыл тастардан көз орнатылған 

немесе  қарапайм  пішінді  өсімдік  тектес  ою-өрнектермен  көркемделген  түрлі  формадағы 

білезіктер,  қымбат  тасты  жүзіктер,  сақиналар,  салпыншақ  қоза  сырғалар,  әдемі  түймелер  мен 

қапсырмалар,  шолпылар,  сәукелені  әшекейлеуге  арналған  түрлі  пішінде  әшекей  бұйымдар  т.б. 

Қазақстанның барлық өңірінде біркелкі, ұлттық пішіндегі бірлік сақталған. Қазақ әйелінің ұлттық 

киімдері, зергерлік өнер бұйымдарымен бірге, киіз үй пішінімен, оның ішкі жиһаздарымен, қазақ 

даласының  табиғатымен,  ән-жыры,  музыкасының  үнімен,  қазақ  әйелдеріне  тән  мінез-

қылықтылықпен кереметтей үйлесім табатын, сұлулық пен көркемдік мәдениетіміздің құндылығы 

деп  санауға  болады.  Қазақ  зергерлерінің  дарыны  тек  сәнді  бұйымдар  жасаумен  ғана  шектеліп 

қойған  жоқ.  Халық  қамын  ойлаған  зергерлер,  ел  сүйген  ерлерді,  еліне  пана  болған  батыр, 

таңдайлы  шешен,  ұл-қыздарын  зергерлікпен  бейнелеп  мұра  етіп  қалдыра  білді.  Ата-

бабаларымыздың  өнерін  үзбеу,  дамыту,  келесі  ұрпаққа  жеткізу  үшін  талантты  ұл-қыздардан 

шәкірттер дайындап, халықтың көркем мәдениетінің жібін үзбеуге күш қосты. Бұл өнер де, басқа 

дәстүрлі  ұлттық  өнерлер  сияқты,  жас  ұрпақты  көркемдікті,  сұлулықты  түйсіне,  сезіне  білуге 

баулитын, халқымыздың тарихы  мен  мәдениетін,  салт-дәстүрлерін игеруге зор ықпал  жасайтын 

эстетикалық тәрбие құралы. 

Қазақ халқы, жасөспірімдердің өмірі ересектер ықпалына тәуелді болса да, өзінше бір кіші 

әлем  құрайтынын,  өзін  қоршаған  әлемді,  өмірлік  құбылыстарды  ересектерден  мүлде  басқаша 

қабылдайтынын, олардың өмір-әлемі – сол қарапайым да, нәзік, күрделі де, қызық әлемнің көркем 

дүниесі  екенін  халық  үнемі  ескеріп  отырған.  Сондықтан  қазақ  халқының  балалар  тәрбиесіне 

бағытталған тәлімдік дәстүрлері, өнерлері мен тәлімдік іс-шаралары – балалардың жасына, даму 

ерекшеліктеріне  қарай  танымдық,  талғамдық,  шығармашылық  ізденіс  мүмкіндіктеріне 

бейімделген  -  ұлттық,  психологиялық,  әлеуметтік  болмысының  бар  мүмкіндіктерін  толық 

пайдаланып  отырған.  Тұлғаның  бойына,  ата-бабалары  ғасырлар  бойы  қалыптастырып,  ұлттық 

тәрбие  заңдылықтарына,  мінез-құлық  нормаларына  айналған,  өзіндік  принципке  негізделген 

қағидаларды сіңіруді мұрат тұтқан халқымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» қағидаға бекітілген тәлім-

тәрбиенің барлық түрінің тәрбие құралдарын, әдіс-тәсілдерін дүниеге әкелген. Болашақ ұрпағын 

өнер арқылы сұлулыққа, әсемдікке баулуда, ата-ана, ата-әже, жалпы елдің мұраты болғаны сөзсіз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Парсонс Т. Общий обзор // Американская социология: перспективы, проблемы,методы.-

М.,1996. 368 с. 

2.  Крымский    С.Б.  Контуры  духовности:  Новые  контексты  индивидуальности  //Вопросы 

философии. -№12.1999.213с. 

3.  Байжігітов  Б.К.  Бейнелеу  өнерінің  философиялық  мәселелері:  Кеңістік  пен  уақыт 

ырғағындағы  тұрақты сурет үлгілері. -Алматы,1998.- 192 б. 

4.  Наурызбаев  Ж.  Ұлттық  мектептің  ұлы  мұраты  (Оқушыларға  мәдени-этникалық  білім 

беру). – Алматы: Ана тілі, 1995.10 б. 

 

 




жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау