Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет82/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   262

169 

 

ақыл ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі.Ал оқыту барысында ақыл – 



ойдың дамуы,бүгінгі күннің басты талабы. 

Тәрбиеленушілердің  ойлауын  дамытуда  екі  негізгі  саты    байқалады.Біріншісі 

сатыда  әлі  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  ойлауын  еске  түсіреді.Бұл  жерде  оқу 

материалдарын талдау көрнекі әсер ету жоспарында басым болады.Мұнда балалар нақты 

заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді. 

Ойлауды дамытудың екінші сатысыбалаларға игерілетін мәліметтердің жекеленген 

элементтері  арасындағы  болатын  байланысты  көрсету  үшін  ерекше  қам  жасайды.  Жыл 

өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемі ұлғая береді. 

Педагогикалық   үрдісте  логикалық   ойлау   қабілеттерін  дамытуда  ментальды 

арифметикаалар орны ерекше. 

Тақырыптың өзектілігі: 

Ментальды  арифметика  –  жоғары  нәтиже  көрсететін  білім  жүйесі,бұл 

бағдарламаны  үйренген  мыңдаған  балалар  калькулятордан  жылдам  ойша  есептей  алады 

және интелектуальды мүмкіндіктерінің әрі қарай дамуына себеп болады. 



Зерттеу объектісі:мектепке дейінгі тәрбиеленушілер 

Зерттеу пәні:ментальды арифметика 

Зерттеудің мақсаты: 

Ментальды  есептеу  барысы  арқылы  мидың  екі  жақ  және  жарты  шарлары  бір 



мезгілде бірге жұмыс істеуге жаттықтыру,сол арқылы креативті ойлауын дамыту 

Шығармашылық  қабілеттерге  жауап  беретін  мидың  оң  жақ  жарты  шары,бала  көз 



алдында абакусты елестету кезінде дамыту 

Логика мен аналитикалық ойлауға  жауап беретін сол жақ жарты шары,бала зейіні 



шоғырландырып,логиканы  қолдану  арқылы  ойындағы  абакустан  түрлі  есептерді 

шығаруға дамыту. 



Зерттеудің міндеттері: 

-Білімді шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзіреттілік тұрғыға көшу; 

-логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың әдіс – тәсілдерін жетілдіру; 

Оқу  –  тәрбие  үрдісінде  оқытудың  жаңа  формалары  мен  әдістерін  тиімді 

пайдаланған  жағдайда  логикалық  ойлау  қабілеттерін  арттырып,олардың  субъект  – 

субъектілік тұлғасы қалыптасады. 

Жұмыстың практикалық жаңашылдығы: 

1.Логика 

2.Зейінді шоғырландыру 

3.Фотографиялық есте сақтау 

4.Өз – өзіне деген сенімділік 

5.Оқудағы жетістік 

6.Аналитикалық ойлау 

7.Шығармашылық тұрғыда ойлау 

8.Дәлдік пен жылдамдық 

9.Қиял мен елес 

 

Тапсырмалар 



Нәтижесі 

 



Ой қозғау жаттығулары 

Ми 


жұмысы 

және 


көру 

жүйесі 


жақсарады.  Шығармашылық  жұмыстардың 

көрсеткіштері артады. 

 



Ойлау сәті 



Пайдалы   

эмоционалдық 

негізі 

қалыптасады, 



танымдық 

мүмкіндіктерін 

дамытуға көмектеседі. 

 



Психикалық 

механизмдерді жаттықтыру 

Есте сақтау қабілетін дамытып,зейінін 

тұрақтандырады. 

Қызығушылығын арттырып, 

байқағыштыққа баулиды. 




170 

 

 



Көңілді үзіліс 

Баланың қозғалыс икемін дамытады 

және бір мезетте бірнеше тапсырманы 

орындауға үйретеді 

 



Логикалық тапсырмалар 

Ізденімпаз болуға,тың шешім қабылдай 

білуге дағдыланады.Өзіне деген сенімділік 

қасиетін арттырады. 

Бірнеше мың жыл бұрын қытайлықтар «абакус»есепшотын ойлап тапқан 

болатын.Бұл құрал арифметика саласына көп өзгеріс әкелді.XVI ғасырда «абакусты» 

жапондықтар қолдана бастады.Содан бері 400 жыл өтіпті.400 жылда «абакусқа» 

негізделген сан түрлі есепшоттар пайда болды ( оның ішінде аталарымыз қолданған 

«советский» есепшот та бар).Бүгіннің калькуляторы уақыт жағынан одан өалыс қалып 

қояды.«Абакус» бүгінде АҚШ-та, Кореяда,Оңтүстік Азияда кең танымал.Ендгі кезек 

бізде.... 

Логикалық  жаттығуларды  орындау  баланың  ақыл-ойын,қиялын,ой  ұшқырлығын 

дамытады.Бұл  тәрбиеленушілердің  түрлі  мазмұнды  есептерді  шығаруда,есептің  шартын 

құра  білуге  қалыптастырады.Бір  есептің  бірнеше  шешімдерін  табуға  жетелейді.Әрбір 

сабақ  қызықты  есептермен  аяқталып,логикалық  есептер  оқушылардың  жас  ерекшелігіне 

қарай күрделене түсуі қажет. 

Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар 

аз  емес.Соның  бірі  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту,кітапқа,оқуға,білім 

алуға деген құмарлықтарын арттыру. 

Осындайпроблемаларды  шешу  мақсатында  мектепке  дейінгі  мекемелерден  бастап 

ментальды  арифметиканы  енгізу  керек.Осы  мәселені  негізге  ала  отырып  мектеп 

қабырғасында  әкімшілік  және  ата-аналар  келісіммен  «Білге    ментальды    арифметика 

курсы »ашылды. 

Дәріс  беру  барысында  логикалық  ойлау  қабілеті  мен  шығармашылығын 

дамытамыз. 

Оқытудың жаңаша технологияларының  қағидаларын негізге ала отырып, қабілетті 

оқушыларды  білім  негіздерін  меңгерумен  қатар  шығармашылық  тұрғыда  ойлауға,өз 

бетінше ізденуге, ғылыми- ізденіс бастамаларын үйренуге баулуға бағытталған. 

Ой  әрекеті  барысында  адам  қоршаған  дүниені  танып,білу  үшін  ерекше  айқын 

қызметін  орындайды.Бұл  нақты  қызметіне  талдау,біріктіру,салыстыру,дерексіздендіру 

нақтылау және қортындылау арқылы жүзеге асырылады. 

Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш қуаты мен 

сенімін арттыру керек.Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. 

Білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттерден тұрады. 

1.Қабылдау 

2.Түсіну 

3.Есте сақтау 

4.Қорыту және жүйелеу 

Қазіргі  білім  беру  саласында  ақпараттық  технологияны  сабақта  пайдалану  ұдайы 

қалыптасқан десе де осы технологиялар бірте-бірте жаңарып,жаңа үлгіде,оның пайдалану 

мүмкіндіктері  де әр қилы болып келуде.Ал мұғалім өз сабағын өнімді өткізу үшін әрине 

осы тәсілдерді жетік меңгертіп,тиімді пайдаланғаны дұрыс. 

Сабақта пайланудың тиімділігі: 

Оқушының өз бетімен жұмысы; 



Аз уақытта көп білім алып,уақытты үнемдеу; 

Шығармашылық есептер шығару; 



Жетістіктерін бағалау мүмкіндігінің туындауы; 

Экономикалық тиімділігі; 



Іс – әрекет,қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау