Управление образования павлодарской области


Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет81/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   262

167 

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту 



 

Хайлямова Н.А., педагог-психолог 

МКҚК «№6 Сәбилер бақшасы» Павлодар қаласы 

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау  қабілеттері  көбінде нақты сипатқа 



ие, нақты объектілерге сүйенеді. Егер орын алып жатқан оқиғалар бала үшін эмоционалды 

маңызы болса, балаға әсері тиіп, бала оқиғаларды еріксіз есте сақтап қалады. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  есте  сақтау  қабілетін  дамытудағы  негізгі 

шарт-  жанама  есте  дамыту,  яғни  есте  сақтау  мақсатында  құралдар  мен  арнайы  тірек  - 

сызбалар  пайдалану.  Ол  үшін  объектілер  арасындағы  ортақ  белгілерді  тауып,  байланыс 

орнату  қажет.  Ассоциативті  есте  сақтау  қабілетін  дамыту  үшін  келесі  жаттығулар 

қолданылады: 

Сөздерді суреттер көмегімен есте сақтау; 



Сөздерді әңгіме құру арқылы есте сақтау; 

Шетел сөздерін фонетикалық ассоциациялар арқылы есте сақтау. 



Осы  жаттығулар  оқу  қызметінің  табысты  болуына  өз  ықпалын  тигізіп,  жұмысқа 

қабілеттіліктерін арттырады. 

Есте  сақтаудың  негізгі  тәсілі-берілген  материалды  бірнеше  рет  оқу.  Материалды 

есте сақтау барысында тақырыпты бірнеше бөлікке бөліп, әрбір бөлікке белгілі сипат беру 

керек. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту  үшін  сабақ 



барысында жағымды, қызықты жағдай жасау қажет. Сабақты жарыс, ойын арқылы өткізу 

керек.  Өйткені  ойынның  негізгі  мақсаты  –  баланы  қызықтыра отырып  білім беру,  себебі 

қызығу-  танымдық  іс-әрекеттің  қозғаушы  күші.  Есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту  үшін 

түрлі ойындар ойнатылады. Бұл ойындарға бірнеше әдістемелік талаптар қойылады: 

ойынның  мақсаты  нақты  болуы  шарт  және  керекті  көрнекіліктер  мен 



материалдар алдын-ала даярланып, қолайлы жерге қойылуы тиіс; 

ойынды бастар алдында ойын шартын барлығына тәптіштеп  түсіндіру 



қажет; 

 



балаларды ойын үстінде қажетті шешімді қабылдауға жетелеу; 

ойын түрлерін бағдарламаға және бала жасына сай етіп таңдап алу; 



ойынды  баланың  көңіл-күйі  мен  жас  ерекшелігіне  байланысты  етіп 

түрлендіру; 

қарапайым ойыннан қиынырақ ойынға көшу кезектілігі; 



міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялап, балаларды жігерлендіру 

қажет. 

Ойынның барлық шарттары дұрыс сақталған жағдайда ғана, баланың тіл байлығы, 



білімі артады, ойлау қабілеті дамиды. Балаларды сабаққа ынталандырып, психикасына 

сапалы өзгерістер енгізіледі. Баланың мінез-құлқының қалыптасқанын байқауға болады. 

Өз  іс-тәжірибемде  өтетін  тренинг-сабақтарым  көрнекіліксіз,  ойынсыз  өткен  емес. 

Қай  сабақ,  қай  тақырыпқа  болмасын  тиімді  көрнекілік,  ойынды  ойластырып,  алдын  ала 

дайындалуға тырысамын. 

Мысалы,  сюжетті-рөлдік  ойындарда  баланың  есте  сақтау  қабілетін,  зейінін, 

ойлауын,  қиялын  қалыптастыруда  зор  маңыз  атқарады.  Және  бұл  ойындар  барысында 

балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып олардың тапқырлығын, байқағыштығын 

арттыра отырып, еріктілігін дамытады. Өз ара қарым-қатынас құруға үйренеді. 

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған сюжетті-рөлдік ойындар: 

«Ойыншықтар дүкені» сюжетті-рөлдік ойынында: «Ойыншықтың орнын тап» атты 

тапсырмасы  бойынша   балалар  жұптасып отырып, ойынның шарты  бойынша   дүкеннен 

«сатып алған» ойыншықтармен ойнайды. Балалардың алдында ұсақ ойыншықтар тұрады. 

Жүргізушінің  белгісі  бойынша  бір  бала  ойыншықты  қарап,  есінде  сақтап  алуы керек, 




168 

 

екінші  бала  ойыншықтардың  орындарын  ауыстырады.  Тапсырманы  орындаған  соң 



рөлдерімен  ауысады.  Келесі  кезеңде  ойынды  қүрделендіру  қажет.  Әр  түрлі  заттар 

қосылып тапсырмасы өзгереді. 

«Шекарашы» 

сюжетті-рөлдік  ойын  барысында  «Шекарадағы  өзгерістер», 

«Айырмашылығын тап», «Іздерді салыстыр» деген тапсырмалар беріледі. 

«Ыдыс-аяқ» сюжетті-рөлдік ойында балалар: «Ыдыстың өрнектерін сәйкестір», 

«Айгүл қандай ыдыс сатып алды?» т.б. тапсырмалар орындайды. 

Жалпы  баяндалған  материалды  қорыта  отырып  айтарым,  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың есте сақтау қабілетін дамыту өте маңызды. Әрбір саналы адам мақсатты түрде 

есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді меңгерсе, өзінің есте сақтау жадын 

тиімді  әрі  рационалды  түрде  дамыта  алатындығы  ғылыми  түрде  дәлелденген.  Балалар 

өздерінің  көңілдері  ауған  мәліметтерді  ғана  есте  сақтайтынын  ескере  отырып,  әрбір 

педагог  балаларды  ойын  арқылы  қызықтыру  қажет.  Сол  себепті  педагогтар  баланы 

тәрбиелей отыра, есте сақтау қабілетін де дамытып отыруды қолға алуы тиіс. 

 

 

 



Әдебиеттер: 

 

1. 


Ж.Қ. Дүйсенова, Қ.Н. Нығметова. «Балалар психологиясы», Алматы: 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, – 2012. – 5 б.

 

2. 


А. Ешметова. «Жас Алаш» // «Балаңыздың тіл тазалығын қадағалаңыз».

 

№71. 



2015ж.

 

3. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991. 



4. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М.,1984. 

5. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000. 

6. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996. 

7. Кисловская В.Р. Школьники в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975. 

8. Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. 

– М., 1998. 

9. Леонтьев А.Н. Проблемы развитие психики - М., 1981 

 

Мектептегі дейінгі тәрбиеленушілердің жаңаша оқу заман талаптарыныңбірі – 



ментальды арифметика 

 

А.С.Чужаева, Железин №3 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі, 

Железин ауданы. 

 

«Баланың ынтасын арттыру үшін 



оқытылатын бір жаңалық болуы керек» 

Ж.Аймауытов 

Қазіргі таңда білім беру саласында едәуір өзгерістер болып жатқаны белгілі. Қоғамның 

сұраныстары бойынша жаңа ғасырдың адамы жан-жақты, креативті,  өз-өзіне сенімді, 

терең ойлайтын, «Мен-концепциясы» бар тұлға болуы керек. Мұндай  бейнені 

қалыптастыру үшін оқыту мен тәриелеу жүйесіне бірқатар өзгертулер енгізу керек, 

әсіресе,   мектепке   дейінгі  ұйымдарда   қолданылатын   дәстүрлі  әдіс-тәсілдерді   өзгерту 

қажет. 


Жаңа  қоғамның  тізгінін  берік  ұстайтын  еркін  елдің  ертеңі  кемеңгерлерін 

оқыту,тәрбиелеу  бесіктен  баланың  нәрестелік  шағынан  басталып,ұдайы  үздіксіз  даму 

барысында  қалыптасатыны  белгілі.Баланы  оқыту  мен  тәрбиелеуде  мектепке  дейінгі 

мекемелер алар орны ерекше.Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болып,баланың 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау