Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет6/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   262

13 

 

алдыңғы қатарлы оқу орындары мен 100-ден аса маман қатысқанын хабардармыз, 



келешекте де бұл орта білікті аудармашылармен толығар деген ойдамыз. 

Аталмыш  оқулықтар  алдағы  жылы  басылып,  ЖОО-на  жеткізілетіні  және  2018 

оқу  жылынан  бастап  аударылған оқулықтар  жоғары  білім  беру  жүйесіне  енетіні  көңіл 

қуантады.  Алғашқы  аударылған  18  оқулықтың  ішінде  Америка  тілшілер  қоғамының 

президенті  Виктория  Фромкин  бастаған  ғалымдар  тобының  «Тіл  біліміне  кіріспе» 

оқулығы,  Лее  Анна  Пек  авторлығымен  жазылған  «Медиаэтика»  және  Светлана  Тер  – 

Минасованың  «Тіл және мәдениетаралық коммуникация»» атты оқулықтарының қазақ 

тіліне  аударылғаны  оқу  үрдісіне  құнды  бір  әдебиеттің  қосылғаны  деп  есептейміз. 

Оқулық  мазмұнын  сараптай  келсек,  мәселен,  Виктория  Фромкин  бастаған  ғалымдар 

тобының  «Тіл  біліміне  кіріспе»  оқулығында  тілдік  өзгеріс,тілді  меңгеру,  жазба  тілдің 

негіздері, тіл және адам миы сияқты мәселелердің жаңаша таладуы ұсынылған. Ал, Лее 

Анна  Пек  авторлығымен  жазылған  «Медиаэтика»  атты  оқулығында  БАҚ  саласында 

кездесетін  этика  мәселесі,  қоғамдық  қатынастар  саласында  қызмет  ететін  жас 

мамандарға  ақыл  –  кеңес  жиынтығы  беріледі.  Әр  түрлі  жағдайдағы  мроальдық 

мәселелерді  шешудің  жолдары  ұсынылған.  Светлана  Тер  –  Минасованың  «Тіл  және 

мәдениетаралық  коммуникация»»  атты  оқулығында  түрлі  ұлт,мәдениет  өкілдерінің 

өзара тілдік қарым – қатынасының мән – маңызы және оның алғы шарттары туралы ой 

қозғалады. Мәдениетаралық коммуникация моделіне талдау жасалынады. Міне, мұндай 

оқулықтар сапы бүгінгі білім мазмұнын тереңдету үшін пайдасы зор деп білеміз. 

Ойымызды  түйіндей  келсек,  кең  көлемді  аударма  жұмысы  қазақ  тілін 

халықаралық  ғылыми  лексикамен  байыта  түсуге,  ғылыми  терминалогияны  дамытуға, 

академиялық  жазу  стилін  жетілдіруге,  қазіргі  ғылыми  зерттеу  және  баяндау  әдістерін 

игеруге  зор  мүмкіндік  беретіні  сөзсіз.Ең  бастысы,  гуманитарлық  бағыт  бойынша 

әлемнің 100 үздік оқулығы қазақ тіліне аударылуы арқылы тілдің дамуына аса қажетті 

ғылыми  мазмұн  мен  лексика  дамиды.  Гуманитарлық  салалар  бойынша  білім  алатын 

жастардың  заман  талабына  сай  білім  алуына  жағдай  жасалынады.Сөйтіп,  отандық 

жоғары  оқу  орындарындағы  мазмұн  және  академиялық  талқы  деңгейі  әлемнің  ілгері 

ғылыми орталықтарының деңгейіне шығуына мүмкіндік туады. Ендеше тереңдетілген, 

жан  –  жақты  білім  алу  үшін  осындай  білімдендіру  қуаты  мықты  оқулықтар  қатары 

сөремізде көбейе берсін! 

Бірлігі  бекем,  берекесі  мол  елдің  ертеңі  нұрлы  болатыны  баршамызға  аян.  Ал 

нұрлы елдің ең басты құндылығы - терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сырын 

сыйғызған  мемлекеттік  тілі  ,  ұлттық  даралығы  мен  даналығынжазатын  тарихы, 

ұлттық  болмысын танытатын  салт  –  дәстүрі, танымы  мен  тағылымын  көрсететін  ділі 

мен  діні,  кең жазира  атамекені  мен  Ұлы  Дала  рухы  болу  қажет. Бұл  құндылық  бізде 

бар. Енді оның мәңгілік болу жағдайын жасауымыз қажет. 

Өркениет  тарихында  рухты  халық  қана  жасампаз  болмақ.  Бүгінгі  жаһандану 

заманында  экономикалық,  инновациялық  даму  мен  өркендеу  кеңістігінде  адамзат 

баласына рухани жаңғыру мен өмір сүру – басты ұстаным, берік қағидат болуы керек. 

Ұлттық  санамыз,  ұлттық  ой-пайымымыз  ісімізден  озық  болып,  игілікті  де  табысты 

еңбектерімізден  бұрын  жаңғырып  отыруға  тиіс.  Ұлттық  рухани  құндылықтардың 

қайнар  көзі  –  тіл,  дін,  діл,  салт-дәстүр,  тарих  екені  баршаға  аян.  Ұлттық 

құндылықтардың  басты  мазмұны  –  білім  мен  біліктің,  тәрбие  мен  тағылымның 

ұштасқан  тірегі.  Осы  ретте  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: 

рухани  жаңғыру»  атты  Жолдауы  Қазақ  Елінің  жаһандану  әлемінде  рухани  даму 

жолында  басты  бағдар  болатыны  сөзсіз.  Қазір  ең  бастысы,  ұлттық  біртұтастығымыз 

мен  бірегейлігімізді  сақтауда  өзекті  жұмыстар  атқарылуы  қажет.  Біріншіден,  ұлттық 

сана  –  сезім  көкжиегін  кеңейту  мақсатында  ұлттық  ойлаудың  философия  мазмұнын 

білуіміз керек. Жаңғыру сипатында ұлттық құндылықтарымыздың қоғамға  жат, 



14 

 

ескіргенін  ығыстырып,  ұлт  болмысына  қажеттісін  насихаттағанымыз  дұрыс  болады. 



Екіншіден, ұлтымыздың білімділігі мен біліктілік мазмұны. Аса білімдар ұлт қана ұлт 

құндылығын  сақтап,  әлемдік  кеңістікте  ұлттық  парасатын  көрсете  алады.  Соның 

бірегейі  -  Ұлттық  Тіл  құдіреті.  Тіл  -  Ұлттық  тірегіміз,  рухани  күш  қуатымыз,  ұлт 

айбыны, ұлтжандылық сезімін шыңдайтын құрал екені баршамызға белгілі. Бүгін қазақ 

тілінің  қадір  –  қасиетін  тек  қазақ  ұлты  ғана  біліп,қазақ  қана  насихаттап  қана  қоймау 

керек. Қазақ Елінің руханияттық қуаты Қазақ Елінде тұратын барлық ұлттардың қазақ 

тілінде  сөйлеп,қызмет  жасап,  шешендідігін  танытатын  басты  көрсеткіш  болу  қажет. 

Көпұлтты  Еліміздің  халқы  Қазақ  Елінің  ұлттық  руханияттық  құндылықтарын  сақтап, 

насихаттауда  ерен  еңбек  ете  отырып,таяу  жылдардағы  басты  міндет  болып  есептеліп 

отырған  рухани  жаңғыру  ісімізге  өз  тарапымыздан  қолдау  көрсете  отырып,  ұлттық 

әлеуетіміздің күшімен өзіндік үлесімізді қосуға сенім білдіреміз. 

Уақыт  ағымы  өзгерсе  де,  адам  болмысының  адамгершілік  табиғаты  өзгермеуге 

тиіс. Қай уақытта болса да, адам жаны имандылық пен ізгілік үшін, адалдық пен әділдік 

үшін, білімділік пен рухтың биіктігі үшін ғұмыр кешу керек. Бұл Қазақ Елі үшін басты 

ұстаным. Бүгінгі таңда Қазақ Елінің ұрпағының тәрбиесі  – отбасы мен қоғам тәрбиесі 

деп  білуіміз  қажет.  Ата-баба  мұрасы  мен  ұлтымыздың  ұлығын  сақтау  үшін  бес 



құндылықты,  тағылымды  тәрбие  үшін  беру  төрт  тағанды,  рухын  биік  ұстау  –  үш 

қуаттылықты білуіміз керек. 

Бес  құндылық  –  біріншіден,  көрікті  ойдын  көркем  сөз  тудыратын  ана  тілде 

сөйлеу.  Тіл  тазалығы  мен  тіл  мәдениетін  сақтау.  Екіншіден,  имандылық  ишарасының 

ұйытқысы-  ұлттық  діннің  дұрыс  насихаты.  Үшіншіден,  ұмытылып  қалған  салт- 

дәстүрімізді  дұрыс  жаңғырту,  ұлттық  ас-су,  зергерлік  өнер,  құсбегілік,  атбегілік, 

ұлттық-тұрмыстық  –  қарекетімізді  үйрету,  насихаттау.  Төртіншіден,  діл,  яғни  ұлттық 

болмыс табиғаты сақталу қажет. 

Бесіншіден,  Қазақ  Елінің  ата-баба  тарихының  дұрыстығы  мен  бұрыстығын  анықтап, 

айтылмаған, жазылмаған ақтандақ тарих беттерін ұрпаққа оқыту және білу. 



Тағылымды тәрбиенің төрт тағаны – 

1.  Ата-анаға құрмет жасау арқылы – үлкенді сыйлау, отбасын сақтау, дұрыс ұрпақ өсіруге 

жетеміз. 

2.  Жақсының сөзін тыңдау, сұлулықты сезіну, өнерді сүю, көркем әдебиетті оқу, ұрпақ - 

жанын нұрландыра аламыз. 

3.  Адал еңбек ету, білім мен ғылымға құштарлық, жаңалық жаршысы бола білу – қоғам 

тазалығы мен дара тұлға мазмұнына жеткізеді. 

4.  Білдім демей, білгім келеді деумен өмір сүріп, әр уақытта дүние тылсымы мен 

құпиясын білуге құштарлық болу керек. 

Ұлттық рухтың биіктігі үшін үш қуат көзі: 

1.  Ұлттық ар-намыс әр уақытта ояу, жалынды жігерің шоқ болып тұрсын! 

2.  Ұлт жоқтаушысы бол, ұлттық тектілікті сақта! 

3.  Өркениеттіліктен қалмай, Қазақ Елінің ұлттық болмысына қосар еңбегін зор, қағидатың 

анық, білімділігің биік болсын! 

Ал ендеше, ұлттық дүниетанымыздан адаспай, Өзімізден бастап, Өзгелерге үлгі 

болар игілікті істің басында бас болайық, биік болайық! 

Ұлттық  құндылықтар  және  жалпыадамзаттық  гуманизм  тұғырында  Қазақ  Елінің  жас 

ұрпағын тек ұлттық білім мен әлемдік мәдениет тұтастығында білім беріп, тағылымды 

тәрбие берсек қана Ұлт тәуелсіздігі мәңгі болмақ! 



Әдебиеттер: 

1.  Назарбаев  Н.Ә."Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру" //  Сарыарқа  самалы. 

15.04.2017. 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау