113
период впитывания, накопления знаний. Успешному прохождению этого периода
благоприятствуют характерные особенности детей этого возраста — восприимчивость,
впечатлительность. И здесь важна роль взрослых, которые вводят ребенка в социальный
мир. В процессе разнообразной деятельности, можно успешно решать задачи
формирования у дошкольников знаний дорожной безопасности, способных в рамках
своего возраста принимать необходимые решения.
Таким образом, систематическая работа с детьми по обучению правилам
дорожного движения в детском саду в тесном контакте с родителями, использование
эффективных, современных методов и приемов, учет возрастных особенностей дают
положительные результаты.
Литература:
1.
Авдеева Н. Н., Князева Н. Л., Стеркина Р. Б. Безопасность: Учебное пособие по
основам безопасности жизнедеятельности детей старшего дошкольного возраста. — СПб.:
ДЕТСТВО-ПРЕСС, 2002
2.
Добрякова В. А. и др. Три сигнала светофора: Дидактические игры, сценарии
вечеров досуга. — М.:Просвещение, 1989.
3.
Скоролупова О. А. Занятия с детьми старшего дошкольного возраста по теме
«Правила и безопасность дорожного движения». М.: Просвещение, 2004.
4.
Шалаева Г. П. Азбука маленького пешехода. — М.: Филол. О-во СЛОВО, Эксмо,
2008.
5.
Белая К. Ю., Зимонина В. Н. Как обеспечить безопасность дошкольников. — М.:
Просвещение, 2006
«Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту»
Макенова А.К., Павлодар қаласының №29 сәбилер балабақшасы
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.
Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада
тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен
мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің
маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Ойын дегенміз — жас
ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-
төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті,
дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан
сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді
әдістерінің бipi.
Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез-
құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді.
Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері
мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға,
тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.
Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-
қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер
етеді.
Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі
ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Ойын түсінігі
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің
біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп
түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы
ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне
114
еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету
жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.
Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие
берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді,
ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою,
ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу
кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен
оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты
ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен
шектеліп қалмайды.
Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні,
түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа)
бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн
ойластырып,
белсенділік
көрсетеді.
Өзінің
және
жолдастарының
тұрғызған
құрылыстарының сапасына баға береді.
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасауға болады:
-
ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады,
өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
- ерік жіне мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
- эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
- дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды
тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі немесе мектепке дейінгі мекемелерде ойын әдісі тәрбиелеу
және оқытудың басты нәтижелі құралы болып табылады, сондықтан да оларды жетік
зерттеп игеру арқылы ғана, қарастырылып жатқан жастық шақта тәрбие жұмысының
нәтижелілігіне жетуге болады.
Ойынның маңызы:
1. Тәрбиеленуші үшін:
Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы,
артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.
2. Тәрбиеші үшін:
Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын
арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.
3. Ата-ана үшін:
Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді
Ойын түрлері:
1.
Шығармашылық ойындары:
- сюжетті-рольдік;
- театр ойыны;
- кұрылыс ойыны;
- режиссерлік ойындар
2.
Ережеліойындар:
- қимыл-қозғалыс ойыны; - ермек ойыны;
- дидактикалық ойыны;
- ұлттық ойыны;
- компьютерлік ойындар;