Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет19/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   262

40 

 

кейін (бір екі баланы – 5-7 минутқа қалдырады) білімдерін тексеруді ұйымдастырады. 



Тексерудің нәтижелері жеке дәттерге тіркеледі және ерекше белгілермен белгіленеді. 

Жүйелі жазбалар ән күй жетекшіге балалардың меңгерген білімдерін байқауға 

және белгілі бір дағдыны дамытудағы артта қалушылықты дер кезінде жоюға 

көмектеседі. 

Музыкалық  қызметінің  барлық  түрлерінің  репертуарын  жоспарлағанда  әнді, 

ойынды,  жаттығуды  үйрететін  уақыты  айлары  көрсетіледі.  Мұның  өзі  сабақтарға 

қажетті  шығармалардың  жалпы  санын  белгілеуге  мүмкіндік  береді.  Перспективалық 

жоспарларда  балалардың  менгерген  білімдерін  тексеру  жөніндегі  мынадай 

тапсырмалар. 

Музыка 


есту 

қабілеті, 

әншілік 

дауыс, 


қимылдарының 

айқындылығы.Творчестволық  менгерулер  қамтылады.  Күнтізбелік  жоспар  өткізілетін 

сабақтардың  талаптарын,  репертуарды  және  мейлінше  мәнді  әдістермен  тәсілдерді 

қамтиды.  Жоспар  1-2  аптаға,  немесе  2-4  сабақты  қамтитындай  етіп  жасалынады. 

Сабақтар  оқу  материалының  қажетті  көлемін,  қызметтің  сан  алуан  түрін  қамтитыны 

жоспарда ашып көрсетілгені жөн. Үйрету жүмыстарының ұйымшылдықпен , нақтылы 

жүргізілуі қажет. Күнтізбелік жоспарда әрбір сабақтың қортындысына есеп жүргізіледі. 

Ол  формалды  болмауға  тиіс.  Балалардың  нені  жақсы  меңгергенін,  неден  қиналғанын, 

қосымша қандай жаттығулар жасау керек екендігін белгілеп отыру керек. 

Сонда ғана ән – күй жетекшісінің жұмысы тиянақты жоспарланып, баланың әнге 

деген  қызығушылықтары  дамиды.  Дұрыс  ұйымдастырылған  жоспар  әрекетінде 

баланың әнге деген құштарлығы артады. 

Мен  өз  сабақтарымды  жоспарлау  барысында  көптеген  әдістемелік  құралдарын 

қолданып, сабақ балаға қызықты болғандай етіп ұйымдастырамын. 

Сөз  соңында  бүгінгі  күн  талабына  сай  нақты,  өнерлі,  талапты,  әуенге  деген 

құштарлықтары дамыған баланы тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда дегім келеді. 

Ән салып би билейміз, 

Өнерліміз бәріміз. 

Баланың өнерін дамытып, 

Ерінбей жоспар құрамыз! - 

деп сөзімді аяқтағым келеді. 

 

Әдебиеттер: 

1. 

Ж.Қалжанова «Балдаурен – ән даурен», 2009ж. 



2. 

Т.А. Максяткина «Музықалық шығармаларды тындау», 2011ж. 

3. 

Н.А. Витлугина «Музыкальное воспитание в детском саду», 1981ж. 



4. 

«Бала мен балабақша» журналы № 1(67) 2014ж. 

5. 

Б.Е.Ахметова «Музыка және қимыл – қозғалыс» (3 – 4 жастағы балаларға 



арналған өлендермен дидактикалық ойындардың жинағы) 2008ж. 

6. 


Радынова О. Программа " Музыкальные шедевры" // Дошк. воспитание. – 

1999. - N 6. - С. 107-110 

 

«Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні» 

Ахметова А.С. 

«Павлодар қаласының №33 сәбилер бақшасы» МҚКК – ның тәрбиешісі 

 

Тәрбие  баланың  дүниеге  келген  сәтінен  басталады.  Мектеп  жасына  дейінгі 



баланы  дамытатын,  өсіретін  әрі  тәрбиелейтін  негізгі  іс-әрекет  –  ойын.  Ойын  арқылы 

бала  өзінің  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғамдық  құбылыстармен,  адамдардың 

еңбегімен,  қарым-қатынастарымен  танысады.  Халқымыз  ойындарды  «тек  балаларды 

алдандыру», «көңілін көтеру әдісі» деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай  олардың 




41 

 

көзқарастарын,  мінез  құлқын  қалыптастыру  құралы  деп  ерекше  бағалаған.  Ойын  – 



негізінен,  балаларға  дене  шынықтыру  және  эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды 

құралы.  Ойын  балаларды  ұйымшылдыққа  үйретеді.  Ойынның  түрлері  көп,  соның 

ішінде  маңыздысы  –  дидактикалық  ойын.  Мұның  бала  ой-өрісінің  қалыптасуына, 

дамуына пайдасы мол. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен 

дұрыс  қарым-қатынас  жасау,  еңбек  адамдарына,  басқа  ұлт  өкілдеріне,  достық,  туған 

жеріне  сүйіспеншілік  сезімін  тәрбиелеуге  көңіл  бөледі.  Дидактикалық  ойындар  – 

балалар  үшін  өзіне  тән  жүру  барысы,  мақсаты,  маңызы  бар  әрекет.  Ойындарды  бала 

тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады. 

Дидактикалық 

ойындарды 

тиімді 

пайдалану 



сабақтың 

әсерлілігін, 

тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың 

түсінуіне  оңай,  қарапайым  әрі  қысқа  болуы  керек.  Кейде  ойынның  мазмұны,  ережесі 

балаларға  дұрыс  түсіндірілмейді  де,  балалар  оған  қызықпайды,  зейін  қойып 

тыңдамайды.  Оның  үстіне  дидактикалық  материалдар  мен  көрнекіліктерге  жеке  көңіл 

бөлу  керек.  Балалардың  таным  қабілетін,  логикалық  ой-өрісін  кеңейтіп,  сабаққа 

ынтасын  арттыруда  дидактикалық  ойындарды  ұтымды  пайдаланудың  маңызы  зор. 

Балаларға  алдарына  қойылған  дидактикалық  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындау 

үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беріп, алдын ала жұмыс жүргізу керек. 

ДИДАКТИКАЛЫҚ 

ОЙЫНДАР 


үш 

топқа 


бөлінеді:Заттық 

ойындар: 

дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады 

Үстел үстінде ойналатын ойындар: “Лото”, “Домион” және т.б. 

Сөздік дидактикалық ойындар 

Дидактикалық  ойын  балалардың  қоршаған  орта  туралы  түсінігін  кеңейтеді, 

баланы  оңай  білуге  баулып,  ақыл-ой  қызметін  қалыптастырады  әрі  адамгершілікке 

тәрбиелеу  құралы  болып  табылады.  Дидактикалық  ойынның  ережелері  балалардан 

ұстамдылыққа,  тәртіптілікті  қажет  етеді.  Сонымен  қатар  дидактикалық  ойлау 

қабілеттерін,  ізденімпаздығын  арттырады,  сөздік  қорларын  молайтуға  көмектеседі. 

Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық 

материалдарды меңгеруіне ықпал етеді. 

Дидактикалық ойындардың тиімділігі сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, 

мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен тәжірибесін тәрбиешінің жетік 

меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап 

алуға,  балаларды  белсенді  қатыстыруға  байланысты.  Ойындарды  өткен  сабақты 

қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы. 

Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алған тиімді. 

Мазмұнды  ойындарды  қайталай  бермеу  керек,  ол  үшін  өткізілетін  сабақтың 

тақырыбына  сәйкес  келетін  ойын  түрлерін  ойластыру  қажет.  Барлық  сабақта 

дидактикалық  ойындар  қолданылады,  оны  сабақтың  ортасында  қолданған  ыңғайлы. 

Мысалы,  сауат  ашу  сабағында  дидактикалық  ойындар  балаларды  тәрбиешінің 

айтқанын  дұрыс  ұғып,  оны  тыңдай  білуге,  дыбыстарды  ажыратып,  ойда  сақтап,  сөз 

құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді. 

Дидактакалық  ойын  сәбилер  топтарынан  басталады.  Мұнда  жоғары  топтарға 

қарағанда  жеңіл  түрлері  беріледі,  балалар  аз  ойнайды.  Мысалы,  бала  ойнап  отырған 

машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане, сен 

көк  кубитерді  әкелші,  үстелге  апарып  қойшы  деген  сияқты  әрі  өтініш,  әрі  тапсырма 

ретінде жүргізіледі. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді. 

Баланың  тілін  дамытуда  ауызекі  сөйлеу,  тілдің  дыбысталу  мәдениетіне 

тәрбиелеу,  байланыстырып  сөйлеуді  дамыту,  сөздік  қорын  дамыту  үшін  сабақта  және 

сабақтан  тыс  уақытта  ойналатын  дидактикалық  ойындардың  маңызы  зор.  Ойын 

шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау