20
Қолмен электр доғалы пісіру – пісірудің кең таралған түрі. Пісірудің
бұл түрінде пісіру орнын білу маңызды. Пісіру орны дегеніміз пісіру
жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған
жұмыс орны. Пісіру орны нәрлендіру көзі, электр сымдары, электрод
ұстағыш, шлем және қалқаншамен, сондай-ақ әртүрлі аспаптар және
айлабұйымдармен жабдықталады. Қолмен доғалы пісіруге арналған пісіру
орнының жабдықтарының қатарында электрод ұстауыштар маңызды сипатқа
ие. Электрод ұстауыштар электродтарды қысуға және оларға пісіру тоғын
келтіруге арналады. Қолмен доғалы пісіруге арналған электрод
ұстауыштардың бірнеше типтері бар: ашалы, серіппелі, қыспалы т.б. Кейбір
электрод ұстауыштарда жұмыстардың қауіпсіздігін жоғарлату мақсатында
пісіру процесі тоқтаған кезінде тоқты қолмен немесе автоматты түрде
ажырату қарастырылған, электрод ұстағыштар, құрылғылық сұлбасымен
бөлінуден басқа пісіру тоғы күшіне байланысты үш топқа бөлінеді:
I топ — 125 А-ге дейінгі тоқтың күшіне арналған;
II топ — 125 - 315 А;
III топ — 315 до 500 А.
Электрод ұстауыш 8000 электрод шығынына дейін жөндеусіз шыдауы
қажет. Пісіру барысында электродты ауыстыру уақыты 4 секундтан аспауы
қажет.
Бұл ретте қолмен доғалы пісіргенде электрпісірушінің саймандары
қатарында:
- балға, ол қожды кетіру және белгі жасауға қажет;
- болат щетка, ол металды пісірер алдында ластықтан тазартуға және
пісіргеннен кейін қожды кетіруге қолданылады;
- кескіш (зубило), пісіру жігінің ақауларын қырқуға;
- жіктердің өлшемін тексеруге арналған үлгілер жиынтығы;
- метр, бұрыштық, болат сызғыш, белгілегіш;
- болат белгілегіш (немесе олардың жиынтығы) болуы шарт.
Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды қолмен пісіру, әдеттегі
құрылғылық болаттар сияқты пісіріледі. Сонымен бірге бірқатар арнайы
ерекшіліктері бар, оның ішіндегі бастылары: көпшілігінде фтор-кальцийлі
қаптамасымен электродтарды пайдалану; кері полярлы тұрақты тоқпен
пісіру; электрод ұшын көлденең тербеліссіз қысқа доғамен пісіру; аздау
тоқпен, салыстырмалы түрде, қысқа электродтармен пісіру.
2.3 Электрлік пісірудегі қосылыстардың конструкциялық
ерекшеліктері
Бөлшектерді түйістіріп қосудың ерекшелігі. Бұл барлық пісіру
қосылыстарының ішіндегі ең қарапайым және сенімді түрі, оларды
конструкцияға вибрациялық жүктеме әсер ететін жағдайда қолданады.
21
1 Сурет – Түйістіріп пісірудің шовтары
2 Сурет – Таврлық қосылыстар
3 Сурет – Түйістіріп қосу.
Түйістірілген қосылыстар бөлшектердің қалыңдығына байланысты
бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Егер қолмен пісірілген бөлшектердің
қалыңдығы 5-8 мм-ге дейін және автоматты пісірілген бөлшектердің
қалыңдығы 15 мм-ге дейін болса, жиектерін өңдеудің қажеті жоқ болады. Ал
қалың бөлшектердің пісіріп қосу кезінде жиектерін өңдеген жөн.
Егер шов бір жақ бетте ғана болса, бөлшектердің жиегін «V» түрлі етіп
алып, ал егер шов екі жағынан да жасалса онда, олардың жиектерін «Х» түрлі
етіп өңдеу керек. Бұл әдіспен қалыңдығы 40 мм-ге дейінгі бөлшектерді
пісіріп қосуға болады. Іс жүзінде түйістіріліп пісірілген қосылыс шовтың
аймағындағы қауіпті қиманың беріктігін табу арқылы есептеледі.
22
Егер қосылыс созылуға және иілуге жұмыс істесе, онда пайда болатын
кернеудің шамасы, яғни созылу мен иілу кернеулері былайша анықталады:
𝛿
𝑐
=
𝐹
𝐴
=
𝐹
𝑏𝑆
≤ ⌊𝛿⌋ және 𝜎
𝑢
=
𝑀
и
𝑊
и
=
6𝑀
и
𝑏𝑆
2
≤[δ] (1)
Мұндағы: b және S – қосылыстағы бөлшектердің ені мен қалыңдығы;
[δ] – пісіру қосылыстарындағы мүмкін болатын кернеу.
Айқастырып қосу. Бұл қосылыстарды әр түрлі қималы бұрыштық
шовтармен орындайды: нормалық (4 Сурет, а), оның профилі теңбүйірлі
үшбұрыш түрінде болады; ойық (4 Сурет, ә), жауапты конструкцияларда
айнымалы жүктеме әсер еткенде қолданылады, ойыс қосылыс бөлшектің
шовы негізгі металына бірігеді және кернеу концентрациясы аз болады. Бұл
қосылыстың бағасы да қымбат болады, себебі металл терең балқытылады
және қосымша механикалық өңдеу жасалады; дөңес (4 Сурет, б) –
рационалды емес, өйткені кереудің үлкен концентрациясын тудырады;
арнайы (4 Сурет, с), профильдері теңбүйірлі емес тік бұрышты үшбұрыш
болады, айнымалы жүктеме әсер еткенде қолданылады, өйткені кернеу
концентрациясын елеулі төмендетеді.
Шовтың к-катеті ретінде, қимаға енгізілген теңбүйірлі үшбұрышты
шовтың катетін қабалдайды (4 Сурет, ә). Көп жағдайларда к-ның мәнін
пісірлген бөлшектің 𝜎 қалыңдығымен бірдей қылып алады, бірақ 3 мм-ден
кем емес.
4 Сурет – Бұрыштық шовтар
Орналасуына байланысты бұрыштық шовтардың келесі түрлері
болады: a) қарсы, яғни F күшінің әсеріне перпендикуляр орналасқан (5 Сурет,
а), ә) флангті, яғни F күшінің әсеріне пареллель орналасқан (5 Сурет, ә), б)
аралас, бұл қарсы және флангті шовтардан құралған (5 Сурет, б).
5 Сурет – Бұрыштық шовтармен айқастырылған қосылыстар