6
- диалогтық тапсырмалар білім алушының танымдық қабілетін
қалыптастыра отырып, бейіндік пәндерді тиімді меңгертудің оңтайлы жолы
болып табылады;
- диалогтық оқыту арқылы оқу үдерісімен қатар тәрбиелеудің аса
маңызды тетіктерін жүзеге асыруға болады;
- диалогтық оқыту білім алушыларға ерекше жайлы психологиялық
ахуал тудырады.
7
1 Жалпы бөлім
1.1 Бейіндік пәндерді диалогтық технология арқылы оқытудың
аспектісі
Бейіндік оқыту – саралай және даралай оқытудың құралы, білім
беру үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында
өзгертулер енгізе отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері
мен бейімділіктерін ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік
қызығушылықтарына және таңдаған бағыттарына білімді жалғастыруына
сәйкес оқыту жағдайларын жасау [1, 5].
Бейіндік оқытудың басты мақсаты болып жеке тұлғаны жан-жақты
ашып, қалыптастыру болып табылады. Бұл оқыту түрінің негізгі мақсаты
болып:
- жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту;
- білім алушының қажеттілігіне қарай тиісті білім беру
бағдарламасын ұсыну;
- ЖББ мекемесі мен ТжКБ беру мекемелері арасындағы байланысты
нығайту болып табылады.
Бүгінгі күні бейіндік оқыту мәселесі – өзекті мәселелердің
қатарында болып отыр. Сондықтан 10-11(12) сынып ата-аналары өз
балаларын қосымша дайындық курстарына, репетитордың көмегіне
жүгінуге мұқтаж болып отыр. Мектептегі оқыту бағдарламалары жалпы
білім берудің оқыту бағдарламаларын қамтығанымен, білім алушының
өзі қызыққан бағыты бойынша тиісті деңгейде білім ала алмай отыр. Бұл
өз алдына оқушының білім алу үдерісіне деген қызығушылығын
төмендетіп, оқуға деген ынтасының жоғалуына себепкер болады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан бастап
жалпы білім беретін мектептердің, интеллектуалдық мектептердің,
лицейлердің, гимназиялардың жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуға
арналған «Бейіндік
мектеп»
бағдарламасы іске қосылады деп атап
көрсеткен.
Бейіндік мектепте 10 сыныпты аяқтаған түлектердің 60% оқиды деп
күтіледі. Бұл ретте бейіндік мектептер ашып, олардың жанынан
жатақханалар ашылып, олардың жартысынан көбі – ауылдық жерлерде
болады деп күтілуде. Осымен бір мезгілде, базаларында бейіндік оқыту
бағдарламаларын жүзеге асыратын мектептер ашылатын 40 базалық ЖОО
анықталған (11-12 сынып) [3; 102].
Жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескергенде,
Қазақстанның білім беру жүйесі 2015 жылдан бастап БХСЖ сатыларына
сәйкестендіріледі. Арнайы техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім
жіктелісі қайта қарастырылатын болады. Жекелеген орта кәсіби білім
бағдарламалары үшіншілік білім беруге (қолданбалы бакалавриатқа)
жатқызылатын болады, сөйтіп колледждердің мәртебесі жоғарылайды.
8
Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін толық
жалпы орта білімді аяқтау міндетті болып табылады.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау жүйесі дамытыла бастайды. Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі
және бейіндік мектепті аяқтаған соң жүргізілетін болады:
-
бастауыш мектепте – оқушылардың оқу жетістіктеріне
мониторинг жасау мақсатымен іріктелініп жүргізіледі;
-
негізгі мектепте (10 сыныптан соң) оқытудың әрі қарайғы
траекториясын анықтау мақсатымен жүргізіледі;
-
бейіндік мектепте – алынған білім мен білік деңгейлерін бағалау
мақсатымен жүргізіледі [2; 8].
2015 жылға қарай білім алушылардың құзыреттілігі қалыптасу
деңгейін анықтауға арналған, жазба тапсырмалар қосылған тестілік
тапсырмалардың қоры қалыптасады.
Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде
жүргізілетін компьютерлік тестілеу бойынша жүргізіледі. Жоғары білім
алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу формасындағы қосымша
бейіндік емтихандар тапсырады [3;103].
Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге
aсырылады.
Жалпы орта білімнің бейіндік оқыту мазмұны екі – жаратылыстану-
математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білімдік бағыттан тұрады.
Бейіндік пәндер бойынша көп тілді оқыту мүмкіндігі болады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт құрамында екі бейін болады:
физика-математикалық және химия-биологиялық.
Физика-математикалық бейінге «Математика» (ілгері деңгей),
«Физика» (ілгері деңгей), «Информатика және АКТ», «English for specific
purposes», «Графика және жобалау» пәндері кіргізіледі.
Химия-биологиялық бейінге «Химия» (ілгері деңгей), «Биология»
(ілгері деңгей), «Рекреациялық география», «Englishforspecificpurposes»,
«Информатика және АКТ» пәндері кіргізіледі.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта үш бейін болады: филологиялық,
әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық.
Филологиялық бағытқа мынадай пәндер кіреді: қазақ мектептеріне
арналған «Қазақ тілі» (ілгері деңгей), «Қазақ әдебиеті» (ілгері деңгей), орыс
тілді мектептерге арналған «Орыс тілі» (ілгері деңгей), «Орыс әдебиеті»
(ілгері деңгей), «Әлем әдебиеті», «Екінші шет тілі», «Информатика және
АКТ».
Тарих-құқықтық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Қазіргі әлемдегі
Қазақстан», «Қазақстан заңнамасы»,«English for specific purposes»,
«Информатика және АКТ», «Этика және қарым-қатынас психологиясы».
Әлеуметтік-экономикалық
бейінге
мынадай
пәндер
кіреді:
«Экономики және кәсіпкерлік негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан»,
«English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Қазақстанның
қазіргі кезеңдегі геоэкономикасы».