Дипломдық жұмыста кейс әдісінің білім беру саласында маңызды



жүктеу 2,11 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата27.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#25083
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

10 

 

Кейс-стадияның  мақсаты:  



 топ 


оқушыларының    бірлесіп  болған    жағдайды  талдау 

және  практикалық шешім шығару;

 

- оқушыларға  болған жағдайды толық  мәлімдейтін  мәтін  ұсынылады;



 

- оқушылар жағдаймен  танысады,  оны өз-бетінше талдайды  және оны 

шешудің  бірнеше  жолын  табады;

 

- үрдістің аяқталуы – ұсынылған  алгоритмдерді  бағалау және олардың 



ең  үздігін  таңдап алу;

 

-  кейс  сабақтарында  алдын-ала  дайындалып  қойылған  жағдаяттар 



бойынша  жұмыс  істелді.  Кейстік  амал-тәсілде,  әрбір  топ  өзінің  шығарған 

шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдеу;

 

-  әрбір  топ  сабақ  соңында  өз  ойларын  ортаға  салады,  сабақтың 



соңында  тапсырманы қорытындылау. 

 

 

1.4 Зерттеу әдісі ретінде келесі дағдыларды дамытады 

 

Кейстердің  көптүрлілігіне  қарамастан  олардың  барлығының  типтік 

құрылымы болады.

  

Кейс стади әдісі келесі дағдыларды дамытады: 



1)  аналитикалық  дағдылар.  Оларға  келесілерді  жатқызуға  болады: 

деректердің  мәліметтерден  айыру  шеберлігі,  маңызды  және  маңызды  емес 

ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп 

алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты 

және  логикалық  ойлау  қабілеті.  Бұл  әсіресе,  ақпарат  сапасы  төмен  болған 

жағдайда өте маңызды; 

2)  тәжірибелік  дағдылар.  Кейсте  көрсетілген  нақты  жағдайларымен 

салыстырғанда  мәселенің  күрделілігі  төмен  деңгейі  экономикалық 

теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын 

жүйелеуге мүмкіндік береді;  

3)  шығармашылық  дағдылар.  Ережеге  сай  жалғыз    CASE-пен  мәселе 

шешілмейді.  Мұнда,  логикалық  жолмен  шешілмейтін,  альтернативті  шешу 

генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды;  

4)  коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға 

болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. 

Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға бірлесу, 

өз  көзқарасын  қорғау,  оппоненттердің  көзін  жеткізу,  қысқа  да  нұсқа  есеп 

дайындау; 

5)  әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік 

дағдылар  қалыптасады:  адамдардың  өзін  -  өзі  бағалау  тәртібі,  тыңдай  білу, 

дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін 

өзі ұстау және т.б; 

6)  өзіндік  саралау.  Пікірталас  кезінде  келіспеушілік  басқалардың  және 

өзінің  пікірін  жете  түсінуге  және  талдауға  септігін  тигізеді.  Туындаған 




11 

 

моральдық  және  этикалық  мәселелер  оларды  шешудің  әлеуметтік 



дағдыларынқалыптастыруды талап етеді. 

Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі 

ретінде  де  белсенді  қолданылады.  Сонымен  қатар,  оқудағы  оқу,  білім  және 

ізденіс  мазмұнын  біріктіру  арқылы  oқытушының  кәсіптік  құзыреттілігін 

жоғарылатудың  нақты  тәсілдерінің  бірі.  Бұл  әдістің  тиімділігі,  ол басқа  оқу 

әдістерімен  оңай    байланысуы  мүмкін.  Кейс  әдісінің  маңызды 

ерекшелігі,  оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімділігі [6].   

Кейс  стади  әдісі  -  оқытушының  креативті  ойлауын  дамытып,  сабақтың 

мазмұнын  ерекше  құруға  шығармашылық  мүмкіндігін  кеңейтуге  жағдай 

жасайды. 

-  белгілі  жағдайды  талдау  –  нақты  немесе  ойдан шығарылған  жағдайды 

терең және бөлшектеп талдау; 

-  кейс-стадияның  мақсаты:  топ  студенттерінің  бірлесіп  болған  жағдайды 

талдау және практикалық шешім шығару; 

-  студенттерге болған жағдайды толық мәлімдейтін мәтін  ұсынылады; 

-  студенттер  жағдаймен  танысады,  оны  өз-бетінше  талдайды  және  оны 

шешудің бірнеше жолын табады; 

-  үрдістің аяқталуы – ұсынылған алгоритмдерді бағалау және олардың ең 

үздігін таңдап алу; 

-  кейс сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған жағдаяттар бойынша 

жұмыс  істелді.  Кейстік  амал-тәсілде,  әрбір  топ  өзінің  шығарған 

шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдеді; 

-  әрбір  топ  сабақ  соңында  өз  ойларын  ортаға  салады, сабақтың  соңында 

тапсырманы қорытындылады. 

 

 



12 

 

2 Технологиялық бөлім 



 

2.1  Өндірістік  оқытудың  түрлері  және  оны  ұйымдастыру  мен 

жоспарлау 

 

Мақсаты: Өндірістік оқыту формалары негіздерімен таныстыру.  

- өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі; 

- өндірісте өткізілетін сабақтар әдістемесі. 

Өндірістік  оқытуды  ұйымдастыру  формалары.  Кәсіптік  –  техникалық 

колледждерде оқытудың мына түрлері қолданылады:  

-  теориялық  оқыту:  түрлі  типегі  сабақтар,  лекциялар,  зертханалық, 

сарамандық  жұмыстар,  теориялық  және  практикалық,  семинарлар, 

экскурсиялар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары; 

-  өндірістік оқыту: оқу шеберханасында сабақ, кәсіпорынның өндірістік 

цехында оқыту, қызмет көрсету аясындағы еңбек, өндірістік практика, жұмыс 

орны, диплом алдыңдағы практика, т.б.; 

-  колледжден  тыс  жұмыста  мен  қосымша  сабақтар:  факультативті 

сабақтар,  консультациялар,  үлгермеушілермен  қосымша  сабақтар,  біліктілік 

байқау жұмыстары;  

-  оқудың білім, білік және дағдыларын тексеру: сынақтар, емтихандар, 

қорытынды конференциялар, біліктілік байқау жұмыстары. 

  

Өндірістік  оқыту  сабақтарының  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың 



теориялық  сабақтардан  алған  білімдерін  тәжірибеде  бекіту,  оларға 

компьютерлік бағдарламалармен таныстырып, сол бағдарламалармен жұмыс 

істеу  әдістерін  үйрету.  Әрбір  сабақты  тиімді  ұйымдастыра  отырып, 

оқушылардың  мамандыққа  деген  сүйіспеншілігін,  қызығушылығын 

тәрбиелеуді көздейді. 

Шебер өз пәнін жан-жақты меңгерген жағдайда ғана өз жұмысын дұрыс 

атқара  алады.  Оқушы  үлгерімінің  жақсы  болуы  оқытушының  сабаққа 

дайындығына  байланысты.  Шебер  мен  оқушының  түсіністікпен  жұмыс 

жасауы, білім беруі және қабылдауы дидактикалық үдеріс болады. Сондықтан 

оқытудың  дидактикалық  қағидаттары,  яғни  тәрбие,  теория  мен  тәжірибенің 

байланысы,  көрнекілік,  оның  ғылымилығы,  жүйелілігі  және  саналылығы 

есепке  алынғанда  ғана,  оқыту  үдерісі  тиімді  болады.  Оқыту  кезінде  шебер 

оқушыларды  еңбекке  баулып,  берілген  техниканы  күтіп  ұстауға,  еңбек 

мәдениетіне үйретеді. 



 

 

2.2 Өндірістік оқыту сабағының құрылымы 

 

Сабаққа  дайындық  кезінде  шебер  сабақтың  әрбір  кезеңін  жоспарлап, 



дайындайды. Ол үшін әдістемелік әдебиеттерді оқып, оқулықтардың қажетті 

бөлімдерін, жаңа техника жетістіктерін қадағалап, оқушыларға берілетін білім 

әдістемелік және техникалық жағынан жоғары дәрежеде болуы керек.  

Ең алдымен, төмендегідей құжаттарды дайындау керек. 




жүктеу 2,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау