Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 220,76 Kb.
Pdf просмотр
Дата27.12.2019
өлшемі220,76 Kb.
#25067


 

"Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы 

№ 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 



қыркүйектегі № 455 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет 

министрлігінде 2018 жылғы 12 қазанда № 17544 болып тіркелді.

 

      БҰЙЫРАМЫН:



 

       1. "Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 

бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік 

құқықтық актілерді ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 наурызда 

жарияланған) мынадай ӛзгерістер енгізілсін:

 

       кӛрсетілген бұйрықпен бекітілген Дуальды оқытуды ұйымдастыру 



қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

 

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және 



кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген 

тәртіппен:

 

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 



мемлекеттік тіркелуін;

 

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн 



ішінде оның кӛшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс 

тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық 

актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық 

ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

 

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден ӛткеннен кейін күнтізбелік он күн 



ішінде оның кӛшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына 

жолдауды;

 

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 



интернет-ресурсында орналастыруды;

 

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі 

департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында кӛзделген іс-

шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

 



      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім 

және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

 

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 



ӛткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының

 

Білім және ғылым министрі 

 

Е. Сағадиев

 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім

 

және ғылым министрінің



 

2018 жылғы 11 қыркүйектегі

 

№ 455 бұйрығына



 

қосымша


 

 

 



Қазақстан Республикасының

 

Білім және ғылым министрінің



 

2016 жылғы 21 қантардағы

 

№ 50 бұйрығымен бекітілген



 

 Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары 

 1-тарау. Жалпы ережелер 

       1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Білім 

туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 

46-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқытудың ұйымдастыру 

тәртібін айқындайды.

 

      Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына 



қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім 

беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға 

қатысатын оқу орталықтарына, кәсіпорындарға (ұйымдарға) таратылады.

 

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



 

      1) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің 

білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушы 

адам;


 

      2) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу 

сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік 

шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бӛлігінің немесе бүкіл кӛлемінің 

мазмұнын, оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау 

мақсатында жүргізілетін рәсім;

 

      3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен 



мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру 

тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау ӛлшемшарттарын қамтитын 

білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

 



      4) біліктілік беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің 

шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, 

шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

 

       5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы 



басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан 

Республикасының орталық атқарушы органы; 

 

      6) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім 



алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім 

алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және ӛтемақы тӛлемін тӛлей отырып, 

кәсіпорындағы (ұйымдағы) ӛндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті 

кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

 

       7) дуальды оқыту туралы шарт – ӛндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан 



ӛту шарттары мен тәртібін регламенттейтін, білім алушы, ӛндірістік оқыту мен 

кәсіптік практикадан ӛту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын (ұйым) және 

оқу орны арасындағы жазбаша келісім; 

 

      8) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін 



шешуге бағыттталған ӛзара байланысты іс-қимыл жинағы;

 

      9) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір 



жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды 

бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға 

бағытталған оқу қызметінің түрі;

 

      10) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке 



қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру 

және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, кәсіп пен оқитын орнын еркін және 

саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық 

кӛмек беру;

 

      11) кәсіпорын (ұйым) – осы Қағидаға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын 



заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

 

      12) ӛтемақы тӛлемдері – еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмыскерлерді 



немесе басқа да адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың 

біліктіліктерін арттыруға байланысты ақшалай тӛлемдер;

 

      13) ӛндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) 



кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім 

алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;

 

      14) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) 



модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің 

мазмұны мен кӛлемін айқындайтын бағдарлама;

 



      15) оқу орны – дуальды оқыту бойынша техникалық және кәсіптік, орта 

білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымы;

 

      16) оқу орталығы – ӛндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қоса 



қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын меншіктің 

тәуелсіз нысаны;

 

      17) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу 



сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік 

практиканың, ӛзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, кӛлемін 

(еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

 

      18) тәлімгер – кәсіпорынның (ұйымның) ӛндіріс немесе қызметтер кӛрсету 



саласы технологияларын меңгерген, ӛндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға 

басшылықты жүзеге асыратын білікті жұмыскері;

 

      19) тыңдаушы – қосымша білім беру немесе даярлық бӛлімінің білім беру 



бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адам.

 

      3. Дуальды оқытудың қатысушылары:



 

      1) меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен 

кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

 

      2) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар (ұйымдар);



 

      3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.

 

      4. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:



 

      1) дуальды оқыту туралы шарт;

 

       2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу 



жоспары; 

 

      3) ӛндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін 



жабдықталған оқу, жұмыс орындары және/немесе кәсіпорындардағы 

(ұйымдардағы) оқу-ӛндірістік орталық немесе ӛндірістік оқытуды іске асыру 

үшін оқу-ӛндірістік шеберханалар, зертханалар, колледждердегі оқу 

полигондары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім 

беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында;

 

      4) кәсіпорындарда (ұйымдарда) ӛндірістік оқытудың және кәсіптік 



практиканың білікті тәлімгерлері болып табылады.

 

 2-тарау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру тәртібі 

       5. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады. 

 

      6. Дуальды оқытуға арналған іріктеу:



 

      1) кәсіпорын (ұйым) ӛткізетін кадрларды даярлаудың дуальды бойынша 

білім алуға ниет білдірген білімалушылармен әңгімелесу нәтижелері бойынша;

 

      2) еркін нысандағы азаматтардың ӛтініші бойынша жүргізіледі.



 


      7. Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру оқу орны бекіткен 

және кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген, тиісті үлгілік оқу жоспарларының 

және бағдарламалар негізінде әзірленген оқу жоспарларына және 

бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

      8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 



бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім 

беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-ӛндірістік 

шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында - ӛндірістік 

оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар 

(ұйымдар) базасында тәлімгердің, ӛндірістік оқыту шеберінің, практика 

жетекшісінің басшылығымен орындалатын ӛндірістік оқыту мен кәсіптік 

практиканы қамтиды.

 

      9. Ӛндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың нысаны, мазмұны және кӛлемі 



тиісті мамандық пен біліктілік бойынша қолданыстағы білім беру 

бағдарламаларының негізінде айқындалады.

 

      10. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен 



кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы 

теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында кемінде алпыс пайыздық 

ӛндірістік оқытуды, практиканы кӛздейді.

 

      11. Оқу процесінің кестесін білім беру ұйымы бекітеді және кәсіпорынмен 



(ұйыммен) келісіледі.

 

       12. Ӛндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан ӛту кезеңінде білім алушыға 



2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан 

әрі – Еңбек кодексі) сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.

 

      13. Білім алушы ӛндірістік оқыту мен практикадан ӛту уақытында білім 



алушының еңбек ӛтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді 

орындайды және сол уақыт үшін ӛтемақы тӛлемі жүргізілуі рұқсат етіледі.

 

      Ӛндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан ӛтетін адамдарға еңбек 



қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі талаптар қолданылады.

 

      14. Кәсіпорынның (ұйымның) қалауына қарай білім алушыға ӛтемақы 



белгіленеді.

 

      15. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша 



тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) 

беріледі.

 

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 



бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бір біліктілік шеңберінде 


кәсіптік модульдерді білім алушылардың меңгеру қорытындысы және (немесе) 

аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді

 

      16. Аралық аттестаттауды оқу орны ӛткізеді, ол үшін дуальды оқытуда 



қатысатын кәсіпорындардан (ұйымдардан) (тәлімгерлерді аттестаттаумен 

байланысты емес) мамандарды тарта отырып емтихан комиссиясы құрылады.

 

      17. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру 



бойынша қорытынды аттестаттаудан ӛткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі 

және (немесе) "орта буын маманы" біліктілігі беріледі.

 

      Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша 



қорытынды аттестаттаудан ӛткен білім алушыға "қолданбалы бакалавр" 

біліктілігі беріледі.

 

      18. Қорытынды аттестаттаудан табысты ӛткенде білім алушы, мемлекеттік 



үлгідегі диплом беріледі.

 

 3-тарау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың функциялары 

      19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган дуальды оқыту бойынша оқу 

процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативті кӛмек кӛрсетеді 

және дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттеді жүзеге асырады.

 

      20. "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 



дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасауға жәрдемдеседі, дуальды оқыту 

пайдаланумен оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік 

жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беретін оқу бағдарламаларын 

және жоспарларын әзірлеуге қатысады, дуальды оқыту бойынша білім алған 

бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жӛніндегі іс-шараларды 

әзірлейді және іске асырады, кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға 

қажеттіліктеріне мониторинг жүргізеді, ӛңірлік кәсіпкерлер палаталарының 

жұмысын үйлестіреді, дуальды оқыту шеңберінде ӛзге де құзыреттерді жүзеге 

асырады.

 

      21. Оқу орны:



 

      1) оқу процесіне қажетті жағдайлар туғызады;

 

      2) кәсіпорындармен (ұйымдармен) дуальды оқыту бойынша білім 



алушыларды дайындау үшін оқу жоспарларын және бағдарламаларды келіседі;

 

      3) кәсіпорындардың (ұйымдардың) талаптарын ескере отырып, дуальды 



оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;

 

      4) кәсіпорындарда (ұйымдарда) білім алушылардың ӛндірістік оқытудан 



және кәсіптік практикадан ӛтуіне бақылау жүргізеді;

 

      5) оқу орнында аралық және қорытынды аттестаттауды оқу орындарында 



ӛткізеді және біліктілікті тағайындау мен кәсіби дайындық деңгейін бағалауға 

қатысады;

 



      6) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісім бойынша кәсіпорынға (ұйымға) 

инженер-педагог жұмыскерлерді тағылымдамадан ӛтуге жібереді;

 

      7) дуальды оқыту бойынша білім алған және ӛз біліктілігін растаған 



түлектерді жұмысқа орналастыруға кӛмек кӛрсетеді;

 

      8) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарға қол қояды;



 

      9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы, білім алушының бір 

біліктілік шеңберінде кәсіби модульдарды игеру қорытындылары және (немесе) 

аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша кәсіптік даярлау туралы куәлік 

беріледі.

 

      22. Кәсіпорын (ұйым):



 

      1) жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына 

сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ ӛндірістік оқытудан ӛту үшін орындар 

ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда кӛзделген міндеттерді 

орындайды;

 

      2) оқу процесіне түзету бойынша ұсынымдарды енгізу мақсатында оқу 



орнының материалдық-техникалық базасымен танысады;

 

      3) оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі;



 

      4) дуальды оқыту бойынша кәсіпорындарда оқу, жұмыс орындары туралы 

ӛңірлік палатаға ӛтінімдер береді;

 

      5) оқу орындарының жұмыс оқу жоспарлары мен білім беретін оқу 



бағдарламаларын сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысады;

 

      6) білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіпорында (ұйымда) ӛндірістік 



оқыту мен (немесе) кәсіптік практиканы ӛткізуді ұйымдастыруды келісімге 

сәйкес қамтамасыз етеді;

 

      7) білім алушыны кәсіпорынның (ұйымның) нұсқаулықтарына, оқу үшін 



қажетті құралдарға сәйкес жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етеді;

 

      8) техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған оқушы, жұмыс 



орындарын ұсынады;

 

      9) дуальды оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) ӛндірістік оқыту 



мен (немесе) кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға 

тәлімгерді бекітіп береді;

 

      10) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық 



актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады;

 

      11) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша заңнамада және 



кәсіпорында (ұйымда) жергілікті құжаттар да кӛзделген барлық 

нұсқамалықтардың түрлерін жүргізеді;

 



      12) білім алушының аралық және қорытынды аттестаттауға қатысады;

 

      13) ӛз кәсіпорыны (ұйғарымы) бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек 



кодексіне және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес білім 

алушыларды еңбекке ӛтемақы тӛлемдерімен қамтамасыз етеді;

 

      14) дуальды оқыту бойынша білім алған және ӛз біліктілігін растаған 



бітірушілерді бос орындар болған жағдайда жұмыс орындарымен қамтамасыз 

етуді қарастырады;

 

      15) кадрларды даярлаудың дуальды оқыту бойынша білім алуға ниет 



білдірген талапкерлермен әңгімелесу ӛткізеді;

 

      16) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарға қол қояды.



 

      23. Білім алушы:

 

      1) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық 



актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен танысады;

 

      2) оқу және ӛндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті 



қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтайды;

 

      3) оқу жоспарымен белгіленген кӛлемде толық оқу курсынан ӛтеді;



 

      4) ӛндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан ӛту туралы күнделік жүргізуді, 

жасалған жұмыс туралы тәлімгерге есеп ұсынады;

 

      5) аралық аттестаудан және дуальды оқыту аяқталғаннан кейін қорытынды 



атестаттаудан ӛтеді.

 

      24. Дуальды оқыту саласындағы жергілікті атқарушы орган:



 

      1) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадарлар мен орта буын 

мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

 

      2) ӛңірде дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;



 

      3) дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша 

консультациялық кӛмек кӛрсетеді;

 

      4) ӛңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп дуальды оқытуға оқу 



орындарын тарту жұмысын жүргізеді және ұйымдарды (кәсіпорындарды) 

тартуға ықпал етеді;

 

      5) ӛңірлік палатамен бірлесіп дуальды оқыту туралы шарттар жасауға 



жәрдем кӛрсетеді;

 

      6) дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыру 



жӛнінде мониторинг жүргізеді және жәрдемдеседі;

 

      7) дуальды оқыту шеңберінде ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.



 

      25. Ӛңірлік кәсіпкерлер палатасы:

 



      1) дуальды оқытуға қатысуға бойынша, кәсіпорында (ұйымдарда) оқу, 

жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген кәсіпорындар (ұйымдар) 

тараптарынан ӛтінімдер қабылдайды;

 

      2) кәсіпорындардың (ұйымдардың) ӛтініштері бойынша оқу орындарын 



оқушы, жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі;

 

      3) дуальды оқыту туралы үшжақты шарт жасауға жәрдем кӛрсетеді;



 

      4) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарды тіркейді және тізілімін 

жүргізеді;

 

      5) дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша 



консультативтік кӛмек кӛрсетеді;

 

      6) кәсіпорындарда (ұйымдарда) тәлімгерлерді бекітудің мониторингін 



қамтамасыз ету және тәлімгерлерді оқытуға жәрдем кӛрсетеді;

 

      7) дуальды оқытуды оқыған бітірушілерге біліктілікті тағайындау мен 



біліктілікті беруді ӛткізуге жәрдемдеседі;

 

      8) біліктілік емтиханын ұйымдастыруда кәсіпорындар ӛкілдерінің және 



жұмыс берушілер қауымдастығы қатарынан қалыптастырылатын 

кандидатураларды біліктілік комиссиясының тӛрағасы мен құрамын келісуді 

қамтамасыз етеді;

 

      9) дуальды оқыту саласындағы ӛзге де ӛкілеттікті жүзеге асырады;



 

      10) дуальды оқыту жүйесі бойынша мамандарды даярлау жӛнінде 

мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысады;

 

      26. Тәлімгер:



 

      1) тікелей басшының келісімімен білім алушыны қосымша білім алу үшін 

кәсіпорынның (ұйымның) басқа мамандарын тартады;

 

      2) білім алушыдан ӛндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша 



нұсқаулардың орындалуын талап етеді;

 

      3) ӛзінің қамқорлығындағы оқушының қолайлы еңбек қызметі үшін 



жағдайлар жасау туралы басшылық алдында ӛтініш жасайды;

 

      4) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап 



етеді;

 

      5) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін 



талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;

 

      6) білім алушының қызметтік, қоғамдық қызметіне байланысты мәселелерді 



талқылауға қатысуға, кәсіпорынның (ұйымның) оны кӛтермелеу, тәртіптік 

жазалау шараларын қолдану туралы тікелей басшыға ұсыныс жасайды;

 



      7) білім алушыға ӛндірістік қызметпен, корпоративтік мәдениетпен танысуға 

және кейіннен кәсіби дамуына, жұмыс орнында кәсіби қызметті бекітуге 

жәрдемдеседі;

 

      8) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен 



тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытады;

 

      9) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім 



алушыны оқытуды жүзеге асырады;

 

      10) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылайды;



 

      11) білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар 

кемшіліктерді жеңуге кӛмек кӛрсетеді;

 

      12) білім алушының бойында ӛзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты 



қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты 

қалыптастырады;

 

      13) білім алушыларды еңбек етушілерге, олардың еңбегіне және еңбек 



нәтижелеріне, сонымен қатар жеке еңбекке деген жауапты қатынасты 

құрметтеуге тәрбиелейді;

 

      14) білім алушыға пікір жазады;



 

      15) педагогикалық технологиялар саласында ӛз біліктілік денгейін кӛтереді.

 

      27. Жергілікті атқарушы органдар, ӛңірлік кәсіпкерлер палаталары, оқу 



орындары, кәсіпорындар (ұйымдар) дуальды оқытуға тарту бойынша орта білім 

беру ұйымдардың оқушыларын, жұмыссыз және табысы тӛмен, ӛзін-ӛзі 

жұмыспен қамтитын халық тобымен жүйелі түрде кәсіптік бағдар жүргізеді.

 

 



 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК 



жүктеу 220,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау