Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 450,82 Kb.
Pdf просмотр
бет3/30
Дата27.12.2019
өлшемі450,82 Kb.
#25066
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

      14) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, 
жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру 
ұйымдарының  түлектері  алған  кәсібі  (мамандығы)  бойынша  бастапқы  жұмыс 
тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
      15) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген 
және еңбек етуге дайын адамдар;
            16)  жұмыспен  қамтудың  жекеше  агенттігі  –  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  тіркелген,  еңбек  делдалдығын  көрсететін  жеке 
немесе заңды тұлға;
            17)  жұмысқа  орналастыру  бойынша  жеке  онлайн  алаң  –  жұмыс  іздеуге  және 
персонал таңдауға арналған жеке сервис;
            18)  жұмыс  істеп  жүрген  кәсіпкер  –  ЕДБ/  "АШҚҚҚ"  АҚ/МҚҰ/КС  кредит/
микрокредит  алу  үшін  өтініш  берген  сәтте  дара  кәсіпкер  немесе  заңды  тұлға  ретінде 
мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан көп уақытты құрайтын кәсіпкер;
            19)  зәкірлік  кооперация  –  шағын  және  орта  шаруа  (фермер)  қожалықтары  және/
немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлері  бар  басқа  да  үміткерлердің  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өсіру  және 
өнімдерді  кепілді  өткізу  мақсатында  агроөнеркәсіптік  кешеннің  орта  және  ірі 
субъектілерімен әріптестігі;
            20)  кәсіптік  ақпараттандыру  –еңбек  нарығындағы  ахуал,  игерген  мамандығы 
бойынша  жұмысқа  орналасу,  қайта  оқытудан  өту,  біліктілікті  арттыру  мүмкіндігі 
туралы ақпарат ұсыну;
      21) кепілгер – "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту 
қоры" акционерлік қоғамы;


            22)  кепілдік  –  қарыз  алушының  міндеттемелері  бойынша  Кредитор  алдында 
Кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
      23) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында 
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы 
уәкілетті  органдар  бекітетін  нысандар  бойынша  кепілдік  беру  туралы  жасалған 
үшжақты жазбаша келісім;
            24)  кредитор  –  микроқаржы  ұйымы/екінші  деңгейдегі  банктер/кредиттік 
серіктестіктер/"АШҚҚҚ" АҚ;
      25) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер
(ЕДБ)/кредиттік  серіктестіктер  (КС)/"АШҚҚҚ"  АҚ  ақылылық,  мерзімділік, 
қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында Қазақстан 
Республикасының  ұлттық  валютасында  кредиттік  желімен  жаңартылмайтын  кредит/
микрокредит  ұсыну  туралы  шарт  бойынша  Бағдарламаға  қатысушыға  беретін  қарыз 
қаражаты;
      26) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" Қазақстан Республикасының 
ұлттық кәсіпкерлер палатасы ("Атамекен" ҰҚП);
      27) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын,
жұмыскердің  алдын  ала  кәсіптік  даярлықтан  өтуін  талап  етпейтін,  олардың  уақытша 
жұмыспен  қамтылуын  қамтамасыз  ету  үшін  әлеуметтік  пайдалы  бағыттағы  еңбек 
қызметінің түрлері;
      28) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге 
қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
      29) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 
жұмысшы  кадрларды  кәсіптік  даярлау  және  қайта  даярлау  бойынша  оқыту  мерзімі 
қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;


      30) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы – жұмыс күші артық 
өңірлерден  шыққан  жастарға  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі,  техникалық 
және  кәсіптік  білім  беруге  және  оларды  жұмыс  күші  тапшы  өңірлерге  жұмысқа 
орналастыруға бағытталған жоба;
            31)  микрокредит  беру  ұйымы  –  "Аграрлық  кредиттік  корпорация"  акционерлік 
қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
      32) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі 
әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелумен  және  есептік  тіркеуден  өтуімен 
айқындалатын,  микрокредиттер  беру  жөніндегі  қызметті,  сондай-ақ  "Микроқаржы 
ұйымдары  туралы"  Қазақстан  Республикасының  Заңында  рұқсат  етілген  қосымша 
қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      33) мобильді оқу орталығы – практиканы қамтамасыз етумен және конструкциялық 
элементтер мен жабдықтарды оқу орнына тасымалдау мүмкіндігімен қосымша білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын көшпелі оқу орталығы;
      34) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 
төмен  жұмыспен  айналысатындар  және/немесе  жоғары,  техникалық  және  кәсіптік 
білімі жоқ және/немесе біліктілігі төмен жұмыс орындарында жұмыс істейтіндер;
      35) оқу орны – жоғары, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің білім 
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
      36) оқу орталығы – міндетті түрде өндірістік практиканы ұйымдастырып, қосымша 
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;
            37)  өңірлік  комиссия  –  жергілікті  өкілді  органдар,  жұмыс  берушілер,  кәсіптік 
одақтар  және  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың 
кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар 
қалалардың,  астананың)  жұмыспен  қамту  бағдарламаларын  іске  асыру  мәселелері 
жөніндегі жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия;


      38) субсидиялау жөніндегі оператор – ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі 
жергілікті атқарушы орган;
            39)  техникалық  және  кәсіптік  білімі  бар  кадрларды  даярлау  –  техникалық  және 
кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрларды және орта буын мамандарын
даярлауды көздейтін бөлігі;
      40) үміткер – халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне 
қарамастан  жұмыссыз,  өзін-өзі  жұмыспен  қамтыған  жұмыскер  және  нәтижесіз 
жұмыспен қамтылған адам, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер, ауыл
шаруашылығы  кооперативтері  және  олардың  мүшелері,  шаруа  және  фермер 
қожалықтары,  қызмет  мерзіміне  қарамастан  зәкірлік  кооперацияға  қатысушылар,  "
Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы"  Қазақстан 
Республикасы  Заңының  11-бабының  1-тармағында  белгіленген  зейнеткерлік  жасқа 
толмаған қысқартылған жұмысшы;
            41)  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  –  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің 
белсенді  шараларын  іске  асыру  және  жұмыссыздықтан  әлеуметтік  қорғауды  және  "
Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – 
Заң)  сәйкес  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің  өзге  де  шараларын  ұйымдастыру 
мақсатында  ауданның,  облыстық  және  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 
астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
            42)  ісін  жаңа  бастаған  кәсіпкер  –  ЕДБ/"АШҚҚҚ"  АҚ/МҰ/КС-ке  кредит/
микрокредит  алу  үшін  жүгінген  сәтте  дара  кәсіпкер  немесе  заңды  тұлға  ретінде 
мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын кәсіпкер.
      3. Ағымдағы ахуалды талдау
      Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2007 жылмен
салыстырғанда  жұмыс  күші  санының  9,7%-ға  өсуімен  бірге  жалдамалы 
жұмыскерлердің де саны 1,7 млн. адамға артты, жұмыссыздардың саны 155 мың адамға
және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 558 мың адамға төмендеді.


жүктеу 450,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау