Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,88 Mb.
Pdf просмотр
бет5/100
Дата26.12.2019
өлшемі1,88 Mb.
#24983
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100

білдіретін жұмыскерлердің санына пропорционалды түрде болатын біртұтас өкілді орган 
құрады.
 
      3. Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен 
бастап бес жұмыс күнінен асырмай талқылайды. Жұмыскерлердің өкілдері шешімді осы 
Кодексте белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, жұмыс беруші актіні пікірді 
ескерместен қабылдауға құқылы.
 
      4. Жұмыскерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда жұмыскерлер 
өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, 
олардың ұсыныстары болса олар жазылады.
 
      5. Егер жұмыскерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім 
болмаған не оны өзгерту жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
 
      1) келіскен жағдайда жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып өзгертілген 
акт шығарады;
 
      2) келіспеген кезде жұмыскерлердің өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге 
құқылы.
 
      6. Жұмыс беруші актілерін шығару үшін келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес 
жұмыскерлер өкілдерінің пікірін есепке алу қажет болатын олардың жобалары бойынша 
келісімге қол жеткізілмеген кезде, туындаған келіспеушіліктер, жұмыс берушінің және 
жұмыскерлердің бір өкілі қол қоятын хаттамамен ресімделеді, одан кейін жұмыс беруші 
актіні қабылдауға құқылы.
 
      7. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде жұмыскерлердің осы Кодексте, еңбек, 
ұжымдық шарттарда, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не 
нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті 
органға не сотқа шағым жасауға болады.
 
 
 
   13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу 
      1. Осы Кодексте, еңбек немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген мерзім 
күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен есептелетін уақыт 
кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға тиіс оқиғаны көрсетумен де 
айқындалуы мүмкін.
 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен есептеледі.
 
      3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы айқындалған, 
оқиға басталған күнтізбелік күннен кейінгі келесі күні басталады.
 
      4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың, айдың, 
аптаның тиісті күндері аяқталады. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті 
күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні аяқталады. Күнтізбелік 
апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге жұмыс күні емес күндер де қосылады.
 
      5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес күнге 
келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
 
 
 
   14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
 
 
 
   2-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
   15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу 
саласындағы құзыреті 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
 
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың 
негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
 
      2) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының 


мөлшерлерін айқындайды;
 
      3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, 
акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы 
беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
 
      4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық 
қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы 
төлеу жүйесін бекітеді;
 
      5) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және жұмыскерлердің 
республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
 
      6) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
 
      7) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан 
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
 
 
 
   16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын 
реттеу саласындағы құзыреті 
      Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
 
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты 
іске асырады;
 
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және 
еңбектi қорғау жөніндегі талаптың, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту 
туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек 
инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді 
жүзеге асырады;
 
      3) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарға 
әдістемелік басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асырады;
 
      4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері 
бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
 
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек 
инспекторын тағайындауды келіседі;
 
      6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
 
      7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді 
және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің 
өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
 
      8) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен 
нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) 
салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта 
қарау тәртiбiн белгiлейдi;
 
      9) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн 
әзірлейді және бекітеді;
 
      10) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, 
алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, 
қарау және келісу тәртібін белгілейді;
 
      11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, 
алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне 
ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
 
      12) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық және 
өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
 
      13) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
 
      14) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және 


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау