Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет9/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53

 
      2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 
қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының 
сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі 
көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;
 
      3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе 
белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
 
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс 
күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін немесе Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды 
сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдіктермен және 
азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.
 
      
27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен
 
             ерекшелігі
 
      Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:
 
      1) қызметкердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, 
кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы; 
 
      2) міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы;
 
      3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге 
түрлерінен ерекшелігі болып табылады.
 
      
28-бап. Еңбек шартының мазмұны
 
      1. Еңбек шартында:
 
      1) тараптардың деректемелері:
 
      жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын 
куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрақты тұратын мекен-жайы, жеке 
басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу 
нөмірі;
 
      жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші-
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
 
      қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта 
көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, 
жеке сәйкестендіру нөмірі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке 
коды;
 
      2) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек 
функциясы);
 
      3) жұмыстың атқарылатын орны;
 
      4) еңбек шартының мерзімі;
 
      5) жұмыстың басталу күні;
 
      6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
 
      7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
 
      8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше 
зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының 
сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
 
      9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
 
      10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
 
      11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
 
      12) кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
 
      13) сақтандыру жөніндегі талаптар;
 
      14) тараптардың жауапкершілігі;
 
      15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
 
      2. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының 
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
 


 
      3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің 
жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады.
 
      
29-бап. Еңбек шартының мерзімі
 
      1. Еңбек шарты:
 
      1) белгіленбеген мерзімге;
 
      2) осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген 
жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
 
      Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен 
жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі 
ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. 
 
      Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген 
кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір 
мерзімге жасауға тыйым салынады. 
 
      Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі 
тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол 
белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;
 
      3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
 
      4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;
 
      5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
 
      2. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы 
жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың 
келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. Мұндай шартқа осы баптың 3-тармағында 
белгіленген ережелер қолданылмайды.
 
      3. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт 
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
 
      
30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері
 
      1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
 
      2. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап 
алушысының жазбаша келісімімен:
 
      1) жалпы білім беретін оқу орнында орта білім алған жағдайда, он бес жасқа 
толған азаматтармен;
 
      2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін 
бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен;
 
      3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, 
цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, 
шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) 
тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған 
адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
 
      3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке 
толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе 
асырап алушысы қол қоюға тиіс.
 
      
31-бап. Еңбек шартын жасасуға қажетті құжаттар
 
      1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
 
      1) жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін 
тууы туралы куәлігі);
 
      2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан 
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 
үшін);
 
      3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын 
жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік 
даярлығының болуы туралы құжат;
 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау