тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
2. Егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі
көзделмесе, жұмыс беруші қызметкерге және (немесе) оның өкілдеріне еңбек
жағдайларының өзгеруі туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
Егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс
беруші - бар болса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәйкес келетін
өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық
жағдайы ескеріліп, ол орындай алатын, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен
бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға міндетті.
3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан
жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы
1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
4. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар қызметкерлердің санын
немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыс берушінің жұмыс орындарын
сақтау мақсатында, қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып, толық емес жұмыс
уақыты режимін енгізуге құқығы бар.
Жұмыс беруші қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін
толық емес жұмыс уақыты режимін тоқтатуды қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере
отырып жүргізеді.
49-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілігі
өзгерген, мүлкінің меншік иесі ауысқан немесе
жұмыс беруші қайта құрылған кездегі еңбек
қатынастары
Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілігі өзгерген, мүлкінің меншік иесі
ауысқан немесе жұмыс беруші қайта құрылған жағдайларда қызметкерлермен еңбек
қатынастары өзгеріссіз жалғаса береді.
50-бап. Жұмыстан шеттету
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жұмыс беруші
тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде қызметкерді жұмыстан
шеттетуге міндетті.
2. Жұмыс беруші осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа:
1) жұмыста алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас)
жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды
пайдаланған;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан
тапсырмаған;
3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын
пайдаланбаған;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын
болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан
өтпеген;
5) егер оның іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға,
еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігінің
бұзылуына әкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.
3. Жұмыстан шеттету кезеңінде қызметкердің жалақысы сақталмайды және
жүктілігі мен босануына байланысты берілетін жәрдемақыларды қоспағанда, еңбекке
уақытша қабілетсіздігі бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен жәрдемақы
төленбейді.
4. Қызметкерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер
анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
5. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы
сақталады.
51-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері
Мыналар:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,
қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын
жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;
9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында
көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
52-бап. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек
шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш
жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда
хабарлауға міндетті.
3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні қызметкер мен
жұмыс берушінің арасындағы келісу бойынша айқындалады.
4. Еңбек шартында қызметкермен келісім бойынша, жұмыс берушінің қызметкерге
бір жылғы орташа жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы төлей отырып, осы баптың 2-
тармағында белгіленген талаптарды сақтамай-ақ еңбек шартын бұзу құқығы көзделеді.
53-бап. Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек
шартын тоқтату
1. Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты, мерзімінің аяқталуына
байланысты тоқтатылады.
2. Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс күні
белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.
3. Жұмыстың аяқталған күні белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына жасалған
еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.
4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күні уақытша
болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің
аяқталар күні болып табылады.
5. Егер еңбек шартының мерзімі аяқталғанда еңбек қатынастары іс жүзінде
жалғасып, тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың қолданылуы
белгіленбеген мерзімге ұзартылды деп есептеледі.
54-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек
шартын бұзудың негіздері
1. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша:
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның
қызметі тоқтатылған;
2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;
3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына
немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
4) өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі
салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес
Достарыңызбен бөлісу: |