Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет83/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113

2017 жылғы 31 желтоқсан бойынша Топтың барлық қаржылық міндеттемелері амортизацияланған құн бойынша көрсетілген. 
Қаржылық міндеттемелерді жіктеуге және бағалауға ықпал ететін өзгерістер жоқ.
ХҚЕС (IFRS) 15 «Сатып алушылармен келісімшарттар бойынша табыс» 
Топ көшудің жеңілдетілген әдісі үшін қарастырылған практикалық алып тастауды қолданды. Топ
ХҚЕС (IFRS) 15 стандартын ретроспективті түрде тек бастапқы қолдану күніне (2018 ж. 1 қаңтар) орындалмай қалатын келісім-
шарттарға ғана қолданады. 
ХҚЕС (IFRS) 15 стандартын қолдану шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі түзетулерге әкелген жоқ. 
Төменде келтірілген қайта қаралған стандарттар Топ үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті болды, алайда Топқа 
елеулі әсер еткен жоқ:
•  ХҚЕС (IFRS) 2 «Акцияларға негізделген төлем» стандартына түзетулер (2016 жылғы 20 маусымда шығарылған және 2018 
жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді). 
•  ХҚЕС (IFRS) 4 «ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржылық құралдар ы» және ХҚЕС (IFRS) 4 «Сақтандыру келісімшарттары» қолдану» стандар-
тына түзетулер (2016 жылғы 12 қыркүйекте шығарылған және, тәсілдемеге байланысты, 2018 жылғы 1 қаңтардан немесе 
осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін, уақытша босату нұсқасын таңдайтын ұйымдар үшін, немесе ұйым 
ХҚЕС (IFRS) 9 стандартын бірінші қолдану 
•  кезінде – наложения тәсілдемесін қолданатын ұйымдар үшін). 
•  Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын жыл сайынғы жақсартулар, 
•  2014-2016 жж. ‒ ХҚЕС (IFRS) 1 және ХҚЕС (IAS) 28 стандартына түзетулер (2016 жылғы 8 желтоқсанда шығарылған және 2018 
жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді). 
•  ХҚЕСТК (IFRIC) 22 «Шетелдік валютадағы операциялар және алдын ала төлем» стандартына түсіндіру (2016 жылғы 8 жел-
тоқсанда шығарылған және 2018 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне 
енеді). 
•  ХҚЕС (IAS) 40 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» стандартына түзетулер (2016 жылғы 8 желтоқсанда шығарылған және 
2018 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді).
2019 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін міндетті болып табылатын және Топ әлі 
мерзімінен бұрын қабылдамаған бірқатар стандарттар мен интерпретациялар жарияланды.
ХҚЕС (IFRS) 16 «Жалдау» (2016 ж. қаңтарда шығарылған және 2019 ж. 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жыл-
дық кезеңдер үшін күшіне енеді). Жаңа стандарт есептілікте жалдау операциясына қатысты ақпаратты мойындау, бағалау, 
ұсыну және ашып көрсету қағидаттарын анықтайды. Жалдау келісімшарттарының барлығы жалға алушының жалдау келісім-
шартының әрекет ету мезетінен бастап активті пайдалану құқығын алуына, сонымен қатар, егер жалдау төлемдері уақыт 
кезеңі ішінде жүзеге асырылатын болса, қаржыландыру алуға әкеледі. Осыған сәйкес, ХҚЕС (IFRS) 16 жалдауды ХҚЕС (IAS) 17 
cтандартында қарастырылғандай операциялық немесе қаржылық ретінде жіктеуді жояды және оның орнына жалға алушы-
лар үшін жалдау операцияларын есепке алудың бірыңғай моделін енгізеді. Жалға алушылар: (а) әрекет ету мерзімі 12 айдан 
асатын жалдау келісімшарттарының барлығына қатысты, жалдау объектісінің құны елеусіз болып табылатын жағдайларды 
қоспағанда, активтер мен міндеттемелерді; және (б) пайда немесе шығын және өзге жиынтық кіріс туралы есепте жалдау 
міндеттемелері бойынша пайыздардан бөлек жалдау объектілерінің амортизациясын мойындауы тиіс болады. Жалдаудың 
Жалға берушіде есепке алынуына қатысты ХҚЕС (IFRS) 16, шын мәнінде, ХҚЕС (IAS) 17 қарастырылған есепке алу талаптарын 
сақтайды. Сонымен, жалға беруші жалдау келісімшарттарын операциялық немесе қаржылық жалдау ретінде жіктеуді және, 
тиісінше, оларды есептілікте іртүрлі көрсетуді жалғастырады.
Топ активті есептеуге бағалауды бұрын ХҚЕС 16 «Жалдау» стандартының С8 параграфының (b) тармағының (ii) тармақша-
сына сәйкес операциялық жалдау ретінде жіктелетін жалдау бойынша пайдалану құқығы нышанында қолданатын болады. 
Жаңа стандартқа көшу Топтың бұрын жалға алынатын активтерді операциялық жалдау ретінде жіктеген еншілес кәсіпорын-
дарына әсер етеді, өйткені Топ активтерді есепке алғанда қаржылық жалдау қағидаларын қолданды.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың мерзімінен бұрын тоқтату құқығы жоқ жалдау келісімшарттары 
бойынша 261 миллион теңге мөлшеріндегі міндеттемелері бар болды. Бұл міндеттемелердің шамамен 44 миллион теңгесі 
6. 
Жаңа есептілікке алу ережелері 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 191


Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018 жылғы 31 желтоқсан/ 
2019 ж. 1 қаңтар
Мерзімінен бұрын тоқтату құқығы жоқ операциялық жалдау келісімшарттары бойынша 
келешек барынша аз жалдау төлемдерінің жиыны 
218
 · Іске асырылуына қатысты негізделген сенімділік бар жалдау келісімшартын ұзарту 
опционы таралатын кезең ішінде тиесілі келешек жалдау төлемдері
-
 · Индекске немесе мөлшерлемеге негізделген келешек өзгермелі жалдау төлемдері 
-
 · Келтірілген құнды дисконттау әсері 
(76)
ЛИЗИНГТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖИЫНЫ
142
Жалдау бойынша қалған міндеттемелерге қатысты Топ активтерді пайдалану құқығы нышанында 142 миллион теңге 
мөлшерінде 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, жалдау бойынша міндеттемелерді 142 миллион теңге сомасында 
мойындауды топшылайды.
•  ХҚЕС (IFRS) 10 және ХҚЕС (IAS) 28 стандарттарына түзетулер – «Инвестор мен оның қауымдастырылған ұйымы немесе бір-
лескен кәсіпорны арасындағы мәмілелерде активтерді сату немесе жарнаға салу» (2014 жылғы 11 қыркүйекте шығарылған 
және ХҚЕС жөніндегі кеңеспен анықталатын күннен немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне 
енеді).
•  ХҚЕСТК (IFRIC) 23 «Пайдаға салықты көрсеткен кездегі белгісіздік» (2017 ж. 7 маусымда шығарылған және 2019 ж. 1 қаңтар-
дан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді).
•  Теріс компенсация жорамалданатын мерзімінен бұрын өтем сипаттамалары — ХҚЕС (IFRS) 9 стандартына түзетулер (2017 
жылғы 12 қазанда шығарылған және 2019 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін 
күшіне енеді).
•  Қауымдастырылған ұйымдарда және бірлескен кәсіпорындардағы ұзақмерзімді қатысу үлестері — ХҚЕС (IAS) 28 стандар-
тына түзетулер (2017 жылғы 12 қазанда шығарылған және 2019 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын 
жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді).
•  ХҚЕС жыл сайынғы жақсартулар, 2015-2017 жж. –ХҚЕС (IFRS) 3, ХҚЕС (IFRS) 11, ХҚЕС (IAS) 12 және ХҚЕС (IAS) 23 стандарттары-
на түзетулер (2017 жылғы 12 желтоқсанда шығарылған және 2019 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын 
жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді).
•  ХҚЕС (IAS) 19 «Зейнеткерлік жоспарды өзгерту, қысқарту және реттеу» стандартына түзетулер (2018 ж. 7 ақпанда шыға-
рылған және 2019 ж. 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді).
•  Қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негіздеріне түзетулер (2018 жылғы 29 наурызда шығарылған және 2020 жылғы 1 
қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді).
•  Бизнесті анықтау – ХҚЕС (IFRS) 3 стандартына түзетулер (2018 ж. 22 қазанда шығарылған және 2020 ж. 1 қаңтардан немесе 
осы күннен кейін басталатын) жылдық есептік кезеңнің басында сатылып алынғандарға қатысты қолданылады.
•  Маңыздылық анықтау –ХҚЕС (IAS) 1 және ХҚЕС (IAS) 8 стандарттарына түзетулер (2018 ж. 31 қазанда шығарылған және 2020 
ж. 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты күшіне енеді).
Егер жоғарыда өзгеше көрсетілмесе, осы жаңа стандарттар мен түсіндірулер Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілі-
гіне елеулі ықпал етпейді деп күтіледі.
6. 
Жаңа есептілікке алу ережелері 
(жалғасы)
қысқамерзімдік жалдауға жатады, ол пайда немесе шығын құрамында шығыстар ретінде көрсетілетін болады.
Төменде операциялық жалдау бойынша келісімшарттық міндеттемелерді жалдау келісімшарты бойынша міндеттемемен 
салыстырып тексеру көрсетілген. 
192 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау