ДЕНСАУЛ ЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
289
I
Денсаулыққа сенім моделі
I ретінде көптеген адамдар шылым
шегудің қатері аз деп есептейді,
шылымқорлықты жасөспірім кезеңде
бастайды деп болжауға болады.
көрсетеді. Мысалы, мектептерде газды сусыны бар автомат - асха-
наның алдыңғы бөлігінде орналасқан, сонымен бірге спорт залда
жаттығулар сабақ кестесінен алынып тасталған (Nestle 2002: 22;
Apovian, 2004; Gerberding & Marks, 2004; Weitz, 2012). 10.1-картасын-
да АҚШ-та семіздіктің таралуы көрсетілген. Қалған жеті фактор
әртүрлі жолдармен мезгілсіз қайтыс болуға алып келеді. Ішімдік
және заңсыз есірткі бей-берекет жыныстық қатынасқа түсуді арт-
тырады. Ішімдік, автокөлік, қару-жарақ және заңсыз есірткі өлімге
әкелетін оқиғалар тудырады. Алкоголь, ластану, талғамсыз жыныс-
тық қатынас және егілетін заңсыз есірткілерден қатерлі ісік, гепа
тит және басқа да аурулар пайда болады.
Микродеңгейдегі жауаптар: денсаулыққа
сенім үлгісі
Неліктен адамдар өз денсаулығына қатер төндіретін әдеттерге қүмар?
Немесе сүрақты жағымдырақ етіп қойып көрейік: неліктен адам
дар денсаулығын сақтайтын әдеттерді қалыптастыруға ұмтылмай-
ды? Әлеуметтанушылар «адамдар денсаулық сақтауға бағытталған
әдет-дағдыларды қабылдай ма» деген сұраққа жауап беретін төрт
шартты
анықтады, олар жалпы «денсаулыққа сенім моделі» деп ата-
лады (Becker, 1974,1993). Ол шарттар:
1. Жеке адамдар белгілі бір ауруға шалдығу қатері бар деп ойлау
керек.
2. Оларды аса қауіпті деп санау керек.
3. Алдын алу шаралары ол қауіпті азайтады деп ойлау керек.
4. Алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін қаржылық, эмоционал-
дық, физикалық және басқа да кедергілерді елемеу керек.
Питтсбург Стилерстің (Pittsburgh Steelers) қорғаушысы Бен Рот-
лисбергердіц (Ben Roethlisberger) бастан кешкен оқиғасы келесі модель-
ді (Ұғымдардың қорытындысы: Денсаулыққа сенім үлгісі) дәлелдейді.
Денсаулыққа сенім моделі-
жеке тұлғалар денсаулығына аса
қауіпті қатер бар, әдеттерді өзгерту
ол қауіпті азайтады деп сенсе
және ол үшін ешбір кедергілерді
елемесе, салауатты әдеттер
қалыптасады деген пайым.
19
251
290
10-ТАРАУ
10.1-КАРТА. АҚШ-тағы семіздіктіңтаралу аймағьі
Семіздікке шалдыққан адамдар саны Оцтүстік аймақта басым, ал Батыс аймақта аздау, бірақешбір штат семіздіктіңтөменгі
деңгейін көрсете алмайды.
Семіздік деңгейінің өсуі, ең алдымен, тамақтануға және физикалық ортаның өзгеруіне байланысты.
Әлеуметтік желі осы қалыптасқан заңдылықтарды нығайтуға септігін тигізуде.
ДЕРЕККӨЗ: Centers for Disease Control and Prevention, 2011
Семіздік деңгейі
ІШТым жоғары: 30-35%
Cm Өте жоғары: 25-29%
бЗЖоғары: 21-24%
2006 жылы маусым айында Ротлисбергер мотоциклмен жол апатына
ұшырап, миы шайқалып, жарақат алады. Қорғаныш дулыға апат ке-
зінде өлім қаупінің үштен бірін, миға зақым келуінің үштен екісін се-
йілтетіні белгілі (National Highway Traffic Safety Administration, 2005).
Демек, ол қорғаныш дулығасын кимеген.
Осы оқыс оқиғадан кейін Ротлисбергер енді мотоциклді дулыға
кимей айдамауға сөз берді. Апатқа ұшырау қаупінің растығына, апат
зардаптары күрделі, тіпті қаза табу мүмкін екеніне көзі жетті. Авто-
көліктің алдыңғы әйнегіне басымен соғылып, қорғаныш дулыға өлім
мен бас жарақатын алу қаупін барынша төмендететінін түсінді. Осы-
ны түсінген соң, дулығаның бағасы мен ыңғайсыздығы секілді нәрсе-
лер оған үлкен кедергі болып көрінбеді.
Макродеңгейдегі жауаптар:
ауру туғызушылар
Бір қарағанда, алдын алуға болатын өлімдердің көпшілігіне жа-
гымсыз әдеттер себеп болады. Қалай болғанда да, адамдар Бен Рот
лисбергер секілді өз мүмкіндіктерін асыра бағалап, темекі шегуді,
қару қолдануды, талғамсыз жыныстық қатынасқа түсуді
қауіпті деп
санамайды.
Бұл таңдаулар кең әлеуметтік тұрғыдан жасалады. Егер мұның