Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ДЕНСАУЛ ЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет125/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   147

ДЕНСАУЛ ЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ
287
дамайтын  емделуші  ақымақ  немесе  надан  деп  саналады.  Алайда 
символдық  интеракционизм  әдісімен  зерттеушілердің  пікірінше, 
мәселе одан да күрделірек. Кейбір емделушілердің нұсқауды орын- 
дамау  себебі  -   медициналық  қызметкерлердің  емдеу  шараларын 
қысқа  әрі түсініксіз  етіп  беруінде.  Басқа  емделушілерге  айтылған 
нұсқауды орындауға уақыт пен қаражат же гіспейді. Үшінші топтың 
айтуынша,  медициналық кеңес  оларды  мазалаған  мәселеге  жауап 
бермейді.  Олар  өздігінен  мынадай  шешім  қабылдауы  мүмкін:  мы- 
салы, қан қысымын төмендететін,  бірақ жыныстық құштарлықты 
басып тастайтын;  шизофрениялық елестерді тоқтататын,  бірақ ар- 
тық салмақ қосуға алып келетін; қосымша жағымсыз эсер беретін, 
бірақ  ауру  белгілеріне  эсер  етпейтін  дәрілер  ішуі  мүмкін  (Lawton, 
2003 ). Көп жағдайда науқастар емделу жөнінде шешім қабылдауда, 
ғаламгорға дәрігерлер  кеңесіне  сүйенгендей,  сүйенеді.  Бүл туралы 
«БАҚ  пен  мәдениет:  Ғаламтор  және  медицина»  деген тарауда  жеке 
айтылған.
Жалпы  дәрігерлер  медициналық  нұсқауларды  орындамау  деп 
қарастырған  мәселені  емделушілер  үтымды  шешім  ретінде  қабыл- 
данады. Дәрігерлер нүсқаулары  орындалмағаны үшін емделушілерді 
жазалаған  кезде,  алда  болатын  жағдайды  ескермейді.  Емделушілер 
дәрігердің ондай әрекетін көріп, керісінше, нұсқауларға үстірт қарап, 
өзін-өзі емдеуге ойысып кетуі мүмкін.
ә л е у м е тт а н у  ж ә н е  с із
Келесі жолы дәрігердің 
қабылдауында болғанда анықтап 
қараңыз: фармацевтикалық 
компаниялардың логотиптерімен 
белгіленген қабырға суреттері, 
қаламсаптар, памфлеттер, 
саптаяқтар немесе басқа 
заттар бар ма? Дәрігеріңіз жаңа 
дәрілердің тегін үлгілерін үсына 
ма? Денсаулық жайлы сізге 
бейтаныс журналдар бар ма 
(фармацевтикалық компания 
шығаруы мүмкін)? Мұның 
барлығы фармацевтикалық 
өндірістің сіздің диагностика мен 
емделу әрекетіңізге ықпал етуге 
талпынысын дәлелдейді.
Денсаулық пен аурудың 
әлеуметтік себептері
«Жағдайды ағысқа қарсы қайта бағыттау» атты көп сілтеме жасалатын 
мақалада әлеуметтанушы Джон Маккинлей қазіргі заман дәрігерінің 
дилеммасы үшін метафора ретінде мына оқиғаны жиі қолданады:
Кейде  өзім д і  б ы л а й   сезін ем ін .  Мен  ағы сы   қ а т т ы   ө зе н н іц   ж а ға с ы н д а   тұр- 
м ы н.  Бір  кезде  суға  к е т іп   бара  ж а т қ а н   а д а м н ы ң   ж а н   д ау ы сы н   ес ти м ін . 
Дереу  суға  түсіп ,  оны   қ ү ш а қ т а п   ж а ғаға  а л ы п   ш ы ғам ы н ,  қ о л д а н   ты н ы с 
ал д ы р у   ш а р а л а р ы н   ж а с а п ,  есін  ж и д ы р а м ы н .  Ол  е сін   ж и я   б астаған   кезде 
тағы  да к ө м ек ке  ш а қ ы р ғ а н  д ау ы сты  ес ти м ін .  Сол ү ш ін  суға  асы ға секіріп, 
су ас т ы н а  к е т іп  бара ж а т қ а н  ад ам га ж етіп , ж а ғаға а л ы п  ш ы ғам ы н , қ о л д а н  
дем   а л д ы р а м ы н ,  ол  есін   ж и ғ а н   соң,  та ғы   да  к ө м ек ке  ш а қ ы р ғ а н   дауы сты  
е с т и м ін . Дәл о сы н д ай  р е т т іл ік п е н  қ а й т а л а н а   береді.  Суға  к е т іп   бара  ж ат- 
қ а н д а р д ы   қ ұ т қ а р у д ы   ған а  о й л ап ,  ағыс  бо й ы м ен   ж оғары   ж ү зе  берд ім   де, 
бұл  ад ам д ар д ы   суға  и т е р іп   қ ұ л а т қ а н   ад а м д ы   іздеуге  у а қ ы т ы м   б олм ады  
(McKinlay,  1994, 509-510).
Осы  оқиғадағы  құтқарушы  сияқты,  ағыстың  жоғарғы  жағына 
қарай  жүзе  беруіне  байланысты  дәрігерлердің  емделушілерден 
не  себепті  ауыратынын  сұрауға  мүмкіншілігі  аз  болып  тұр.  Әлеу- 
меттанушылар  бұл  мәселеге  екі  деңгейде жауап  беруге  тырысады: 
микродеңгейде  адамдар  өз денсаулығына  қауіп төндіретін  әрекет- 
ті жасау-жасамауды таңдай алады және макродеңгейде әлеуметтік 
құрылымдар жеке адамдардың таңдауын шектейді.
Адамдардың  денсаулыгына  не  себепті  қатер  төнеді  деген  сұ- 
раққа  жауап іздемес  бүрын,  оның қандай  қауіп  екенін  білу керек. 
Бұл  үшін  алдын  алуға  болатын  өлімнің  негізгі  себептерін  ашып 
қараған жөн.


288
10-ТАРАУ
Алдын алуға болатын өлімнің себептері
«Америкалық медициналық ассоциация журналында» жарияланған 
өте терең әрі маңызды мақалада Мокдад және оның әріптестері (2004) 
(кәріліктен және генетикалық аурулардан өзге) алдын алуға болатын 
өлімнің себептерін анықтау үшін барлық медициналық әдебиеттерді 
саралаған.  АҚШ-тағы  алдын  алуға  болатын  өлімдердің жартысынан 
көбіие  тоғыз  фактор  себеп  болған.  Олар:  темекі,  дұрыс  тамақтанбау, 
дене  күшін  сарқа  пайдалану,  алкоголь,  бактериялар  мен  вирустар, 
ластанған жүмыс орны мен өмір сүру аудандары,  автокөліктер, отты 
қару,  жыныстық  қатынасқа  шақыратын  мінез-құлық  және  заңсыз 
есірткі (10.1-кесте).
Тоғыз  фактордың  ішінде  темекінің  алатын  орны  ерекше,  тіпті 
заңсыз  есірткілерге  қарағанда  да  ерекше.  Егер  сіз  шылым  шексеңіз, 
темекі  шайнасаңыз  немесе  иіскеп  қолданатын  болсаңыз,  жүрек  ау- 
рулары,  инсульт,  өкпе  эмфиземасы  және  қатерлі  ісіктің  көптеген 
түрлері  секілді  әртүрлі  ауыр  және  өлімге  алып  келетін  ауруларды 
қоздырасыз  (World  Health  Organization,  2008).  Темекі  тартушылар- 
дың шамамен жартысы осы зиянды әдеттен өлетіні белгілі. Олардыд 
жартысы орта жаста қайтыс болған, яғни орта есеппен қалыпты өмір 
жасы 22 жылға қысқарады.
Мезгілсіз  өмірден  өтудің  екінші  себебі  -   майлы  тамақ  жеу,  көп 
қозғалмау  және  семіздік.  АҚШ-та  семіздік  көрсеткіштері  1980  жыл- 
дан бастап өсе бастады (Centers for Disease Control and Prevention, 2011). 
Дұрыс тамақтанбау және қимыл-қозғалыстың азаюы қан-тамыр аур- 
ларының,  инсульт,  қатерлі  ісік  (тік  ішек,  омырау  және  қуықалды 
безі)  түрлерін,  диабет  және  басқа  да  залалдардың  даму  қатерін 
күшейтеді.  Семіздіктің  көбейіп  кетуі  жоғары  калориялы  азық- 
түлік  алудың  оңайлағанын,  ал  қимыл-қозғалыстың  азайғанын
10.1-КЕСТЕ. АКДІ-тағы алдын алуға болатын елімніңсебептері
Себебі
А лдын алуға болаты н  
ө лім  саны
Ж ад ны  ө л ім  пайы зы
Темекі
435,000
18%
Нашар там ақтан у және 
ш ам адан тыс денеге салм ақ 
түсу (1)
100-400,000
5-17
Алкоголь
85,000
4
Бактериялар мен вирустар (2)
75,000
3
Ластанған жүмыс орындары 
мен төңірегі
55,000
2
Автокөлік (3)
43,000
2
Қару-жарақ
29,000
1
Жүгенсіз мінез-қүлық
20,000
1
Заңсыз есірткі
17,000
1
ДЕРЕКЕКӨЗ: Mocdad and azerc. (2004).
1. көрсеткіштер әртүрлі
2. СПИД, темекі, алкоголь немесе эаңсыз есірткілерді қоспағанда.
3. Есірткі қабылдаудан болған автокөлік апатын да қарастырады, бірақ алкоголь қабылдау 
себебінен болған апатты есепке алмайды


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау