Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет112/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   147

ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС
257
келбетіне аз көңіл бөледі. Wodaabe кездесулері кезінде көбінесе ерлер ара- 
сында би жарыстары өткізіледі. Онда әйелдер төрешілік етеді. Ерлердің 
тән сұлулығы мен сымбаттылығы негізінде жеңімпаздар таңдалады. Со- 
дан кейін әйелдер еркектер арасынан романтикалық серікгес регінде ең 
гартымдысын таңдайды.
Осы сияқты мәдениетаралық айырмашылықтарға және барлық қо- 
гамда әйелдер көп жұмыс атқаратынына қарамастан (көбінесе үй шаруа- 
шылығын  жүргізіп,  азық-түлік  өнімдерімен  қамтамасыз  ету),  ерлерге 
қарағанда әйелдердің мәртебесі әлдеқайда төмен (Kimmel 2000). Оған қа- 
рапайым дәлел -  әлемдегі көптеген ата-аналар ер балаларын ерекше ілти- 
патқа бөлейді. Бұл қыздардың өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін. Қазіргі 
уақытта Үндістанда  6 жасқа дейінгі әрбір  100 ұл балаға  91  ғана қыз  бар, 
бүл -  жыныстар  арақатынасының табиғи  көрсеткіші  емес.  Себебі жыл 
сайын дүниеге келетін қыздардың саны  600 мыңға  аз  болатыны байқа- 
лады (Economist 2011).  Қытайда жыныстар арақатынасының көрсегкіші 
одан да  жоғары.  Екі  елде  де  жыныстар  арақатынасындағы  айырмашы- 
лық,  көбінесе  әйел  жынысты  ретінде  анықталған  ұрықтарды  өлтіріп, 
жүктілікті тоқтатудан туындаған.  Басқа  қыз нәрестелердің өмірі туған 
кезде үзіледі немесе  олар тамақ жетіспеушілігінен және медициналық 
көмек көрсетілмегендіктен жиі қайтыс болады.
Қыздар  мен  әйелдердің  әлеуметтік  жағдайы  томен  болуының 
тағы  бір  зардабы  -   оларға  қарсы  көрсетілетін  зорлық-зомбылық. 
«Human  Rights  Watch»  белгілі  халықаралық  ұйымының  мәліметіне 
сүйенсек,  «Әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылық  қатал,  жүйелі  түр- 
де  жасалады  және  қоғам  оған  гөзімділікпен  қарайды.  Әйелдерге  қа- 
тысты  зорлық-зомбылық  пен дискриминация жаьандық әлеуметтік 
эпидемияға  айналған»  (Human  Rights  Watch,  2004).  Мысалы,  жыл  са­
йын  1,5  миллионға  жуық  америкалық әйелге жыныстық қатынасқа 
түскен  серіктестері  (Tjadcn  &  Thoennes,  2000)  қоқан-лоққы  көрсетеді 
немесе күш қолданады. Кейде ер адамдар да өз серіктестерінен зардап 
шегеді.  Бірақ олардың қорғанып соққы беруі мүмкін, одан айтарлық- 
тай зиян  келмейді  немесе  өлім  болатындай  оқиғаға  әкеп  соқтырмай- 
ды (Fox & Zawitz 2004). (11-бөлімде жақын адамдарынан зорлық-зомбы- 
лық көру жайында  айтылган).  Сонымен  қатар дүниежүзі тарихында 
әскердің халықты  бағындыруының жүйелі тәсілі  ретінде,  сондай-ақ 
сарбаздардың «спортпен айналысып,  «тынығуы» үшін әйелдерге  зор- 
лық жасағаны туралы деректер бар.
Ел  ішінде  де,  басқа  елдерде  де  әйелдерге  қатысты  зорлық-зом- 
былық  олардың  мәртебесі  томен  болуына  байланысты.  Дүние- 
жүзінде  әйелдердің  саны  осе  келе  олар  тең  құқықты  талап  етуде. 
Әйелдер  -   күйеуінің  немесе  әкелерінің  мүлкі  ретінде  есептелетін 
дамуы томен  елдердің кейбірінде  бүл мәдени және  құқықтық  қүн- 
дылықтарды  өзгерту  қажет  екенін  байқатады.  Қүрама  Штаттарда 
және  басқа  дамыған  елдерде  мұндай  қиындықтар  әлдеқайда  аз 
үшырасады.  Бұл  мәселелер  әлеуметтанушыларды  мынадай  сұрақ- 
тарды  зерттеуге  әкеледі:  «Гендерлік  ерекшеліктер  қалай  дамыды? 
Зорлық-зомбылық  пен  дискриминацияға  айналған  теңсіздіктің 
сақталуына ықпал ететін заңды себеп бар ма?»
Гендерлік теңсіздікке 
теориялың көзқарастар
Эрине, биология ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтар- 
ды  түсіндіреді.  Бірақ  ерлер  мен  әйелдердің  өміріндегі  көптеген
17
 
251


258
9-ТАРАУ
Сексизм - әйелдер биологиялық 
тұрғыдан ер адамдардан төмен 
болмаса да ерлермен тең емес, 
бірдей емес деген ұстаным.
айырмашылықтар  биологиядан  гөрі  әлеуметтік  көзқарастар  мен 
құрылымдарға  байланысты.  Мысалы,  тек  әйелдер  ғана  бала  кө 
теріп,  туа  алады;  әкелердің  балаларын  тәрбиелемеуіне  ешқандай 
биологиялық  негіз  жоқ.  Көп  адамдар  осыны  пайдаланады.  Бұл 
бөлімде  әлеуметтанушылар  гендерлік  айырмашылықтардың  зсі 
ресе  гендерлік  теңсіздіктің  сақталуын  түсіндіретін  түрлі  теория 
лар талқыланады.
Құрылымдық-функциялық теория: 
еңбек бөлінісі
Гендерлік  теңсіздіктің  құрылымдық-функциялық  түсіндірмесі 
жынысқа  негізделген  еңбек  бөлінісі,  қоғамның  қарекетіне  тиімді 
болғаннан  туындайды  дейді.  Дәстүрлі  еңбек  бөлінісінде  ер  адам 
жұмыс  істейді,  әйел  үйдегі  шаруамен  айналысады.  Құрылымдык 
функцияшылдардың  пікірінше,  гендерлік еңбек бөлінісі  функцио- 
налды  болып  саналады.  Өйткені  (1)  әрбір  жыныс  өкілі  өз  міндет- 
теріне  жақсы  бейімделген  және  барлық  қажетті  іс-әрекеттердің 
дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді, (2)  ерлер мен әйелдердің ара- 
сындағы  бәсекелестіктің өршуіне жол бермейді және  (3)  ерлер мен 
әйелдердің  бір-біріне  тәуелді  болуы  арқылы  отбасылық  байланыс- 
тарды нығайтады, яғни отбасы бірлігіне септігін тигізеді.
Эрине,  Карл  Маркс  пен  Фридрих  Энгельс  айтқандай,  кез-кел- 
ген еңбек бөлінісінде үстемдік пен бақылауға жетуді көздейтіндер 
болады.  Бүл  жағдайда  әйелдерге  еңбек  бөлінісінің  кемшіліктері 
ашылады:  үй  шаруашылығына  маманданғандықтан  әйелдерде қа- 
рым-қатынас  байланыстар  аз,  ақпаратқа  қолжетімділігі  шектеулі 
және ерлерге қарағанда дербес ресурстары жеткіліксіз.
Конфликт теориясы: сексизм және 
дискриминация
Конфликтология  теорияшыларының  пікірінше,  әйелдер  бұрынгы- 
сынша таңдаудың салыстырмалы түрде мардымсыз мүмкіндігімен 
шектеліп  отырады,  өйткені  ерлерге  сол  тиімді.  Конфликтология 
теорияшылары  мұның  қалай  орын  алатынын  түсіндіретін  негізгі 
екі  құбылыс  -   сексизм  мен  дискриминация  дейді.  Сексизм  -  бүр- 
малаудың бір түрі. Атап айтқанда, сексизм -  әйелдер биологиялық 
тұрғыдан  ер  адамдардан  томен  болмаса  да  ерлермен  тең  я  бірдей 
емес  деген  ұстаным.  Колледж  студенттері,  мысалы,  әйелдерге  қа- 
раганда ерлер жоғары деңгейде деп санайды. Олар «қолданымдық» 
ерекшеліктер  тізбесіндегі  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  үстемдік  қа- 
сиеттер  -   ер  адамға  тән,  «экспрессивті»  ерекшеліктер  тізбесіндегі 
«жылулық және  мейірімділік»  -  әйелдерге  тән  (Ridgeway,  2011) деп 
белгілеген.  Конфликтология  теорияшылары  «әйелдердің  шектеулі 
ресурстарға  қолжетімділігін  төмендетіп,  билік  басында  ерлер  қа- 
луына  байланысты  сексизм  өз  жалғасын  табады»  деген  пікірмен 
келіспейді.
Дискриминация сексизмнің себеп-салдарынан пайда болған. Егер 
әйелдерді  балалармен  жүмыс  істеуге  ғана  қабілетті,  ал  ерлер  зият- 
керлік  жүмысқа  барынша  бейімді  деп  санасақ,  медициналық  оқу 
орындарына  әйелдерді  емес,  көбінесе  ер  адамдарды  қабылдар  едік. 
Дәрігерлік жұмыс орнына  ерлер я әйелдер  педиатр ретінде, ал еркек- 
тер нейрохирург ретінде жүмысқа қабылданар еді.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау