Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет110/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   147

252
8-ТА РА У
қара  нәсілді  еместер»  деп  бөліну басталды.  Еврейлер мен италиялық- 
тар  сияқты  америкалық  азиаттардың,  байырғы  америкалықтардың 
және  латынамерикалықтардың  терісінің  түсі  қоңырқай  болуына 
байланысты,  әсіресе  орта  тап  өкілдері  болса  ақ  нәсілдіге  жатқызыл- 
ды  (Frank,  Redstone&Lu  2010;  Gans  2005;  Gallagher 2004;  Lee&Bean  2007). 
Афроамерикалықтармен  салыстырғанда,  азиялықтар,  латынамери- 
калықтар  және  байырғы  америкалықтар  мен  ақ  нәсілділер  арасында 
отбасын құру жиі кездеседі. Сонымен қатар ата-анасының бірі -  ақ нә- 
сілді,  екіншісі афроамерикалық болса,  бала  өзін  афроамерикалық деп 
таниды.  Өйткені  оны  айналасындағы  адамдар  солай  қабылдайды. Ал 
жартылай азиялық немесе жартылай латынамерикалық болса оған аса 
мән берілмейді (Lee & Bean2007; Tafoya et al, 2005).
Бұл бізге не береді?
Нәсілшілдік және ұлтаралық қақтығыстар әлемдік мәселеге айналған. 
Бұл мәселе кез келген мектеп ауласында, көше бұрыштарында және сот 
орындарында белең алуда. Бірақ бұл ондай қақтығыстарды азайту не­
месе  мүлдем жою  мүмкін  емес деген сөз  емес.  Қазіргі  уақытта,  XIX ға- 
сырдағыдай, ирландтарды жұмысқа алудан ешкім бас тартпайды. 1960 
жылға дейін болғандай, еврейлерге бөлек аудандарда тұруға немесе ар- 
найы клуб мүшесі болуға тыйым салынбайды.  Нәсілдер мен этностар 
туралы пайымдар -  қоғам дамыған  сайын  өзгеріп  отыратын әлеумет- 
тік  түзілім.  Дискриминация  мен  бұрмаланған  пікірге  қарсы  күресте 
біз жасырын және заңдастырылған нәсілшілдікпен күресуіміз қажет. 
Сонымен қатар  нәсілшілдік пен этностық теңсіздікке түрткі болатын 
әлеуметтік таитар  арасындағы теңсіздік мәселесін шешумен  айналы- 
суымыз керек. АҚШ-та экономикалық дағдарыс жалғаса берсе, бұл жұ- 
мысты іске асыру қиынға соғады, солай бола тұра мұның маңызы зор.
Қорытынды
1.  Нәсіл  -   сыртқы  физикалық  ерекшеліктері- 
не  қарай  жіктелген  әлеуметтік  маңызы  бар 
адамдар  тобы.  Этностық  топ  -   мүшелерінің 
шығу тегі  бір, мәдениеті үқсас  санат.  Нәсіл де, 
этнос  та  әлеуметтік-құрылымдар  ретінде  қа- 
растырылады.
2.  АҚШ халқы нәсіл мен тапқа жіктеледі. Бүл екі 
фактор  әргүрлі  гоптардың  артықшылықтары 
мен  кемшіліктерін  айқындау  үшін  бірге  қол- 
данылады.
3.  Көпшілік  және  азшылық  топтар  тұжырымда- 
масы  аскриптивті  (белгіленген)  мәртебеге 
негізделген  жүйелі  теңсіздікті  зерттеу  аясын 
қамтиды.  Көпшілік  және  азшылық  топтар 
арасындағы  байланыстар  плюрализм,  асси­
миляция  немесе  қақтығыс  формасында  жүзе- 
ге асады.
4.  Бұрмаланған  пікір,  дискриминация,  сегрега­
ция  және  заңдастырылған  нәсілшілдік  -   бар- 
лығы  нәсілдік  және  этностық  теңсіздіктің 
орнауына  себеп  болады.  Нәсілшілдік  дальто­
низм әсерінен тіпті көпшілік топ өкілдері бұр- 
маланған пікір  негізсіз деп тапса да теңсіздік 
одан ары жалғаса  береді.
5.  АҚШ-та  ақ  нәсілді  деген  этносқа  тән  сипат 
қазір  символдық  ерекшелікке  айналды.  Осы- 
ның  нәтижесінде  басқа  белгілі  топтардың 
есебінен  «стандартты»  америкалық  деген  эт- 
носқа  тән  сипат  пайда  болды.  Дегенмен  «ақ 
нәсілді»  деп  ерекшелеу  мақсатында  болмаса, 
бұл күнделікті өмірде ескеріле бермейді.
6.  Қай  жағынан  болмасын,  АҚШ  қогамында  афро- 
америкалықтардың  орны  жоғарылады.  Солай 
бола  тұра  афроамерикалық  отбасылардың  та-


НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК
253
быс  мөлшері  орташа,  ақ  нәсілді  америкалық 
отбасылармен  салыстырғанда  әлі  де  төмен. 
Олардың  негізгі  мәселелері  -   төмен  деңгейдегі 
еңбекақы  және  әйелдер  басқаратын  отбасылар 
санының артуы.
7.  АҚШ-тагы латынамерикалықтар көбейіп және 
тез дамып келе жатқан азшылық топқа айнал- 
ды. Олардың жалпы білімі орташа және табыс 
мөлшері басқа америкалықтарға қараганда тө- 
менірек.  Дегенмен  латынамерикалықтар  Аме­
рика  мәдениеті мен  өміріне  тез  сіңісіп  кетеді. 
Испан тілді топтардың иммиграциясы жалпы 
экономиканың дамуына  көп  септігін тигізеді, 
бірақ АҚШ-тың кейбір  білімі таяз  азаматтары- 
ның табысы төмендеуіне эсер етеді.
8.  Байырғыамерикалықтар-АҚШ -тағыжағдайы 
ең төмен деңгейдегі  азшылық топтардың бірі. 
Оқшауланған  елді  мекендерде  тұратын  олар- 
дың  өмір  сүру  децгейі  мен  экономикалық 
жағдайы өте қиын.
9.  Америкалық  азиаттар  әлеуметтік  ұтқырлық- 
пен  жоғарылау  мақсатында  білім  алуға  аса 
көңіл  бөледі.  Ақ  нәсілді  америкалықтармен
Сыни ойлау
1.  Келесі елу жыл шамасында испантілді емес ақ 
нәсілді  америкалықтар  саны  жағынан  АҚШ- 
тағы азшылық топты құрайды. Сіздің ойыңыз- 
ша,  әлеуметтік  тұрғыда  олар  азшылық  топ 
болуы  мүмкін  бе?  АҚШ-та  әртүрлі  нәсілдік 
және  этностық  топтар  санының  өзгеруінен 
қандай әлеуметтік, экономикалық және саяси 
өзгерістер күтесіз?
2.  Көптеген  адамдар  бұрмаланған  көзқарас 
дискриминацияға  себеп  болады  деген  пікір- 
де.  Керісінше,  дискриминация  бұрмаланған 
пікірдің  қалыптасуына  себеп  болған  жағдай 
есіңізде ме?
3.  Сіз  танитын  адамдар  америкалық  арабтар 
туралы  қандай  пікірде  екендігін  ойлаңыз 
және  ақпарат  қүралдары  арқылы  олар  жөнін- 
де  қандай  пікір  қалыптасады?  Осы  бөлімдегі 
тұжырымдамаларды  қолдана  отырып,  «қазір- 
гі кезде америкалық арабтар ақ нәсілді болып
салыстырғанда  соңғы  уақытта  келген  иммиг- 
ранттардың жоғары білім алуға деген қүштар- 
лығы  зор. Дискриминацияға  қарамастан,  көп- 
теген  америкалық  азиаттардың  табысы  ақ 
нәсілді америкалықтарға қарағанда жоғары.
10.  Америкалық  арабтар  қарапайым  орта  тапқа 
жатады:  жоғары  білімді,  жақсы  жұмыс  орын- 
дарында  қызмет  етеді.  Көптеген  америка- 
лықтар бүл арабтар туралы жақсы көзқараста 
болғанымен  -   олар  туралы  пікір  көп  бұрма- 
ланған.
11.  Ата-анасының  нәсілі/ұлты  әртүрлі  америка- 
лықтардың өздерін аралас ұлтгы деп тану тен- 
денциясы  кейінгі  кезде  көбейіп  келеді.  Кей- 
бір  америкалықтар  өздерін  белгілі  бір  үлтқа 
жатқыза алмай, ыңғайсыз жағдайға қалады.
12.  Нәсілдік  және  этностық  теңсіздікті  жоюға 
бағытгалған  әрекеттерді  қолға  алғанда  бұр- 
маланған  пікір  мен  дискриминацияны  азай- 
туды  ғана  көздемей,  кең  көлемді  экономика- 
лық теңсіздік мәселесін шешуді де ойластыру 
керек.
санала  ма» деген  сұрақты талқылаңыз  (Ескер- 
ту: «олар ақ нәсілді деп саналуы тиіс пе» деген 
сұрақ емес, «санала ма» деген сұрақ).
4.  Бір  апталық  курс  барысында  жасайтын  бес 
іс-әрекетіңізден  тұратын  тізім  жасаңыз.  Мы- 
салы,  дүкен  аралау  немесе  достармен  кезде- 
су.  Егер  бір  күні  таңертең  үйқыдан  оянғанда, 
сіздің нәсіліңіз  афроамерикалыққа  немесе  ақ 
нәсілді америкалыққа ауысса не өзгерер еді?
5.  Кейбір  ғалымдар  бүгінгі  АҚШ-тағы  нәсіл- 
дік/этностық  теңсіздіктің  басты  себебі  жеке 
нәсілшілдікке  емес,  заңдастырылған  нәсіл- 
шілдікке  негізделген  деп  пайымдайды.  Егер 
онда  өмір  сүру  деңгейіне  қатысты  нәсілдік 
және этностық айырмашылықты азайту үшін 
саясаткерлерге қандай кеңес берер едіңіз?
6.  АҚШ-тағы  афроамерикалықтардың  жағдайы 
мен Дарфурдағы жағдайдың арасында қандай 
ұқсастық пен айырмашылықтар бар?


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау