48
Адам әлемі | 4 (74) 2017
де қателігін қайталаудың қажеті жоқ. Біздің өз жолымыз бар. Олардың жол
берген қателіктерінен, кемшін тұстарынан сабақ алуымыз керек. Қазақ ла-
тынды бұрын да қолданған. Демек, біз қазір латынға көшуге емес, оған
қайта оралуға дайындық жасап жатырмыз.
Сабырмен, ақылмен, кеңесіп шешілетін мәселені даурығып, науқан-
шылдыққа салудың қажеті жоқ. Латын қарпіне көшуді оппозиция, қоғам да,
тіпті өзге ұлыстар өкілдері де қолдайды.
Кирилл әліпбиін латын графикасына көшіру арқылы қазақ тілін
түбегейлі жаңғырту, оның коммуникативтік, ғылыми, технологиялық
әлеуетін арттыру, қазақ тілін әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару, әліпби
алмастыру арқылы рухани тәуелсіздікке қол жеткізу төңірегінде қызу
пікірталас
туып, сан түрлі ұсыныстар айтылуда.
Қазіргі заманда талай елге танымал таңбалармен, әсіресе түріктектес
ағайындармен осы әліпби арқылы байланысып, жақындаса берсек, бірлігіміз
нығайып, ынтымағымыз жараса түспей ме. Шынтуайтында тіліміздің түп-
төркіні ортақ, тереңіне үңілсек, әр сөздің мағынасын түсіне аламыз ғой.
Осы орайда қолға алып, шындап кірісіп, көшейін деп отырған әліпбиіміз
бізді туыстас ағайындармен тіпті жақындастыра түсетіні қуантады.
Жалпы латын графикасын қолданып жүрген елдердің бәрінде өзіндік
өзгешеліктер бар. Франциядағы 65 млн халық көптен бері латынды пайдала-
нады. Онда француздардан басқа өзге диаспоралар да сол елдің тілін біліп,
латын алфавитін қолданып келеді. Оған қоса француз тілінде сөйлейтін
бірқатар елдер де латын алфавитінде.
Тіл мәселесі дегенде тек бір проблемамен шектеліп қалмаймыз.
Бірталай өңірлерде сонау тәуелсіздік алған жылдардағы қалыптан көп
өзгеріске түспеген. Елді мекендердің атауы әлі ауыспаған. Коммунистік
қызыл көсемдердің есімдерінен құтылатын уақыт жетті. Ономастика жай-
ын да, ескі кеңестік атаулардан арылу керектігін дәлелдермен түсіндіре білу
қажет. Олар да ширек ғасырдан астам уақыттан бері біздің нақты қадамдарға
бара алмай жалтақтап келгенімізді біліп отыр. Бұл мәселеде қорқақтық та-
ныта беруге болмайтынын байқауға болады. Жалаң ұран, жалған патрио-
тизммен орыстілді аудиторияның бетін бері қарату мүмкін емес.
Мемлекеттік тілмен қосамжарлатып «Дәріхана –аптека», «Асхана- сто-
ловая» «Нан-хлеб», «Мектеп-школа», «Кенесары көшесі-улица Кенесары»
деп жаза берудің не керегі бар. Бір ғана мемлекеттік тілде «Дүкен», «Мек-
теп» «Емхана» деп жаза берсек болмай ма? Ол онсыз да бәріне түсінікті
ғой. Ешкім сауатсыз емес. Алайда бізде бәрі керісінше, әр тұста тек орыс
тіліндегі атаулар көп. Көшедегі жазуларға көз салсаңыз соған куә боласыз.
Бұл – Тіл туралы заңды бұрмалау.
Байқасаңыздар, Қазақпарат агенттігі бірнеше жылдан бері кирилмен
қатар латын әліпбиін де қолданып жүр. Сонымен қоса, төтенше жағдай
қызметі күнделікті хабарламасын телефон арқылы қазақ, орыс тілдерінде
Қазақ тілін латын графикасына көшіру: әлеуметтік және тарихи аспектілері
4 (74) 2017 |
Адам әлемі 49
латын әліпбиімен жариялап жүр ғой. Соны бәріміз қиналмай оқимыз, еш
қиындығы жоқ.
Енді дәл қазіргі негізгі мәселе, қазақ тілді ортаның латын әліпбиіне
өтуі болып отыр. Ал орыстілді қазақтар, өзге ұлт өкілдері сонда бұл ша-
радан тысқары қала ма?- деген мәселе ойландырады. Жазу, оқу, ары қарай
білім алу қалай болады? Бұл жікке бөлінуге апарып соқтырмай ма? Қазір
қазақ мектептеріне еліміздің сексен пайызы оқушысы баруда. Құдай көп
көрмесін, қаракөздеріміз қаулап өсып келеді. Демек, болашақта бүкіл мем-
лекетте, еліміздегі барлық мектепте латын әрпін енгізу жайын батыл түрде,
нақты дәлелдермен насихаттай беруіміз керек. Латын әліпбиіне өту –қазақ
тілін дамытудың үлкен мүмкіндігі. Қателіктер, кемшіліктер кездесе жатар,
алайда көш жүре түзеледі.
Ағылшын тілі осы заманда өндіріс саласынан бұрын материалдық емес,
виртуалды салаларға бетбұрыс жолында. Қазір ақпарат сату, технология,
озық тәсіл, коммуникация, жаңашылдық алдыңғы қатарға шыққан. Вирту-
алды сала бүгінде шындыққа айналды. Бұл обьективті қажеттілік, ғылыми,
саяси, философия бос қиял емес, шынайы болмыс. Сондықтан ізденіспен
ілгері дамуды ойлаған барша жұрт бұл ұсынысты қолдайды. Осыны зерде-
леген бүкіл әлем – орыс та, қытай да, өзге де дамыған
мемлекеттер, тіпті
Ұлыбританияның езгісінде болған Үндістан да ағылшын тілі арқылы алға
дамуды ойлаған. Ал Малайзия, Сингапур елдері де алдыңғылар қатарында.
Осының бәрі латын әлпбиін меңгерген ағылшын тілді мемлекеттер. Де-
мек, ағылшын тілін меңгеру, латын әліпбиіне өту – жаңа деңгейге көтерілу,
қарыштап алға ұмтылу, өркендеу. Білімді, келешекті ойлайтын, көрегенді
орыс және басқа ұлттың озық өкілдері мұны қуаттап отыр. ЭКСПО кезінде
алты мыңдай еріктілер көрмеге келген қонақтарға ағылшын тілінде қызмет
көрсетіп, тәжірибеден өткен. Олар үшін де латын әліпбиін меңгеру еш
қиындық тудырмайды.
Латын әліпбиіне қатысты таяуда Парламент сенатының төрағасы
Қасымжомарт Тоқаев мырза осы нұсқаның кейбір кемшін тұстарын қайта
қарау, түзету тұрғысында орынды пікір айтты. Осы айтқаны көкейге дөп
қонады.
Бізден өзге туыстас, тамырлас Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркімения
елдері тәуелсіздіктің алғашқы он жылында латын әліпбиіне көшіп алғаны
баршаға белгілі. Ал біз алды-артымызды болжап, араға біраз жылдар салып,
осы қадамға енді барып отырмыз. Тоқсаныншы жылдары біз үшін әліпби
ауыстыру ерте болса, ертең кеш болар еді. Яғни Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдары өмірге келген жастар ендігі жерде кирилл әрпімен жүре берген-
нен ұтылмаса, ештеңе ұтпайды. Бұдан былай уақытты ұттырмай, заман та-
лабына сай қадам басу керек. Тәуелсіздік құрдастарына латын әліпбиіне
көшу қиындық тудырмайды. Сондықтан осы
кезең Мемлекет басшысының
дәл уақытында қабылдаған ұтымды шешімі.
Бейісбаев С. Жаңа әліпбиге қатысты тәжірибені сараласақ